7.6. БҰО (Белгісіз ұшқыш обект, НЛО)
Бұқаралық ақпарат құралдарында куәгерлер белгісіз
ұшқыш обекті жайлы дәлелдер жөнінде өте сирек айтады.
Алайда, бұл оқиғалар басқа жаңалықтарға қарағанда өте тез
тарайды. Және олар таңқаларлық-сенсация бола бастайды.
Өткен жүз жылдық тарихында иұндай таңқаларлық оқиға
ретінде АҚШ, Аргентина, Бразилия, Ресей, Израйл, Қытай,
Франция елдеріндегі БҰО көзімен көргендердің куәлік
етуі болған еді. Бір жағдайда БҰО құрастырылған табақ,
самолет, отты шар тәрізді болса, келесі бір жағдайда адам,
шылым, немесе диск пішіндес болып келген.
Бүгінде БҰО көзімен көргендердің ақпараттарын
тек қана журналистер емес, Youtube сияқты әлеуметтік
желілерді қолдану арқылы көзімен көргендердің өздері де
бере алады. Ол үшін оған болған оқиғаны фотоаппаратқа
немесе бейне камераға түсіріп алу ғана қажет. Бүгінгі таңда
интернетке қолжетімділік көпшілікке әртүрлі ақпаратпен
бөлісуге мүмкіндік береді. Бірақ, өкінішке орай белгісіз
ұшқыш обекть жайында асығыс «бөліскен» (интернетке
орналастыру) видео кейбір кезде соңында көпшілікке
танымал белгілі обекть немесе құбылыс болып шығатын.
БҰО бақылауда айқындалған жағдайлар бойынша
көбісі космостық денелердің сынығы жасанды Жер серігі
189
болып шыққан. Кейбір бақылаулар найзағаймен және
басқа да атмосфералық құбылыстармен байланысты
болған. Тұрғындарға жария етілмеген ракета ұшырудағы
қалдықтарды БҰО ретінде қабылдаған жағдайлар да
болған. Алайда, барлық бақылауларды танып, түсіндіру
мүмкін болмағандықтан көп адамдар белгісіз ұшқыш
обектьілерді бөгде планеталықтарға жатады деп санаған
және әлі де солай санап келеді. Ал, бөгде планеталықтар
бар ма жоқ па – ол әркімнің пайымдауына байланысты.
Негізінен
белгілер
мен
ырымдарға,
бөгде
планеталықтардың бар екендігіне, елестерге, полтергейста
құбылысына, балгерлерге сенуге – әркімнің де қақысы
бар. Алайда, жоғарыда атап көрсеткен құбылыстардың
соңында көбінесе қарапайым ғана түсінік тұратындығын
ұмытпаңыз. Және де бұл түсініктерді сұрақ қоюды жақсы
көретін, сол сұрақтарға ырым негізінде емес, дұрыс
жауаптарын таба алатын критикалық ойлай алатын адам
ретінде Сіздің өзіңіз жасай аласыз.
190
Достарыңызбен бөлісу: |