2.7. Шамалап түсінетін қорытынды
Көптеген адамдар тыңдаушы мен оқырман «өзі
тұжырым жасасын» деген оймен бір нәрсені соңына дейін
айтпастан немесе өз дерегін қорытындысыз қалдыруы
мүмкін. Ал, адамдар да келтірілген барлық дәйектерге
бекітілген емес, тек қана қалған дәйектерді меңзейтін
аргументтерді келтіруі мүмкін.
Автор қорытындыны өздігінен құралады деп және
қосымша мүмкіндіктерді енгізген кезде ғана қорытынды
шамалап түсінетіндей қасиетке ие болады. Қалай дегенмен
де, аргументті бағалаудан бұрын берілген дәйектің қайда
алып келетіндігін түсінуіміз керек. Мысалы:
Жұмыстың көп бөлігін (75%) Олеся орындайды. Олеся
өзінің өнімділігімен ерекшеленіп тұрады. Алайда, ол
шығарған өнімінің тек қана 30% алады.
Шындығында мұндай дәйектер жиынтығы аргумент
болып есептелмейді. Себебі, бұл жерде қорытынды жоқ,
тек қана дәйектер. Контекс бойынша автор «Олеся бұдан
көбірек алуы қажет» дегенді айтқысы келген болу керек.
Бәлкім, автор Олесяға жұмыста табандырақ болуды
меңзеген болу керек. Егерде оқырман мен тыңдаушыны
жұмбақта қалдырмай аргументте қорытынды келтіретін
болсақ, мұндай анық емес дүниелерден аулақ болуға
болады. Алайда, критикалық ойлай алатын адам үшін
52
бұл өз-өзіне сұрақ қоюдың, тұжырымдаманы ақылмен
саралаудың, өз жорамалын жасап және тәжірибе түрінде
мүмкін болатын өз дерегін құрудың тағы бір мүмкіндігі
болып табылады. Бұл үшін Сізге қазір осы бөлімнің не
туралы айтылғандығын практикалық түрде санаға құйып
алу керек.
53
РЕЗЮМЕ...
•
Аргумент сөзі латынның
argumentum
, яғни:
1. айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық
дәйек;
2.
математикада
тәуелсіз ауыспалы шама.
•
Кейбір ғалымдар критикалық ойлауды «түсінудің
белсенді, жүйелі процесі ретінде» анықтайды.
•
Критикалық ойлаудағы
аргумент
тұжырымдамаларды
растауға келтірілген аргументтер, себептер, дәйектер
мен мысалдардың қорытынды жиынтығы дегенді
білдіреді.
•
Тұжырымға аргумент ретінде ұсынылып отырған
бекітілімдер дәйек деп аталынады. Дәйек қызметін
атқара алатын тұжырымдардың сан алуан түрлері бар.
Жалпыға танымал аргументтер, ортақ принциптер,
аксиомалар, сауалнамалар мен тәжірибе нәтижесі,
статистикалық мәліметтер және басқа да аргументтер
дәйектің бір бөлігі бола алады. Ал, оларды сенуге
болатын беделді мәліметтер түрінде берілетіндіктері
біріктіреді.
•
Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”,
“қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге
көмектеседі. Дәйектерде кеңінен тараған индикаторлар:
солай болғандықтан, себебі, осыған байланысты, осыдан
кейін, осының салдарынан, осының арқасында, осылай
болғандықтан.
•
Тұжырымдама
деп – бастапқы ақпарат пайымдау
(алғышарт, дәйектер), жаңа пайымдауға – қорытындыға
айналатын талқылау процесін атайды. Қорытындыда
кеңінен тараған индикаторлар:
сондықтан да, осыған
сәйкес, осыған байланысты, осыдан келіп.
54
•
Кейбір бекітілімдер мағынасына қарай, бір мезетте
дәйек
п
ен тұжырымдаманың қызметін атқара алады.
Мұндай бекітілімдер аралық
дәйектер
деп аталынады.
•
Критикалық ойлау түсінігінде «жорамал» сөзі
өздігінен
болатын деп есептеледі. Бірақ, анық дәйек бола
алмайды. «Жорамал» сөзі
нақты айтылмаған, тек қана
нұсқап көрсеткен
нәрселерді білдіруде қолданылады.
|