Еркишева жазира сабыровна


-тапсырма (оқулықтағы №860 жаттығу)



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата08.12.2023
өлшемі3,14 Mb.
#135092
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
1 Диссертация Еркишева Жазира Сабыровна.

1-тапсырма (оқулықтағы №860 жаттығу)
– 1-ші,5-ші топтар үшін: 
1) Тауар бағасы 100%ға өсті. Тауар бағасы қанша есе өсті? 
2) Егер тауар бағасы 2 есе өссе, онда оның бағасы қанша пайызға өсті? 
3) Тауар бағасы 50% ға кемиді. Тауар бағасы қанша есе кеміді? 
4) Жалақы 30% ға көтерілсе, оны 1,3 есе өсті деп айтуға бола ма? 
2-тапсырма 
(оқулықтағы №866 жаттығу)
– 2-ші,4-ші топтар үшін: 


100 
Үш күнде дүкенге түскен 800000 тг табыстың 35% балалар ойыншығы 
құрайды. 
1) Қалған тауарлардан түскен табыс қанша пайызды құрайды? 
2) Балалар ойыншығынан түскен табыс қанша теңге? 
3) Қалған тауарлардан түскен табыс балалар ойыншығынан түскен табыстан 
қанша теңге артық? 
3-тапсырма 
(оқулықтағы №867 жаттығу)
– 3-ші, 6-шы топтар үшін: 
Марат пен Елдос өз кәсіпорындырын ашты және әрқайсысы түсімнің 20%-
ынан алып, қалған түсімді кәсіпорынды дамытуға жіберуді ұйғарды. 
1) Олар кәсіпорынды дамытуға түсімнің қанша пайызын жібереді? 
2) Егер наурыз айцында түсім 220 000 тг құраса, олардың әрқайсысықанша 
теңгеден алады? 
3) Егер сәуір айында түсім 180 000 тг құраса, онда Марат пен Елдос 
кәсіпорынды дамытуға қанша теңге жібереді? 
Оқулықта берілген қаржылық мазмұнды есептерді шешу барысында 
«Диалог және қолдау көрсету»әдісін қолданамыз. Өйткені сөзбен қолдау көрсету 
және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Кейбір оқушыларға тапсырманы 
орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. 
Сабақ соңында бағалау «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады. 
Сабақты бекіту кері байланыс жасау барысында Google формасы арқылы 
https://forms.gle/vDmbKEgqe7ceiVQD8
 сілтемесіне кіру арқылы онлайн форматта 
тест жұмысы берілді.
Енді 9-сынып алгебра пәнінен «Арифметикалық және геометриялық 
прогрессияларға мәтінді есептер шығару» тақырыбы бойынша сабақты өткізу 
барысын қарастырайық. 
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың назарын сабаққа аудару 
үшін пәнаралық байланысты экономика саласымен байланыстырдым. 
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде әртүрлі мозайкалар арқылы қызыл түстер, 
көк, сары түстер арқылы топқа бөлініп, үй жұмысын тексеру бойынша өткен 
білімдерін пысықтау және өтетін тақырыппен байланысын көрсету мақсатын да 
«Теңге жинау» әдісін қолданамын. Бұл әдісте алтын түсті теңгелерге 
арифметикалық және геометриялық прогрессияға байланысты мәтінді есептерде 
қолданылатын формулалар, сұрақтар жазылып, дұрыс жауабын тапқан оқушы 
алтын теңгені қапшыққа салады. Қапшыққа теңгелер жиналған соң, әр топтың 
ойлау қабілетіне сай, теңгелі қапшыққа атау береді. 1-ші топ «Жинақ», 2-ші топ 
«Банк», 3-ші топ «Депозит » аттарын берді.
Осылайша топ атауларын қойып болған соң оқушының сыни тұрғыдан 
ойлауын дамыту үшін әр топтың атауын қалай түсінетіндігі туралы «Ойыңды қос 
өріске» әдісімен төмендегі 16-сурет бойынша диалог жүргіздім. 


101 
Сурет 16 - Суретке қарап ой-толғау 
Оқушылар 16-сурет арқылы проблемалық сұрақтар арқылы бүгінгі 
сабағымызда «ақша» мен «пайыз» терминдеріне байланысты есептер 
шығаратындығын түсінді. Сонымен қатар кейбір қабілетті оқушылар бұл 
ұғымдардың әрбір жанұяда маңызы мәселелердің бірі екендігін атап өтті. 
Үй тапсырмасын 
«Доп қағу»әдісі 
бойынша тексеремін. Сыныптағы кез-
келген оқушы допты қағу арқылы қойылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. 
Осылайша бірнеше оқушыдан сұраймын. 
Үй тапсырмасын тексеруде Tarsia қосымшасын пайдаланып топтық жұмыс 
беремін (сурет 17). Tarsia оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни 
ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан 
қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет