Құрамы және маңызы Та қ ырыбы


Топырақтардың гранулометриялық құрамы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата08.12.2023
өлшемі2,88 Mb.
#135083
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 дәріс

Топырақтардың гранулометриялық құрамы
Топырақ және топырақ түзуші жыныстардың қатты фазасы әртүрлі көлемді 
бөлшектерден құралған бұлар гранулометриялық элементтер деп аталынады. 
Н.А.Качинский бойынша келесі фракцияларды ажыратады: тас, қиыршық тас, 
құм, тозаң, лай.
. Гранулометриялық элементтердің қасиеттері мөлшеріне тәуелді өзгереді.
Мөлшері немесе қасиеттері жақын бөлшектенуі фракцияларға біріктіреді.
Мөлшері бойынша бөлшектерді фракцияларға топтау гранулометриялық
элементтер классификациясы деп аталынады.
Сонымен қатар 1 мм-ден ірі барлық бөлшектерді топырақтың қаңқа бөлігі
деп атайды, 1 мм-ден ұсақ бөлшектер топырақтың өзін құрайды.



Топырақтың механикалық құрамы деп оның көлемі жөнінен әртүрлі 
түйіршік бөлшектерден тұратынын айтады. Топырақ түйіршіктері 
неғұрлым майда болса, соғұрлым топырақтар балшықты-сазды 
келеді. Ал топырақ түйіршіктері ірілеу болған жағдайда ол құмдақ 
немесе құмды келеді. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер 
мен ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, бұл топырақтар құм-
балшықты топырақтар болып саналады. Əдетте, топырақ негізінен 
майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратын болғандықтан, түйіршік 
көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал диаметр 
ұзындығы мм-мен есептелінеді. Еліміздің топырақтану саласындағы 
ірі ғалым профессор Н. А. Качинскийдің зерттеуі бойынша, топырақ 
құрамындағы түйіршіктер өздерінің көлеміне қарай: диаметрі 3 мм-
ден іріректері – тастар, 1 мм-ден 3 мм-ге дейін – ірі құм, 0,25 мм-ден 1 
мм-ге дейін – орташа құм, 0,05 мм-ден 0,25 мм-ге дейін – ұсақ құм, 
0,01-деп 0,05-ке дейін – ірі шаң, 0,001-ден 0,005-ке дейін ұсақ шаң, ал 
диаметрі 0,001 ммден кішілеу – тозаң, 0,0001 мм-ден кішілері –
коллоидтар болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет