2.2. Дәйектер мен тұжырымдар
Сізге мәлім болғандай, біз өз ойымызды сөйлем
түрінде қалыптастырамыз. Сөйлем грамматикалық
тұрғыдан ұйымдасқан сөзді көрсететін тілдік бірлік болып
32
табылады. Сөйлемді бекітіліммен шатастыруға болмайды.
Бір сөйлемде бірнеше бекітілім болуы мүмкін. Мысалдар
қарастырсақ:
Жанат:
Айзада үйде отырғандықтан теледидар
қарайды.
Берілген сөйлемде екі бірдей бекітілім бар: 1) Айзада
үйде отырады және 2) Ол теледидар қарайды. Егерде
біз бұл сөйлемді бір бекітілім деп есептесек, аргументті
байқамай қалар едік. Бірінші бекітілім, «Айзада үйде
отырғандықтан», екінші бекітілімнің, «ол теледидар
қарайды»-ның жасалуына негіз болатын себеп қызметін
атқарады.
Бір немесе одан да көп сөйлемде бір ғана бекітілім
болатын кездер де болады. Көбінесе мұндай жағдай мәтінде
негізгі идеяны қайталаудан пайда болады. Мысалы,
төменде Данияр бір бекітілімді екі рет қайталайды:
Данияр:
Меніңше, Бурабайда бүгін ауа райы жылы деп
ойлаймын. Мен Көкшетауға арналған ауа райы болжамын
қарап, Көкшетауда күн жылы болатынын білдім. Ал,
Көкшетау Бурабайдан 100 шақырым жерде ғана орналасқан.
Ендеше, Бурабайда күн жылы болатынына сенімдімін.
Сонымен, тұжырымға дәлел ретінде ұсынылып отырған
бекітілімдер дәйек деп аталынады. Дәйек қызметін атқара
алатын тұжырымдардың сан алуан түрлері бар. Жалпыға
танымал аргументтер, ортақ принциптер, аксиомалар,
сауалнамалар мен тәжірибе нәтижесі, статистикалық
мәліметтер және басқа да аргументтер дәйектің бір
бөлігі бола алады. Ал, оларды сенуге болатын беделді
мәліметтер түрінде берілетіндіктері біріктіреді. Кез-келген
аргумент қалай болғанда да аргумент құрылымының өзіне
негізделіп немесе тексеріле алмайтын дәйектерден құрала
33
алады. Осыған байланысты адамдар өз аргументтерін
бұған дейін қабылданған және ақиқатқа сәйкес келетіндігі
оңай тексерілетін дәйектерден бастайды.
Аргументтердегі дәйектер:
“неге?”, “неден?”, “не үшін?”,
“қандай себептен?”
сияқты сұрақтарға жауап беруге
көмектеседі. Негізінен дәйектерде индикатор да болады.
Кең тараған дәйектер енжарлығы төмендегі кестеде
көрсетілген.
|