Еркишева жазира сабыровна


қабілетінің болуын айтады



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

қабілетінің болуын айтады: 
қоршаған шынайы ортада пайда болатын және 
математиканың көмегімен шешуге болатын мәселелерді тани алу; бұл 
мәселелерді математика тіліне айналдыра алу; математикалық фактілер мен 
әдістерді қолданып, бұл мәселелерді шеше алу; қолданған әдістерге талдау жасай 
алу; қойылаған мәселені ескере отырып алынған нәтиженің интерпретациясын 
жасай алу; шешу нәтижелерін тұжырымдай және жаза алу. 
Сонымен,
 функционалды математикалық сауаттылық 
деп математикалық 
білім, іскерлік, дағдыны метапәндік деңгейде кеңкөлемді өмірлік жағдайда 
фукционалды қолдана алу қабілетін айтамыз», - деп тұжырымдайды [44]. 
Оқушылардың оқу нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптардың бірі - 
олардың ересек өмірде тікелей кездесетін өмірлік маңызды міндеттерін қоюға 
және шешуге мүмкіндік беретін жалпыға бірдей білім беру іс-әрекеттері 
жиынтығы деп түсінеміз. Сондықтан оқушы математиканың әртүрлі салаларын 
оқып жатқанда бұл пәнге не үшін керек, зерттеліп жатқан ұғымдар практиканың 
қандай өзекті мәселелерімен байланысты екендігін үнемі түсінуі керек. 
Осыдан, функционалды математикалық сауаттылық – бұл адамның 
қолданбалы математикалық білім негізінде өмірі мен қызметінің әртүрлі 
салаларындағы стандартты өмірлік мәселелерді шешу қабілеті болады. 
Математикалық сауаттылық түсінігінің мәні үш белгімен анықталады: 


17 

заманауи әлемде математиканың мәнін түсіну; 

негізделген логикалық пайымдауларға пікір білдіру; 

математикалық білімін адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
қолдану. 
Математикалық сауаттылық – күнделікті өмірдің практикалық 
қажеттіліктерін басқаруға көмектесетін математика және математика бойынша 
сыныптан тыс жұмыстар нақты мәселелерді зерттеу және шешуді тиімді 
қолдануды білдіреді [45]. 
А.М.Мүбараков функционалдық сауаттылықты жеке адамның мүддесін, 
ықыласын, қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытумен 
сабақтастықта болу керек деп түсіндіреді [46]. Оның ойынша оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамытуды жүзеге асыру келесі қажетті шарттар 
арқылы орындалу керек: 
- жастарды оқыту мәселесінің мазмұнын жоспарлауда, өскелең ұрпақтың 
тәжірибесін меңгеру мақсатын ғана емес, сонымен бірге болашақ жұмысшы мен 
маманға тән қасиет пен қызметтің келешекке бағытталған түрлерін де ескеру 
керек; 
- оқу жоспарларының құрылымы, жастардың білімге деген мұқтаждығы 
оған жету процесінен асып түсу шартын қанағаттандыру қажет: еңбек және 
кәсіптік дайындықтың жалпы біліммен бірге бір уақытта және өзара 
әрекеттілікпен орамды түрде дамуы; 
- сыбайлас курстардың бағдарламаларын тақырыптық және хронологиялық 
келісімдермен қамтамасыз ету;
- окушылардың білімін, іскерлігін және жеке қасиеттерін қалыптастыру 
тәсілдерін, формаларын және әдістерін мақсатқа сай үйлестіру және олардың 
қолайлысын тандап алу. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік 
және дағдыларды адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі 
тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық 
дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім 
мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттері мен 
өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей 
өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім 
мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне 
негізделеді.
Сонымен, функционалдық сауаттылықты «
адами іс-әрекеттің әртүрлі 
жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте алған 
білім, білік жіне дағдыны пайдалана білу қабілеті
», - деп түсінеміз. Ал, 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет