55
Ақпарат теориясының негізін салушылардың бірі К. Шеннонның
сызбасындағы басты бес компонент былай кӛрсетіледі: 1) арнамен жіберілуге
тиіс хабар немесе хабар тізбегі; 2) аталған хабарды жіберілетін арнаның
сипатына сәйкес сигнал ретінде қайта тҥзетін жолдаушы; 3) сигналды
жіберушіден алушыға жеткізуші арна; 4) жолдаушыдан алынған сигнал
бойынша ақпарды қайта тҥзіп, қабылдаушы қҧрал; 5) адресат немесе ақпарды
алуға тиіс адам.
Мҧндағы бірінші компонент ретінде қаламгер ӛмір сҥрген орта, кезең,
қоғамды тҥсіну керек. Жолдаушы ретінде жазушы немесе ақынды атау
керек, себебі ол ӛмірден кӛрген, тҥйгендерін ӛз бетінше тҥсініп, зерделеуін
кӛркем бейнелер арқылы кодқа тҥсіреді, сол арқылы оқырманға әсер етеді.
Арна ретінде тҥрлі әдеби жанр мәтіндерін атаймыз. Қабылдаушы, яғни
оқырман - қаламгер жіберген сигнал арқылы ақпарды алып, соған жуық
тҥсінетін адам. Ал адресатымыз – тҧтас қоғам десе де болады, себебі кӛркем
мәтін тек бір ғана оқырманның еншісі емес.
Кез келген қаламгер ӛзі ӛмір сҥріп отырған орта мен кезеңде, қоғамда әр
алуан қҧбылыстар мен оқиғалардың куәсі болады, олардың бірі оның сезім-
тҥйсігін жанай ӛтсе, енді бірі жан дҥниесін мҥлде ӛзгертеді, ал ҥшіншісі
тікелей қайшылық тудырады. Ал мҧның ӛзі осы аталғандарды кӛкірек
кӛзінен ӛткізіп, ӛз эмоциясын қоса пікір білдіруге, ӛз пайым-тҥсінігін
жеткізуге итермелейді. Бҧл орайда ол кӛзімен кӛргеннің бәрін емес, ӛзі ҥшін
аса маңызды, бағалы, буырқаныс тудырған оқиға-қҧбылыстарды таңдап
алып, іріктеу, ықшамдау нәтижесінде белгілі бір кодқа салады, яғни кӛркем
тілмен, тҥрлі образдар арқылы сюжет желісін әсерлі тҥрде басқаға жеткізеді.
Ал мҧның ӛзі шығармашылықтың белгісі, сондықтан хабар беруде кедергі
болмайды. Жалпы алғанда жҥйе кез келген хабарды жеткізуге мҥмкіндік
бергенмен, кейбір кедергілер де болуы ықтимал, сондықтан оқырман автор
кодын тҥсінуге қабілетті болуы керек.
Ақпарат теориясында
Достарыңызбен бөлісу: