30
Сонымен жоғары көрсетілген кезеңдер бойынша әрбір буында оқушы
қаржылық-экономикалық мәселелердің мәнін түсініп, әрбір қаржылық
қызметтерді жасауда яғни сатып алу мен сатуда қарапайым математикалық
есептеулердің көмегімен жүзеге асыруға болатындығын білуі қажет деп
санаймыз.
Біз білім берудің барлық деңгейінде мектеп оқушыларының қаржылық
сауаттылығын қалыптастыру қажет деп есептейміз, өйткені бұл мектеп
түлектерінің одан әрі табысты бейімделуіне және олардың еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Ал қаржылық сауаттылықты
қалыптастыру үшін орта мектеп оқушыларын қаржылық-экономикалық
мазмұнды есептерді шығаруға үйрету маңызды, бұл олардың қаржы
қатынастарына байланысты түсініктерін қалыптастырып, өмірлік мәселелердің
шешімін табуға мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептердің мазмұнына тұтынушылық,
ломбардттық, ипотекалық несие, өмір мен мүлікті сақтандыру мәселелері
бойынша әлеуметтік маңызы бар терминдерді кіріктіріп, математикалық
есептеулер аясында жүзеге асырған жөн. Бұл туралы және мектеп
оқушыларының қаржылық сауаттылығын қалыптастырудағы мәтінді есептердің
классификациясы мен маңыздылығын келесі параграфта қарастыратын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: