Т. Т. Мельдеханов, Ж. А. Иманбекова, Ф. А. Бимурзаева


Нефроздық (нефротикалық) синдром



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#134744
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БҮЙРЕК-ДЕРТІНІҢ-«КІШІ-ЖӘНЕ-ҮЛКЕН»-СИНДРОМДАРЫ.-БҮЙРЕК-ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ

Нефроздық (нефротикалық) синдром. 
Нефротикалық синдром 
біріншілік
(липоидтық нефроз) және 
екіншілік 

гломерулонефритте, пиелонефритте және кезкелген протеинуриясы тәулігіне 3 г астам күйде қабаттаса жүретін бүйректің
басқада ауруларында көріністе болуы мүмкін. Оның 
патогенезі
айтарлықтай айқын гипергидратациядан ісіну синдромы және 
гиперлипидемияның қалыптасуы, қанұюының жоғарылауы және иммунитеттің төмендеуімен қабаттаса тіркестікте дамуына
байланысты болады.
Нефроздық ісінудің негізгі механизміне жатады: 
1.
қанда онкостық қысым мен ОПСК (онкотикалық пәрменді сору күші) төмендеуі; 
2.
екіншілік альдостеронизм; 
3.
лимфалық (лимфаағымдық) жеткіліксіздік. Бұл жағдайда анасарка (бүкіл дененің және дене мүшелерінің ісінуі), іш шемені және 
басқада су тұтылулары дамуы ықтимал. 
Анемия.
Бүйрек дерті бар ауруларда анемия жиі кездеседі. Оның дамуының патогенезін бірнеше факторлар анықтайды: ЮГА –да 
эритропоэтиндердің өндірілуінің азаюы; гематурия және протеинуриямен қабаттаса бірге жүретін созылмалы бүйрек 
жеткіліксіздігінде несеппен эритроциттер, темір, трансфериндер жоғалтылады; уремиялық токсиндердің және эритропоэз 
ингибиторларының әсерінен (созылмалы бүйрек жеткіліксздігіне тән) 
темірдің гемге қалануы
бұзылады, 
нәтижесіз
эритропоэз 
арта түседі, сүйек кемігі зақымданады. 
Қортынды. 
Бүйрек организмде аса маңызды ағза, ол организмде гомеостазды қамтамасыз ететін мүше. Бүйрек айналымдағы қан 
көлемі (АҚК) мен сұйықтықтардың қалыпты (изоволемия) күйде болуына болысады, сұйықтықтарда осмос белсенді заттардың 
концентрациясының қалыпты (изотония) болуын, иондық құрамы мен қалыпты осмолярлығын (изоиония) қамтамасыз етеді; қан 
плазмасының рН реттелуіне қатысады; азоттық алмасудың соңғы өнімдерін сыртқа шығарады; артериалық қан қысымын, 
эритропоэзді және гормоналдық статусты реттеуде маңызды рөл атқарады. Бүйрек патологиясында барлық аталған функциялар
бұзылысқа ұшырап, олар нефропатияға тән симптомдарға кіші және үлкен синдромдарға әкелуі мүмкін. Несептүзілуі, 
несепшығарылуы, экскреторлық және секреторлық үдерістердің айқын бұзылысы нефропатияларда, бүйректің үлкен 
синдромдарында байқалады. 
 


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1
Гайтон Артур К., Холл Джон Э. Медицинская физиология, учебник. - М.: Логосфера, 2008. - 1296 с.
2
Джеймс А.Шейман Патофизиология почки. Перевод с английского. - М.: БИНОМ, 2016. - 206 с. 
3
Жангелова М.Б. Клиническая лабораторная диагностика, учебно-методическое пособие. – Алматы: 2012. - 60 с. 
4
Литвицкий П.Ф. Клиническая патофизиология, учебник. - М.: Практическая медицина, 2016. - 776 с. 
5
Г.В.Порядин Патофизиология. Курс лекций, учебное пособие. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. - 592 с. 
6
В.В.Новицкий Патофизиология. Учебник. Том 2. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2013. - 629 с.
7
Ю.В.Наточин Современный курс классической физиологии. - М.: 2007. - 384 с. 
8
Физиология человека. Перевод с английского. Том 4. – М.: Мир, 1986. - 312 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет