47
бойынша салыстыру практикалық сәйкестендіру
және беттестіру арқылы
жүзеге асырылса, кейіннен өлшеу негізінде жүргізіледі. Көз қолдың
практикалық әрекеттерін біріктіреді.
Заттың көлемі, яғни заттың өлшемі тек салыстыру негізінде анықталады.
Бұл үлкен немесе кішкентай нәрсе деп айтуға болмайды,
оны басқалармен
салыстыру керек. Көлемді қабылдау зат қабылданатын қашықтықтан, сондай-ақ
ол салыстырылатын заттың көлемінен басталады.
Нақты
заттың
көлемі
мынадай
қасиеттермен
сипатталады:
салыстырмалылық, өзгергіштік және қатынастылығы.
Өлшеу екі логикалық операцияны қамтиды: біріншісі – бөлу процесі, ол
балаға тұтасты бөлікке бөлуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді; екіншісі –
бөлек бөліктердің қосылуынан тұратын алмастыру операциясы.
Өлшеудің мәні өлшенетін объектілердің сандық бөлшектеуінен және
қабылданған шамаға қатысты осы объектінің шамасын орнатудан тұрады.
Өлшеу операциясы арқылы өлшенетін шама мен алдын ала таңдалған өлшем
бірлігі, масштаб немесе эталон арасындағы сандық қатынас белгіленеді.
Өлшеу әрекеті өте күрделі. Ол арнайы іскерлікті, шамалар жүйесімен
танысуды, өлшеу құралдарын қолдануды талап етеді.
Шартты өлшеуіштерді
қолдану балалардың затты өлшеуін қол жетімді етеді. "Шартты өлшеуіштермен
өлшеу" термині өлшеу құралдарын пайдалану мүмкіндігін білдіреді.
Бала алдымен объектілерді шартты өлшемдермен өлшеуді үйренеді және
осының нәтижесінде ғана "нағыз" өлшеуді меңгеру үшін алғышарттар
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: