40
алғанда қоғамдық орындарда шылым шегуге қарсы пікір
қалыптастыра алған. Себебі, ол шылым шегудің қоғамға
әкелер зияны туралы дәйектер келтіріп отыр. Николайдың
қорытындысы: Шылым шегуге тиым салу қажет (
қоғамдық
орындарда). Николай оқырмандарда «Неге?»
деген сұрақ
пайда болатынын түсінеді. Сондықтан да ол өз ұстанымын
негіздеуді жөн санайды. Оның басты дәйегі: қоғамдық
орындарда шылым шегіп тұрған адамды көрген балалар
үлкендерге еліктегісі келеді.
Николайдың ойы бойынша,
егерде қоғамдық орындарда шылым шегудің алдын алар
болсақ, осының нәтижесінде
балалар арасында шылым
шегудің де алдын алуға болады.
Достарыңмен бірге талқылауға арналған сұрақ:
Қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салу қажет
пе? «Қоғамдық орын» түсінігіне анықтама беріңіз.
2.3. Аралық қорытынды
Бекітілімдердің
барлығы дерлік дәйектер мен
тұжырымдардың қатаң категориясына жата бермейді.
Кейбір бекітілімдер мағынасына қарай, бір мезетте дәйек
пен тұжырымдаманың қызметін атқара алады. Мұндай
бекітілімдер аралық қорытындылар деп аталынады.
Мысалдарды қарастырайық:
Әпкесі:
Далада адамдар күртешемен жүр. Далада күн
суық болуы керек. Сондықтан да жылы киін.
Бұл аргументтегі негізгі қорытынды – «жылы киін»
болып отыр. Мұндай қорытынды үшін
дәйек ретінде өз
кезегінде ойша пайымдау «далада күн суық болуы керек»
- «жылы киін» дерегіндегі негізгі қорытынды болып отыр.
Мұндай қорытындыдағы дәйек болып өз кезегінде «Далада
адамдар күртешемен жүр» тұжырымына сүйенген «Далада
41
күн суық болуы керек» - деген пайымдау қызмет етіп
отыр. Яғни, аралық тұжырым болып бірінші сөйлемнен
(Далада адамдар күртешемен жүр)
шығып,
соңғы негізгі
қорытындыға алып келетін
(Сондықтан да жылы киін)
екінші сөйлем
(Далада күн суық болуы керек)
болып отыр.
Аргументтерде кездесетін
аралық тұжырымдар саны
бірнешеу болуы да мүмкін. Тағы да бір мысал қарастырып
көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: