Ғылым министрлігі


Енді оның көз алдына ешқандай жазығы жоқ әйелі



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата10.12.2023
өлшемі2,15 Mb.
#135602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

Енді оның көз алдына ешқандай жазығы жоқ әйелі, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


27 
ешқандай кінәсі жоқ екі баласы елестеді. Екі баласы еске түскен сәтте 
аурухананың ақ төсектерін көрді. Түстегідей аппақ дүние, аппақ боп екі 
баласы жатыр. Жанашыр адамдардың бәрі осында. 
Ал, олардың әкелері келмейді. Ешқашан келмейді. «Мен кінәлімін», - 
деп көзіне жас алмайды»
. Романды оқып отырған адам осы бір сәттің бас 
кейіпкер үшін өте жауапты, жанын қинаған және бұдан соң да қинай беретін 
сәт екенін түсініп, өзі де онымен бірге ойланып, қиналып отыратыны сөзсіз. 
Көркем мәтіндегі мазмұндық-астарлы ақпар, подтекст терминдері 
қамтитын ұғымның дерексіздігінен, күрделілігінен және олардың нақты, дәл 
аудармасының жоқтығынан болса керек, жақында қорғалған бір зерттеу 
жұмысында көркем мәтіндегі ақпардың мазмұнды-концептуалды және 
мазмұнды-фактуалды түрлері ғана көрсетіліпті де, мәтіннің астарлы ойы 
келтірілмепті [48:14]. Алайда ақпардың бұл түрі әрбір көркем мәтінге 
болмаса да, көпшілік шығармаларға тән екені ұмытылмауға тиіс. 
Ресейлік зерттеуші Л.А. Голякова подтекст терминімен аталатын 
құбылыс және оған ұқсас импликация туралы, олардың айырмашылық, 
ұқсастықтарына, ортақ белгілеріне, әлі де шешілмеген түйінді мәселелеріне, 
сондай-ақ ғылыми айналымдағы бұл нысандар жөніндегі көзқарастарға шолу 
жасай келіп, мынадай анықтама ұсынады: «Подтекст – это скрытый 
личностной смысл, который актуализируется в сознании воспринимающего 
текст благодаря направленному ассоциативному процессу воздействия 
лингвистического контекста на целостный потенциал личности» [30:74]. 
Қазақстандық зерттеуші-лингвист Г. Смағұлованың пікіріне [49] 
қарасақ, подтекст – қосымша мағына жасау техникасы болғандықтан, тек 
шығарма авторына ғана тән құбылыс деп ұғынылатын сияқты. Біздің 
пайымдауымыз бойынша, ол қаламгер тарапынан мәтінге салынғанмен, 
оқырманның мәтінді қабылдап, интерпретациялауы нәтижесінде туындайтын 
шығарма мәні, сол өзі оқып отырған шығарманың барлық немесе жекелеген 
оқиғаларын өз көңіл көзінен өткізіп, олардың өзі үшін нақты қандай әсері, 
тәрбиесі немесе жиреніші бар екенін, қандай сезім туғызғанын нақтылауы, 
түйсінуі. Сол себептен де қазіргі психолингвистикадағы: «Личностной смысл 
– это переживание субъективной значимости предмета, действия или 
события, оказавшегося в поле действия ведущего мотива. Это одно из 
главных образующих сознания, осознаваемая как «значение для меня»» 
[50:104] деген пікірдің дұрыстығы байқалады. Шынында да, қандай да бір
мәтінді оқыған екі адамның қабылдап, түсінуі әр түрлі болатыны олардың 
жеке бастарының қандай оқиғаны немесе құбылысты өзектендіргеніне 
байланысты. 
Подтекст немесе мәтіннің астарлы ойы (мазмұндық-астарлы ақпар) 
лингвистикалық (горизонтал) және вертикал контекст арқылы ашылады. 
Көркем шығарманың мазмұндық-астарлы ақпарын танытатын мысал 
ретінде Мағжан Жұмабаевтың атақты «Қазақ тілі» өлеңін алуға болады. 
Лингвистикалық контекст ұйымдасуынан негізгі концептуалды оймен қатар 
астарлы ойдың дамуы көрініп отырады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


28 
Лингвистиканың негізгі объектісінің (нысанының) бірі де бірегейі – 
поэзия, өлең сөз екені даусыз. Бұл оның әрі танымдық, әрі эстетикалық 
қызметінен туындайды, яғни поэзия тілін лингвистика тұрғысынан 
зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық (образотворчество) 
мәселесі көзделеді. Образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) 
жазушының өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады [34]. Ал қазақ 
поэзиясы ежелден кестелі сөзге, астарлы ойға, сөз мағынасын сан алуан 
ауыстыруға, алмастыруға, әсем де әсерлі образдарға өте бай екені белгілі. 
Бұл орайда бұрынғы-соңғы жыраулардың, ақындардың кез келгенінің 
туындыларынан көптеп мысал келтіруге болады. Алайда, Ж. Аймауытов 
айтқандай «суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталатыны» да 
шындық. 
«Қазақ тілі» ақынның сөз шеберлігін, сөз мағынасының түрлі 
обертондарын нақ басып, жіті сезінгендігін, образ жасампаздығын танытатын 
шығармаларының қатарында ерекше орын алады. 
Бұл өлеңді қаламгер дәл қай жылы жазғаны белгісіз, тек ақынның 1995-
1996 жылғы үш томдық «Шығармаларында» 1911-1922 жылдарға 
топтастырылған туындыларының қатарында келтіріледі: 
Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше – батыр, бүгін – қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, 
Асқан жандар – алтын хандар ұмтылды. 
Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың ... 
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! 
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Тарап кеткен түрік балаларыңды баурыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен,тілім! 
Қазіргі күнге дейін маңызын жоймаған, тіпті мәні бұрынғыдан да арта 
түскен тіл, қазақ тілі өлең тақырыбына шығарылғанмен, ақынның айтар ойы 
халқымыздың өткеніне, қазіргісіне, болашағына тікелей қатысты. Тарихи 
дамудың түрлі сатысын бастан өткерген кез келген ұлт, халық толыққанды 
этнос болуы үшін үш түрлі алғышарт қажет екені белгілі, яғни халықтың өз 
тілі, жері және мемлекеті болса ғана әлемдік өркениетте орны бар этносқа 
айнала алады. Ақын осы қағиданы жақсы білгендіктен де 4 шумақтан 
тұратын өлеңде қазақ халқы басынан кешіп отырған тарихи шындықты 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


29 
көркем, шебер жеткізе алған. Бірінші шумақта ақын халықтың жинақ 
бейнесін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет