асқар – поэтизм;
Алтай – барлық түркі жұртына ыстық биік тау аты;
алтын – жарқыраған
асыл, қымбат металл;
ана - әр адамға өмір берген ең қымбатты да аяулы жан;
ақын контексінде
асқан сөзінің мағынасы кеңейгені байқалады, әдетте,
батыр – елі, жері үшін жанын аямайтын асқан күш иесі, ал
хан бүкіл
жұртына билігін жүргізетін ақылы да, айласы да елден асқан жан екенін
ескерсек, осы ұғымдарды қатар қойып,
асқан жандар тіркесімен айқындап,
жалпылауы бұл сөздердің тура мағынасына елден ерек күшті әрі ақылды
көшбасшы деген мән үстегені даусыз. Сондай-ақ
есте жоқ, ұмытылды синонимдері осы сөздік аямен (контекст, окружение) қабысып, ақынның сан-
алуан жан толқынысын көрсетеді, күйзеліс, шарасыздықпен қатар, өкініш,
риза болмау, өткенді аңсау сияқты адам көңілінің аса нәзік толқыныстарын
да байқататындай.
Өлеңнің үшінші шумағындағы жалпыадамзаттық құндылық атаулары –
дерексіз зат есімдер жеке тұрып та экспрессоид бола алатынын зерттеушілер
әр уақытта айтып жүр [51; 52]. Аталған сөздер ақынды да, оқырманды да
түрлі ассоциацияларға жетелейді. Аллитерацияға құрылған
жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың жолының әсер-қуаты ерекше. Осы шумақта алғаш
рет
тіл сөзі ұсыну қағидатына сәйкес алдыңғы межеге шығады. Қаламгер
тілді
бағасыз белгіге, нұрлы жұлдызға балайды. Бұл балаудың мәні алтын
күн тіркесінің мағынасымен тығыз байланысты:
алтын күн – халықтың
өткені, қайтып келмейтін, қолына қайта түспейтін уақыт, бұл
алтын, күн сөздерінің тура және ауыспалы мағыналарының астасуынан – аса қымбатты;
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
30
ыстық та алыс планета - туындайды. Осы жолдағы
бағасыз сөзі екі мағынада
қолданылған сияқты: өте қымбат, қол жетпес ұғымымен қатар қадірді
білмеген, жетпеген деген мағынаны қамтиды