Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет12/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

математикалық сауаттылық – оқушының әртүрлі жағдайда, өзі өмір сүріп 
жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі 
және ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және 
математиканы қазіргі таңда, болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін 
қолдана алу қабілеті
», -деп түсінеміз. 


18 
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық 
зерттеулерінің бірі – білім беру сапасын бағалау жөніндегі IEA халықаралық 
қауымдастығымен өткізілетін 4 және 8 сынып оқушыларының білімін 
бағалайтын TIMSS және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 
(ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін 
бағалайтын PISA халықаралық тестілеу болып табылады.
PISA зерттеуі оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігімен 
дағдыларына даму іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық 
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін 
пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. Ол әлемдегі мектептерде білім берудің 
сапасын салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. 
РІSА, TIMSS халықаралық тестілеу барысында оқушылардың оқу 
жетістіктерінбағалау функционалдық сауаттылықтың үш түрі бойынша іске 
асырылады: 
«оқу 
сауаттылығы», 
«математикалық 
сауаттылық», 
«жаратылыстану-ғылыми сауаттылық»[42, б.50]. 
Бұл зерттеудің тапсырмалары оқушылардың орта мектепте алған білімін 
өмірлік жағдайларда кездесетін мәселелерді логикалық түрде дұрыс талдауына, 
яғни өскелең ұрпақты күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың оңтайлы 
шешім қабылдаудың дұрыс жолдарын көрсетеді
Математикадан тапсырмалардың мазмұнында күнделікті өмірде кездесетін 
ситуациялық мәселелер бойынша іс жүзінде жоғары маңыздылығы бар бірқатар 
сұрақтарға едәуір көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, геометриялық шамаларды 
өлшеуге, бағалау, пайыз, масштаб, нақты тәуелділіктерге берілген диаграммалар 
мен графиктер, ықтималдық, статистикалық көрсеткіштерге және т.б. 
Халықаралық 
салыстырмалы 
зерттеулердің 
нәтижелері 
бойынша 
оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейлерін талдау мектепте білім 
беру сапасында үлкен алшақтық сақталып отырғанын куәландырады.
Қазақстан осы күнге дейін PISA халықаралық бағдарламасына бес рет, яғни 
2009, 2012, 2015, 2018, 2021 жылдарыжәне TIMSS зерттеуіне төрт рет, яғни 2007, 
2011, 2015, 2019 жылдарықатысты. Зерттеу қорытындысы бойынша өңірлер, 
аумақтар (қала-ауыл), оқыту тілі мен отбасының әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесі бойынша үлгерімдерде айтарлықтай алшақтық бар екені анықталды. 
Халықаралық PISA зерттеулерінде қазақстандық оқушылар математикалық 
сауаттылық бойынша 2009 және 2012 жылдары сәйкесінше 53-ші (405 балл) және 
49-шы (432 балл), ал 2015 және 2018 жылдары 42-ші (460 балл) және 53-ші (423 
балл) орындарды иеленді. Бұл нәтижелер ЭЫДҰ елдері бойынша орташа 
нәтижелерден айтарлықтай төмен болып отыр [ 47, 48, 49, 50, 51]. 
PISA-2018 зерттеуінде қазақстандық оқушылар математикалық сауаттылық 
бойынша 423 балл жинап, 78 елдің ішінде шартты түрде 53-орынды иеленді. 
Алты күрделілік деңгейінің ішінде оқушылардың көпшілігі тек 1 және 2-
деңгейлердің тапсырмаларын ғана орындады. Осылайша, Қазақстан осы 
рейтингте функционалдық сауаттылығы төмен елдер тобында орналасты.
PISA-2009, 2012 нәтижелерімен салыстырғанда, 2018 жылы оқушылар мен 
колледж студенттерінің математикалық сауаттылық білімі 460 балдан 423 балға 
төмендегіні байқалады. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштерден едәуір 


19 
артта қалып, қазақстандық оқушылар кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік елдері: 
Эстония, Ресей, Белоруссия, Украина сияқты елдермен салыстырғанда төмен 
нәтижелер көрсетті. Біздің елімізде үлгерімі нашар оқушылардың үлесі (37,7%) 
Украинаға қарағанда екі есе жоғары (17,5%) және Ресейге қарағанда үш есе 
жоғары (11,2%).Ал осындай рейтингте алғашқы орындарда Қытай, Сингапур, 
Макао, Жапония, Корея сияқты елдер болды. 
PISA-2009 қорытындысынан еліміздің жалпы білім беретін ұйымдарының 
педагогтары пәндік білім жақсы бергенімен, алайда алған білімдерін нақты, 
өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету бойынша кемшіліктер байқалды. 
PISA зерттеуінің 2009 және 2012 жылдар нәтижесін салыстырсақ ЭЫДҰ 
PISA-2012 екінші кезеңінің қорытындысында математика және жаратылыстану 
бағыттарындағы қазақстандық білім алушылар нәтижелерінің +27 және +25 
ұпайларға жақсарғанын атап өтті [52].
Қазақстандық оқушылар PISA -2018 зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес білім 
жағынан әлемнің көптеген елдерден ақпаратты іздеу, талдау және 
өңдеуден;эксперименттер жүргізу және олар арқылы болжамдар құру және 
тексеру, тұжырымдар және қорытынды жасаудан; математикалық сауаттылық 
бойынша мектепте алған білім жүйесін өзінің өмірлік тәжірибесімен 
байланыстырудан; практикалық, әлеуметтік және жеке маңызды мәселелерді 
шешуге бағытталғандығынан көп төмен болды. 
Халықаралық зерттеулердің нәтижелері Қазақстандық оқушылар арасында 
математикалық оқытуда бірқатар кемшіліктерді көрсетті. PISA-2018 зерттеуінде 
ҚР оқушыларының математикалық сауаттылық деңгейі бойынша Қытай, 
Оңтүстік Корея, Сингапур және Малайзия секілді Азия мемлекеттерімен 
салыстырғанда біршама төмен нәтиже көрсетті. 
ЭЫДҰ-дағы білім беру бағытының директоры Андреас Шлейхер: «10 
білім алушының біреуі ғана тест сынамасында өз жауаптарын шынайы өмірден 
алынған фактілермен және тәжірибемен байланыстыра алады. Бұл зерттеу 
сынамасының қызық жері, Қытайда жақсы оқитын білімді деп саналған 
оқушылар тесттен белгілі межеге жете алмады, ал нашар оқитын оқушылар 
тесттен сәтті өтті. Ұстаздың еңбегінің жемісі шәкіртінің жетістікке жетуімен 
бағаланады, оқушылардың нәтижесі мұғалімнің дайындығы мен біліктілігіне 
тікелей байланысты деп қорытынды жасауға болады. Швецияда жоғары 
деңгейлі оқытушылар жұмыс істейді. Білім беру саласындағы көшбасшылар 
АҚШ, Корея, Сингапур және Канада»,-деп пікір білдірді [53]. 
2018 жылғы PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша функционалдық 
математикалық сауаттылықты дамыту бойынша Қытай, Сингапур, Швеция, 
Жапония және Тайвань сияқты жетекші елдердің тәжірибесін қарастыратын 
болсақ, келесі зерттеулерді бөліп көрсетуге болады: 
- Zhikui Hu-дің «Шығармашылық білімнің негізгі сауаттылығын басқаруға 
негізделген математиканы оқытудың Қытай реформасы» атты еңбегінде оқу 
бағдарламасының мақсаттары «қос базадан» (базалық білім мен базалық 
дағдылар) «үш өлшемді мақсаттарға» (білім мен қабілеттер, процесс пен әдіс, 
эмоционалды қарым-қатынастың құндылығы) көшті [54]. 


20 
- James Badger зерттеуінде «Сингапур математикасы ережелерді немесе 
қайталанатын жаттығуларды есте сақтаудың орнына оқушылардың 
математикалық ұғымдарды түсіну тереңдігіне назар аударады, оқу 
жоспарындағы тақырыптардың аздығына көбірек уақыт бөлінеді, нақты өмірдегі 
мәселелерді шешуге, сонымен қатар есептеу дағдылары мен концептуалды және 
стратегиялық ойлау процестеріне баса назар аударады» [55]. 
- Margareta Sandström, Lena Nilsson, Johnny Lilja Displaying жұмысында 
«Математикалық сауаттылықтың көрінісі – математикалық іс-әрекет туралы 
оқушылардың әңгімесі» оқушылар әртүрлі жалпы математикалық іс-
әрекеттердегі тәжірибелері туралы айтқан кезде математикалық сауаттылықтың 
қандай аспектілері ескеріледі: сандар, қарапайым математикалық есептер және 
тест тапсырмалары бар есептер; олар математикалық сауаттылықтың әртүрлі 
аспектілері оқушылардың математикалық іс-әрекеттер туралы диалогтарында 
қалай қалыптасатынын ескереді [56]. 
- Wen-Chun Tai және Su-Wei lin авторлары «Есептерді шешу стилі мен 
математикалық сауаттылық арасындағы байланыс» күнделікті өмірде және 
жұмыс орнында мәселелерді шешу қабілеті айтарлықтай артықшылықтар бере 
алатындығын көрсетеді [57]. 
- Hsiao Ching She және тағы басқалардың «Ғылым және математикалық 
сауаттылық» деп аталатын арнайы шығарылымдарында:мектеп оқушыларының 
қабілеттерін емес, оқушылардың теориялық алған білімдерін өмірдегі 
практикалық қолдануларын әлемдік деңгейде зерттеу мақсатында PISA 
бағдарламасы шығарылғандығын атады. Ол PISA бағдарламасы оқушылардың 
оқу жетістіктерінің нәтижелерін сырттай бағалау арқылы жүргізілетіндігін, 
дамыған мемлекеттерде осы сынамадан кейін оқушылардың білімге, әсіресе 
математикаға деген оң көзқарастары болғандығын атап өтті [42]. 
Жоғарыда аталған жұмыстарда математикалық білім оқушылардың алған 
білімдері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алуына бағытталған. 
Қазақстанның PISA-ға қатысу нәтижелерін талдау біздің жалпы білім 
беретін мектеп оқушыларының жоғары пәндік білімдері бар болып, бірақ оларды 
нақты өмірлік жағдайларда қолдана алмайтындығын көрсетті. Бітіру 
емтихандары мен ҰБТ нәтижелері оқушыларды даярлаудың негізгі мәселесі 
функционалдық сауаттылықтың жеткіліксіз дамуымен, қолданбалы сипаттағы 
міндеттерді шешу кезінде алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдана 
алмауымен байланысты екенін көрсетеді. 
TIMSS-2019 зерттеуінде еліміздің 4-сынып оқушыларының орташа 
көрсеткіштері математикадан 544 және жаратылыстану - 550 балды құраса, 8-
сынып оқушыларының математикадан орташа балы – 528, жаратылыстану – 533-
ке жетті. Қазақстандық 8-сынып оқушылары әлемнің 39 елінің қатысушылары 
арасында математика және жаратылыстану пәндері бойынша 7 және 9 орындарға 
ие болды.Ал 4-сынып оқушылары зерттеуге қатысқан 49 елдің ішінде 8-ші және 
12-ші орындарды иеленді. Алайда, TIMSS-2019 халықаралық зерттеулердің 
нәтижелері Қазақстандық оқушылар арасында математикалық оқытуда бірқатар 
кемшіліктерді көрсетті. Зерттеуге қатысушы елдердің Сингапур, Гонконг, 
Жапония, Оңтүстік Корея, Тайванның оқушылары алда екендігін дәлелдеді. 


21 
Олардың өзара салыстырмалы нәтижелері өзгеріп тұрғанымен, олар басқа 
елдермен салыстырғанда едәуір жоғары орындарды иеленген [58].
Зерттеуде берілетін тапсырмаларды талдау барысында Қазақстан 
Республикасының оқушылары сандардың қатынасы, пропорциялы мәндер, 
мәтіндік есептерді шешу, уақыт бірліктерін анықтауға, бағалауға және жуықтап 
есептеулерді қолдануға, нақты тәуелділіктердің графиктерін оқуға арналған 
тапсырмаларды орындауға байланысты практикалық қолданудың кейбір 
мәселелерін меңгеру жетіспейді. 
«TIMSS және PISA зерттеулерінен алынған мәліметтер Қазақстандағы 
жалпы орта білім беру жүйесі теориялық білімді тарату және оқушылардың есте 
сақтау, тану және табу дағдыларын дамыту контекстінде екенін көрсетеді. 
Дегенмен, бұл жүйе математикалық білімді практикалық қолдану және 
математикалық ойлауды дамыту немесе мәтінді талдау, оқу үдерісінде бағалау 
сияқты оқушылар арасында жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту және 
практикалық қолдану тұрғысынан салыстырмалы түрде әлсіз» [59].
Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоның 
айтуынша, «функционалдық сауаттылықтың төмендеуі оқушылардың оқу 
процесіне тартылмауын көрсетеді, бұл білім беру жүйесінің тоқырауының 
белгісі болуы мүмкін» [60]. 
Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім 
беретін мектептің математика бағдарламасы өте ауқымды, академиялық және 
негізінен теориялық сипатқа ие, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға 
ықпал етпейді және заманауи талаптарға сәйкес келмейді, бұл тиімді оқытуға 
негізгі кедергі болып табылады.
Қазақстандық оқушылардың оқу жетістіктерінің төмен болуының негізгі 
себептері:
– оқу процесінде біздің оқушыларымыз іс жүзінде пәнаралық сипаттағы 
тапсырмалармен, қоғамдық және жеке міндеттерді шешуде оларға оқу қажет 
болатын өмірлік жағдайлармен, білім алушылардың өмірлік қызығушылықтары 
мен әлеуметтік тәжірибесінен алшақтаған тапсырмалармен, арнайы 
дайындықты, жұмысты қызу орындау мерзімін талап ететін жауаптардың бірін 
таңдау тапсырмалармен жұмыс жасамайды;
– іскерлік стильдегі мәтіндермен атап айтсақ, хабарландырулар, әуе және 
темір жол рейстерінің кестесімен, жұмысқа қабылдауға арналған 
сауаланамалармен және т.б. диаграммалардан, кестелерден, сызбалардан 
тұратын мәтіндермен жұмыс істей алмаулары; 
– 
мектептегі 
гуманитарлық 
білімнің 
диалогтық 
сипатының 
жеткіліксіздігінен Қазақстан оқушылары құбылыстар мен оқиғаларға өздерінің 
әртүрлі көзқарастарының ара қатынасын белгілеуді, өз көзқарасын білдіруді 
талап ететін тапсырмалардан қиналады. 
Сонымен қатар, ЭЫДҰ зерттеуі шеңберінде төмен нәтижелердің себебі 
білім беру бағдарламалары мен оқулықтарындағы кемшіліктер, сондай-ақ 
мұғалімдердің біліктілігінің жеткіліксіздігі болып табылатынын анықталды. 
Осыған орай, PISA және TIMSS халықаралық зерттеулері қазақстандық білім 
беру жүйесін жаңғыртуға әсер етуші факторлардың бірі болып табылады.


22 
Еліміздің жалпы білім беретін мектептері 2016-2021 жылдары жаңартылған 
білім беру мазмұнына толығымен көшті, жаңартылған мазмұнды қарқынды және 
ауқымды іске асыру кезеңінде біліктілікті арттыру жүйесі қайта құрылып, 
мұғалімдердің тиісті дайындығын қамтамасыз ете алды. Іске асыру процесінде 
тиісті курстарда оқыған мұғалімдер тәсілдерді, әдістер мен технологияларды, 
оқу жетістіктерін бағалау жүйесін, оқу қарым-қатынасының басымдықтарын 
түбегейлі өзгертті және осылайша мектептерде оқытуды жақсартуға 
айтарлықтай әсер етті.
Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру стандарттарында 
оқушылардың алған білімдерін өздерінің болашақ кәсіби қызметінде 
қолданудың маңыздылығы атап көрсетілген [61]. 
Жалпы орта білім беру жүйесін дамыту және сапалы білім беруді 
қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды 
дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
айқындалып [3, б.5], «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында 
жалғасын тапты [5, б.2]. Бұл Ұлттық жобаның стратегиялық көрсеткіштері мен 
міндеттерінің бірі болып PISA тестінің нәтижесі бойынша жалпы білім беретін 
мектепте математикалық білім беру сапасын арттыру және оқушылардың білім 
деңгейі нәтижелерінің өңірлер арасында алшақтығын қысқарту болып отыр. 
«Сапалы білім. Білімді ұлт» ұлттық жобасындағы негізгі міндет - PISA 
халықаралық зерттеуі бойынша мектепте білім беру сапасын математикалық 
сауаттылық бойынша 2021 жылдан 2025 жылға дейін 423 балдан 480 балға 
көтеру және оқушылардың білім деңгейі нәтижелерінің өңірлер арасында 
алшақтығын қысқарту болып отыр. 
Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы 
табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұлардың ішінде 
командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-
біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалары бар [59, 3б].
 
Математика - оқушыларды экономикалық өмірге бейімдеу мақсатында ХХІ 
ғасыр дағдыларының дамуына ықпал ететін танымал курстардың бірі [20, б.2]. 
ЭЫДҰ зерттеулері бойынша қаржылық нарықтың даму нәтижелеріне 
сәйкес,қаржылық ендіру бастамалары бұл математикалық сауаттылықтың 
құрамдас бөлігі болып табылады [23, б.5]. Нақты әлем жағдайында күнделікті 
шынайы өмірдегі мәселелердің дұрыс шешімін табу және оның практикалық 
қолданбалы бағытын анықтау үшін математикалық білімдерін қолданады, оның 
негізінде математиканы оқыту мен оқуға деген көзқарасы қалыптастыруға 
болады [37, б.8]. 
Қазіргі уақытта мектеп математика курсын оқытуда оның мазмұнында әрбір 
адам үшін пайдалы қаржылық-экономикалық ұғымдарды қарастырудың 
қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, күнделікті өмірде пайда, түсім, несие, салық, 
несиені қайтару және тағы басқа да банк қызметіне қатысты ұғымдар қоғамда 
қолданыстары артуда [32, б.4]. 
Қаржылық сауаттылық ХХІ ғасырда әрбір заманауи адам үшін жазу, оқу 
және санау сияқты өмірлік қажеттілігі бар маңызды құзырет. Қаржылық 
сауаттылық – адамның жас кезінен қалыптасып, өз бетінше ақша табу және оны 


23 
сауатты басқару қабілетін көрсететін ерекше қасиет болып табылады. Қазіргі 
уақытта қаржылық сауаттылық жоғарыда айтылғандармен қатар, тұлғаның 
қаржылық менеджментке, өмірлік мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруға 
қатысты салаларда негізделген шешім қабылдау қабілеті ретінде құрамдас 
бөліктері ретінде қосылды. 
Сонымен қатар, ЭЫДҰ талдаушыларының ресми жарияланымдарының 
беттерінде келесі пікір қалдырды: «Бүгінгі күні, қаржылық нарықтың дамуы, 
демографиялық, экономикалық, саяси өзгерістер нәтижесінде қаржылық 
сауаттылық өмірлік маңызы бар дағдыға айналғанын бәрі мойындады». 
Кейбір әдебиеттер мен ресми құжаттарда «қаржылық сауаттылық» және 
«экономикалық сауаттылық» ұғымдарын кездестіріп жатамыз. Бұл ұғымдардың 
мәні мен мағынасы жағынан бірдей екендігін ажырату мақсатында 
зерттеушілердің берген анықтамаларына тоқталайық.
Көптеген педагогикалық әдебиеттерді саралай келе, экономикалық әл-
ауқатын көтеруде «экономикалық сауаттылық» пен «қаржылық сауаттылық» 
ұғымдары бір мағынаны қамтуы мүмкін деген тұжырымдарды кездестірдік. 
Экономикалық сауаттылықтық маңыздылығы туралы Е.П.Севастьянова, 
В.В.Шестель [29, б.5], С.М.Вишнякова, А.Иоффе және басқалардың 
жұмыстарында қарастырылған.
Е.П.Севастьянова «экономикалық сауаттылық ұғымын адамның жеке 
қасиеттері мен игерген экономикалық білімі, қабілеттері мен дағдыларына сай 
қоғамдағы шаруашылық қызмете саналы түрде қатысуға мүмкіндік береді» деп 
тұжырымдады [62].
С.М.Вишнякова «Экономикалық сауаттылық–экономикалық қызметке 
қатысуға дайын болу, экономикалық ресурстарды басқару білімі мен 
дағдысының болуы», - деп түсіндірді [63] . 
А.Иоффе «экономикалық сауаттылық» ұғымын қоғамның экономикалық 
өмірінде экономикалық білім мен дағдыларды орта білім беру деңгейінде 
меңгерудің жетістігі, оқушылардың қоғамдық өмірге бейімделуі мен тәжірибелік 
бағдарлануы деп тұжырымдаған [64]. 
Н.Е.Яценконың пікірінше экономикалық сауаттылық жеке тұлғаның 
қоғамның экономикалық өміріне саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін 
дағдылар мен қабілеттер, сондай-ақ адамның жеке тұлғасы туралы 
экономикалық білімнің белгілі бір деңгейі деп түсіндірген [65]. 
Қаржылық сауаттылық қазіргі қоғамдағы қажетті элемент, тұлғаның 
әлеуметтік кеңістікте табысты жүзеге асуының негізгі факторларының бірі 
болып табылады. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектепте білім беру 
арқылы қоғам сұранысына бейімделе алатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға 
дайын оқушыларды дайындауға бағытталғаны сияқты, қаржылық сауаттылықты 
қалыптастыру да білім беру міндеттерінің бірі болуы керек. 
Соңғы 
кездері 
қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық 
өмірдегі 
тенденцияларға байланысты ғылыми әдебиеттерде «қаржылық сауаттылық» 
ұғымын ғалымдар жиі қолданып жүр. Шетелдік ғалымдардың зерттеулері 
бойынша қаржылық сауаттылық бойынша өз пікірлеріне тоқталайық (2-кесте). 


24 
Кесте 2 - Ғалымдардың қаржылық сауаттылық бойынша пікірлері 
 
№ 
Зерттеушілер 
Қаржылық сауаттылық анықтамасы 

А.Lusardi [20, б.5] 
«жеке тұлғаның өз қаражатын дұрыс басқару және 
ұтымды шешім қабылдау».

О.Ю.Лазебникова [66, б. 7] 
Шынайы өмірдегі қаржылық мақсаттарға жетудегі 
қаржылық білімдер мен дағдылар.

С.Sawatzki[21, 2б.]. 
Жеке тұлғаның әл-ауқатын жақсартуға, жеке қаржылық 
жағдайға қол жеткізуге, қаржылық шешім қабылдауға 
мүмкіндік 
беретін 
қаржылық 
ақпараттардың, 
білімдердің, дағдылардың жиынтығы

Г.Ковалева [19, б.8] 
«Жеке қаржылық сауаттылық - оқу,талдау және басқара 
алу нәтижесінде жеке қаржылай міндеттемелердің өзара 
қамтамсыз ету арқылы материалдық тұрғыдан табысты 
болу».
2-кестеде қарастырылған анықтамаларды талдау негізінде ғылыми және 
отандық әдебиеттерде «қаржылық сауаттылық» ұғымына келесідей түсініктер 
бар екенін аңғардық : 
1) білімнің белгілі бір түрі; 
2) осы білімді қолдану қабілеті немесе дағдысы; 
3) алған білім; 
4) тиісті қаржылық мінез-құлық; 
5) қаржылық тәжірибе. 
Сонымен қатар, осы ғалымдардың пікірлерін қорытындылай келе, 
қарастырылып отырған тұжырымдаманың ең толық және дәл анықтамасын 
былайша бергенді жөн санадық: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет