23
“ Литосфера” тарауы бойынша тапсырмалар
1-тапсырма. Гейзер.
Исландия аралында гейзер алқабы бар. Ол Рейкьявиктен
жүздеген км қашықтықта жатыр.
Дәл осы жерде Исландияның
алғашқы қоныстанушыларын таңқалдырған атақты Үлкен гейзер
орналасқан. Бұл –еуропалықтар куә болған алғашқы табиғи,
ыстық субұрқақ. Үлкен гейзердің 3м
өзегі әктасты туфтан
жасалған кесеге ұқсайды.Гейзер бар күшін жинап, суды 40-60 м
биіктікке қатарынан 3 рет лақтырады. Бұл «салют» 10 мин
созылады.
Сұрақ:
Гейзердің жиі атқылауына немесе белсенділігінің
артуына не себеп болады?
Жауабы
: Жер сілкінісі.
2-тапсырма.
Лоркадағы жер сілкінісі
Испанияның Лорка қаласы жер сілкінісі жиі болатын аймақта
орналасқан. Онда 2011 жылдың мамыр айында жер сілкінді.
Геологтардың пікірінше бұл
жер сілкінісі бұрынғыларына
қарағанда адам әрекетінен болуы мүмкін. Олардың болжауы
бойынша жер асты суларын
жер бетіне шығару жақын
орналасқан жарылған жердің қысымына ықпал еткен.
Нәтижесінде жер сілкінісі пайда болған. Сол қалада тұратын
студент өз қаласындағы жер сілкінісі үшін қатты алаңдайды. Ол
шағын зерттеу жүргізгісі келеді.
Сұрақ:
Студент жер асты суларын
жер бетіне шығару жер
сілкінісін тудырууы мүмкін екенін бағалау кезінде мына
сұрақтардың қайсысын қарастыруы қажет?
А. Аймақтағы қыртыста жарықтар бар ма?
Б. Аймақтағы жерден тартылатын су ластанған ба?
24
С. Аймақтағы қыртыс табиғи
себептер әсерінен қысымға
ұшыраған ба?
Д. Орташа есеппен алғанда аймақтағы күндізгі температура
қандай?
Достарыңызбен бөлісу: