Мен Головкиннің Штурманы
жеңетініне сенімдімін.
2.5. Жорамал және болжамдар
Біз аргументтің екі негізгі компоненті – дәйектер
(себептер) және тұжырымдарды (қорытындыларды)
талқыладық. Егерде біз дәйектер мен тұжырымдар түрінде
және аргументтер осыған негізделетін жорамалдар мен
болжамдарды қарастырмайтын болсақ, аргумент туралы
түсінігіміз толық болмайды.
Критикалық ойлау контексіндегі «болжам» мен
«жорамал» сөзінің қандай мағына беретінін анықтау үшін,
алдымен күнделікті ауыз екі сөйлеу кезіндегі бұл сөздердің
мағынасын қарастырып алайық. Мысалы: Қызы әкесіне
кітапханаға бара жатқанын айтады, ал, әкесі оған жауап
ретінде: «Жеке басыңды куәландыратын құжатыңды алып
ал. Себебі, сені кітапханаға кіргізбей қоюы мүмкін». Қызы
былай жауап берсе де болатын еді: «Сіздің болжауыңызша,
43
жеке басты куәландыратын құжат барлық жерде қажет пе?
Бірақ, сіз қателесесіз. Студенттік билет болса жеткілікті».
Бұл жерде қыз бала әкесінің қателігін көрсету үшін
«болжам» сөзін қолданып отыр. Міне, осылай күнделікті
алдын
-
ала пайымдауда, бір нәрсені болжауға байланысты
«болжам» сөзі қолданылады. Көбінесе контекс бойынша
«болжам» қате болып келеді. Мысалы: «Пенде болжайды, ал
Жаратушы орнына қояды» тіркесінде осыны жобалайды.
Егерде «Болжамды» күнделікті оның мағынасында
түсінетін болсақ, ақиқат болуы да, болмауы да мүмкін
дәйек пен тұжырым ретінде қабылдай беруімізге болады.
Оның үстіне аргументтерді бағалаушылар негізінен
дәйектер, тұжырымдар мен болжамдар арасында
өзгешелік жасайды. Біз аргументтегі болжамдарды
талқылаудағы мақсатымызда осы тәжірибе ізімен жүретін
боламыз. «Болжам» сөзін өз-өзімен мақұлданатындай
етіп қолданатын боламыз. Дәл осы нақты атап көрсету
болмағандықтан, «болжам» «дәйектен» өзгеше болып
тұрады. Аргументте болжамның ақиқаттығын растайтын
сенімді аргументтің болуы шарт емес. Және де мұндай
сипат «болжамға» ғана емес, «аргументтерге» де тән. Біз
өте абай болып, «былай болатын болса», «осылай болады
десек» деп басталатын әрбір тұжырымдарды өз түсінігіміз
бойынша «болжам» деп қабылдамауымыз керек. «Болжам»
сөзі біз үшін
нақты көрсетілгенді белгілеп беру үшін емес,
тек жобалауға қолданылады.
Осыған орай, аргументтегі
болжамның бар екендігін көрсететін ешқандай да арнайы
индикатор-сөзі болмайды.
Әрбір аргумент үшін қолданылатын көптеген
болжамдар түрі бар. Кей кездерде бұл болжамдардың анық
болатындықтары соншалық, біз олардың ұқсастықтарына
қызығушылық танытпаймыз. Кейбір жағдайларда, оның
44
үстіне біз критикалық ойлаушы ретінде аргумент күмәнді
болжамға негізделгендігінен күдіктеніп, сұрақтар қоя
бастаймыз. Аргументті сауатты бағалау мақсатында біз
үшін мұндай болжамдарды тауып, көрсету маңызды болып
келеді.
Біз бұл жерде болжамның аргументтегі қызметін
көрсететін маңызды бағытына назар аударатын боламыз:
біріншіден, аргументте негізгі аргументтерге қолдау
көрсету үшін берілген; екіншіден, аргументтегі түсіп қалған
деңгей ретінде. Мұндай дәрежеде болжам логикалық ой
пайымдауға қажетті
қосымша дәйек
қызметін атқарады.
Сондай-ақ, болжам
аралық тұжырымдама
ретінде
көрсетіліп, өз кезегінде негізгі қорытындыны қолдауға
бағытталуы мүмкін. Ал, енді кейбір мысалдарға сүйене
отырып, осы екі жағдайда болжамның қолданылуын
зерттесек.
Келесі аргумент негізінде жатқан болжам, болжамды
аргументтің
негізгі
себептерінің
бірін
қолдауға
пайдаланылғандығы туралы мысалды көрсетеді.
Астана тұрғындары арасындағы 25% ересек адамдар
әлі күнге дейін шылым шегеді. Олардың әрқайсысы
шылым шегу өкпе ауруының қатерлі ісігіне, жүрек
ауруларына алып келетіндіктерін білетіндіктері анық.
Сондықтан да адамдарға тек қана шылым шегудің қауіпті
екендігін ескерту, олардың шылым шегулерін қоюына
көмектесулеріне жеткіліксіз болып табылады.
Бұл аргумент екі бірдей дәйектен және бір
қорытындыдан тұрады:
1-ші дәйек: Астана тұрғындары арасындағы 25%
ересек адамдар әлі күнге дейін шылым шегеді.
2-ші дәйек: Олардың әрқайсысы шылым шегу өкпе
45
ауруының қатерлі ісігіне, жүрек ауруларына алып
келетіндіктерін білетіндіктері анық.
Мұндай аргументтерде негізгі себептер біз оңай
тексере алатын жақсы аргументтермен бекітілуі,
немесе аргумент
к
е сүйенулері мүмкін. 1-ші дәйек
сенімді
статистикалық
мәліметтер
келтірілген
жалпыға
мойындатылған
аргументтер
болып
табылады немесе аргумент авторы қате жіберіп,
шылым шегуші тұрғындар үлесі біршама басқаша
болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда нақты мәліметтер
біздің қорытындымызға айтарлықтай маңыздылыққа
ие болмайды. Себебі, тұрғындардың белгілі бір бөлігі
әлі күнге дейін шылым шегетіндіктері түсінікті және
өкінішке орай біз бүгінде қасіретті тәуелділіктің
куәгері болып табыламыз. 2-ші дәйек, 1-ші дәйекпен
сәйкестене отырып, біздің қорытындыны қолдайды.
Сонда да 2-ші дәйек «білетіндері анық» деген сөзді
қолданғандықтан да ақиқи және шынайы болып
көрінеді. «Олардың әрқайсысының білетіндіктері анық»
тұжырымы адамдардың шылым шегудің зияны жайлы
ақпараттанғандықтарын күтуге негіз болатындығын
білдіретін белгілі бір себептің бар екендігін болжайды.
Бәлкім автор елімізде шылым шегуге қарсы және
салауатты өмір салтын дәріптейтін кең ауқымды акциялар
өтуін, немесе әлеуметтік желілерде анти жарнамалардың
пайда болуын қалайтын болу керек. Бәлкім, мүмкін автор
өз балконынан қаладағы жалғыз ғана шылым шегуге
қарсы тақтайшаны көріп, барлық еліміздің тұрғындары өзі
сияқты тақтайшаға ашулы жүзбен қарап, өз іс-әрекетінің
санасыздық екендігін түсіне отырып, жиіркенішті түрде
темекі түтінін жұтады деп шешкен болар.
Міне, сондықтан да автор болжамының ақиқаттығы
46
келесі факторлерге байланысты болады:
1. Көптеген адамдар расымен шылым шегудің денсау-
лыққа зияны жайлы ақпаратқа ие;
2. Олар мұндай ақпаратты түсіне алады;
3. Олар мұндай ақпаратты шындық деп қабылдайды.
Ақылға сиымды жорамал екендігіне қарамастан,
кейбір адамдар шылым шегу мен денсаулық арасындағы
байланыстың себебіне күмәнді қараулары
мүмкін.
Тіпті, егерде біз бұл жорамалды күмәнді етпесек
те, көрсетілген мысал салмақты аргумент негізінде
жатқан әлеуетті қайшылықтағы жорамалдарды қалай
анықтайтындығымызды
көрсетеді.
Мұндай
анық
жорамалдарды анықтау аргументтерді бағалаудағы басты
47
құрал болып табылады. Алайда, бұл біздің келесі бөлімдегі
тақырыбымыз.
Жорамалға қатысты келесі мысалды төмендегі мәтін
негізінде қарастыратын боламыз:
Адамдарға көмек сұрау мен жәрдемдесу тән болғандық-
тан көшіріп жазу жағдайы ешқашан жойылмайды. Бірақта,
жалпы көшіру жағдайларының санын айтарлықтай
азайтуға болады. Мұндай мақсатқа жетудің ең жақсы әдісі
емтихан кезінде оқушылары көшіріп жазған мұғалімдерге
жаза қолдану болып табылады. Мұндай саясат, әділетсіздік
болып көрінуі мүмкін, бірақ басқаша жол жоқ.
Бұл үзінді оқушылары көшіріп жазған мұғалімдерді
жазалауды ұсынып отыр. Аргумент авторы жаза туралы
қорқыту мұғалімнің мінез-құлқына өзгеріс енгізеді деп
санайды. Сонымен қатар, автор мұғалімдер көшіріп
жазудың алдын алу үшін қолдарынан келгеннің барлығын
жасамай отыр дегенді алға тартады. Автор осылай
мұғалімдер оқушылардың академиялық шынайылығына
расымен әсер етеді деп сенеді.
Болжамдардың екеуі де мұғалімдерді жазалау арқылы
қорқыту олардың оқушыларының арасында көшіруді
азайтады деген қорытындыға қолдау мақсатында дәйек
ретінде келтірілген. Мұндай саясаттың тиімділігіне
қарамастан, автордың қорытындысы біршама үзілді-
кесілді болып отыр. Өйткені, автор мұғалімдерді жазалау
«мұндай мақсатқа жетудің ең тиімді әдісі» болып
табылатын өз ұстанымын ештеңемен негіздемеді. Яғни,
аргументте көшіру дәрежесін төмендетуде басқа ешқандай
да әдіс мұншалықты тиімді болмайтынын көрсететін
тағы да бір жорамал болады. Автор әлі де қарастырмаған,
басқа да тиімді әдістің болуы мүмкіндігінен бұл жорамал
48
соншалықты негізді болмайды. Ал критикалық ойлай
алатын адам ретінде сіз бұл туралы не дейсіз? Сіз жоғарыда
көрсетілген мақсатқа жету үшін қажетті тиімді әдісті
білесіз бе?
Достарыңызбен бөлісу: |