Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

РЕЗЮМЕ...
• 
Ырым сөзі ежелгі славянның суе – «босқа», «жалған» 
сөзінен шыққан. «Ырым – дегеніміз бір нәрсеге қате
сандырақ, бос, жалған сену; ғажайыпқа, таңғажайыпқа, 
сәуегейлікке, балгерлік пен белгілерге, аяндарға сену; 
ешбір себеп пен байланыс жоқ жерде себеп пен салдарға 
сену болып табылады». Ырым – көп өлшемді, әртүрлі 
бағыттары бар: тұрмыстық, сандық, болашаққа, жолы 
болғыштық пен жолы болмауына, адамның мінезіне, 
табиғи және ғажайып құбылыстарға және т.б. қатысты 
болып келеді.
• 
Біріншіден, ырымшыл адамдар көбінесе ырымның 
негізгі шығу тарихы жайлы ойланбайды. Екіншіден, 
көптеген адамдар егерде олар көп жағдайлардың ішінде 
бір рет қана дұрыс айтқан болса да өз сенімдерін белгі 
күшіне бекітеді. Үшіншіден, оптимистік тұрғыдан 
ырымшыл адамдар болады. Олар барлық белгілерді 
өз пайдасына «орайластырады». Төртіншіден, өздері 
жаңа белгілер ойлап табатын «креативті бейнелер» деп 
аталатын ырымшылдар бар.
• 
Қазақтар арасында құмалақпен ашатын бал кең 
тараған. Бірақта, таспиқпен бал ашу, жануардың жамбас 
сүйегімен бал ашу және түңгі аспанмен бал ашу сияқты 
басқа да бал ашудың түрлерін қолданған.
• 
Балгерлер абстрактлы және нақты емес, мыңдаған 
мағынаға ие бола алатын тілді жиі қолданады. Көп 
балшылардың байқампаз келетіндігін атап өту керек. 
Сонымен қатар, олар жақсы психолог болып табылады!
• 
Астер (ἀστήρ) – «жұлдыз», номос (νόμος) - «әдет-ғұрып, 
заң», логос (λόγος )- «ілім». Алайда, егер астрономия 
– бұл аспан денелерін және олардың жүйелерінің 


191
орналасауын зерттейтін ғылым болса, астрология – 
бұл тек қана аспан денелерін зерттейтін ілім емес, 
аспан денелерінің іс-әрекетінің адам тағдырына 
қатысын зерттейтін былайша айтқанда, псевдо-ғылым 
болып табылады. Егерде астрономдар – ғалымдар 
болса, ал, көптеген астрологтар көбінесе балгерлер, 
әртүрлі дүниелерді, болашақты қоса болжаушылар 
категориясына жатады.
• 
Ежелгі астрологтар жыл бойы Күннің айналып жүретін 
аспан әлемінің үлкен шеңберін эклиптика деп атаған. 
Басқаша айтқанда, эклиптика — Күннің айналасында 
Жердің айналу жазықтығы. Эклиптика- топ жұлдыздар 
бойынша 12 бөлікке бөлінеді. Астрологтар адам 
туылған кездегі эклиптиканың жоғары көтерілу 
нүктесі оның өміріне әсерін тигізеді деп сендіреді. 
Бұл нүкте жұлдыз жорамал деп аталады. Астрологтар 
адамдардың болашағы мен тағдыры жайлы болжам 
жасау үшін «жұлдыз жорамал құрастырады».
• 
Көп жағдайларда керемет қорқынышты елес деп 
жүргендері кәдімгі табиғи құбылыстар болып шыққан. 
Ал, оқиға болған жерді мұқият талдап көрсе «елестерді» 
көру себептерін анықтауға болады. Көбінесе, елестерді 
көру иллюзиясы жалғыздықты сезініп жүрген халдегі 
немесе көп уақыт оңаша қалған адамдарда болады екен. 
Мұндай жағдайда адам кез-келген дыбысқа, көлеңкеге, 
желден болып қозғалған шымылдықтың қимылына, т.б. 
дүниелерге аса сезімталдық танытуы мүмкін. 
• 
БҰО бақылауда айқындалған жағдайлар бойынша көбісі 
космостық денелердің сынығы жасанды Жер серігі 
болып шыққан. Кейбір бақылаулар найзағаймен және 
басқа да атмосфералық құбылыстармен байланысты 
болған. 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет