Еркишева жазира сабыровна



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

 
 
Тапсырмалар: 
1. Әр топқа сабақ тақырыбына сай келетін 
тақырыптың мақсат міндетін ашу 
барысында суреттерге атау беру.
2. Кредит дегеніміз не және оған 
анықтаманы өз тараптарыңнан қалай 
берер едіңіздер, кредит алудың түрлерін 
қалай сипаттар едіңіздер? 
3. Кредит алудың пайдасы бар ма? 
4. Сіз кәсіпкер болсаңыз кредит алар ма 
едіңіз қай кредит түріне жүгінер едіңіз? 
5. Қаржылай сауатты болу үшін 
қаржылық білім керек пе? 
пирамида секілді алаяқтардың арбауына 
түсіп, өмірдің келеңсіз жағдайларын кешіп 
жүрген адамдарда коғамда көптеп кездесіп 
жатыр.Ал бірақ тиындап жинасаң, үнемдесен 
кредит алмайақ жақсы өмір сүруге де болады 
және білімді болсаң интернет желісі арқылы , 
әлеуметтік желінің дамыған заманында 
онлайн тұрғыдан кәсіпті дамытуға болады 
деп, топ оқушылары жауап берді. Тағы бір 
оқушы мен кәсіпкер болсам кредит алмас 
едім, ешкімге артық ақша қайтарғысы 
келмейтінін және қазіргі кезде жастардың 
қаржылық сауаттылығын арттыратын 
«Богатый папа, бедный папа», «Екінші 
болма» секілді әдеби кітаптарды оқу 
керектігін айтты. 
«Gold» тобының сурет бойынша жауабы: 
2. Несие дегеніміз кез келген мақсатқа қолма-
қол ақшамен кепілсіз қол жеткізу. Несиенің 
түрлері көп, қазіргі таңда әрбір адам өз 
мақсатына сол кредит арқылы қол жеткізуге 
болатындығын айтты. Мен егерде бизнес 
болсам, несие алып, өз кәсібімді одан әрі 
дамытар едім деп жауап берді. Бұл суреттен
қаржыгер немесе қаржы саласының маманы 
болуы үшін көп оқу керектігін, білімді адам 
барын үнемдей алатынын, адам өз жағдайын 
жақсарту үшін кредитке бәрін алуға болады, 
бірақ уақыт өте келе оның да пайыздары 
өсіп,көбейіп кетеді деп суретті сипаттап 
берді. Несие алар кезде банк қызметкерінің 
айтқан кеңесімен қоса, несие алушының да 
есепке, ойға жүйрік болғаны дұрыс. 
Сондықтан қаржылық білім мен үнемдеудің 
арқасында несие арқылы өз жағдайыңды 
жақсарту өз қолында деп жауап берді. Несие 
алудың да өз есебі, өз мақсаты болу керек 
сонда ғана биік белестерді 
бағындыруға,қаржылық сауаттылықты 
қалыптастыратын дүниелермен ой санаңды 
толықтырып отырсаң табысты болуға 
болады. 
Біздің ойымызша, орта мектептің 5-11 сыныптарында математиканы 
оқытуда қаржылық сауаттылықты қалыптастыратын негізгі ұғымдарға 
мыналарды жатқызамыз: баға, құн, пайда, жеңілдік, акция, түсім, депозит, несие, 
жылдық пайыз және т.б. Бұл ұғымдар оқушыларға түсінікті және тақырыптық 
оқу материалымен тығыз байланысты болуы керек. 


94 
Орта мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылыққа қажетті іскерліктер 
мен дағдыларды қалыптастыру мәселелерін математика сабақтарында есеп 
шығару жолы арқылы жүзеге асыруға болады. 
Математика мен компьютерлік технологияның ақылға қонымды 
интеграциясы мәселені шешу процесіне, математикалық заңдылықтарды түсіну 
курсына бай және тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Компьютер оқушылардың 
графикалық, математикалық және психикалық мәдениетін қалыптастыруға 
көмектеседі. Сондықтан математика сабақтарында оқушылардың зерттеушілік 
қабілеттерін тереңдету мен оқушылардың ынтасын күшейту мақсатында 
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндігін кеңірек пайдалану 
қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар математиканы оқытуда 
ақпapaттық-
кoммyникaциялық тexнoлoгиялapды(AКТ) 
қолдану оқу материалын түсіндірудің 
тиімділігін арттырудың қуатты 
құралдарының бірі
болып табылады. 
Қаржылық-экономикалық мазмұнды есептерді шешуде компьютерлік 
программаларды қолдануға болады. Олардың ішінде, экономикалық 
мәліметтерді өңдеуде Microsoft Offisе жүйесіндегі Excel электронды кестесін, 
қаржылық есептерді шешудің онлайн депозитті есептеу және несиені есептеу 
калькуляторларын қолдану тиімдірек болады [74, б.74, 115, б.175, 157]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет