«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...». Ақын Ж.
Нәжімеденовтің «Топырақ» өлеңіне алынған эпиграф - ауыз әдебиетінің аса
елене қоймайтын бір үлгісі:
«Сәби шыр етіп жерге түскенде – түбі сол адамның қабірі қазылар тұстың топырағы әйтеуір бір белгі беруге тиіс. Халықтық иланым». Ал Е. Раушановтың өлеңін түзуге қызмет еткен
мағыналық ұйытқы құрылым ретінде эпиграфтағы тіркес алынған, оның
дерегін ақын өзі нақтылап береді:
«Төбелесті күтпеген жерден бастау керек. Сонда қызық болады. Т. Бердияров. (Ауызекі әңгімеден.) » . Эпиграф ретінде
көркем шығарманың кез келген фрагменті алынуы мүмкін. Ақын С. Сағынтай
өз өлеңіне мына үзіндіні эпиграф ретінде береді:
«...Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады... Түйені тұрғызып, бірталай ұстап тұрғанда, жиын әлі үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз. М. Әуезов. Абай жолы». Кейбір авторлар эпиграфты басқа тілдердегі
шығармалардан келтіреді: М. Мақатаев «Пушкинмен қоштасу» өлеңіне оның
«Мы - вольные птицы, пора, брат, пора,..» жолдарын эпиграф етіп алса, Ж.
Жақыпбаев үшін Ә. Науаидың
«Аһларым урсын синә, Уһларым урсын синә» жолдары эпиграф ретінде қызмет етеді. Келтірілген мысалдарда
эпиграфтардың авторлары белгілі болса, Б. Момышұлының «Она»
әңгімесіндегі эпиграфтың авторы да, қайдан алынғаны да көрсетілмеген.
Эпиграфтың тұтас өзі немесе оның бір сөзі, яки эпиграф алынған түпнұсқа
мәтіннің семантикасы қаламгер түзіп отырған мәтінмен қайтсе де не
имплицитті, не эксплицитті түрде байланысты болады. Ол байланыс эпиграф
пен негізгі мәтін арасындағы семантикалық ыңғайластықты, қарама-
қарсылықты, автордың өзінен бұрынғы мәтін иесіне түрлі көзқарасын көрсетуі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
30
мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды – эпиграфтың қолданылуы автор үшін
концептуалды, ал оқырман үшін прагматикалық қызмет атқарады.
Көркем мәтіндердегі цитация ғылыми стильде жазылған мәтіндердегі
цитатадан бірнеше ерекшеліктерімен ажыратылады:
1) Көркем шығармада цитаталы сөз еш өзгеріссіз қолданылып, өзі түскен
контекстің әсер-қуатын арттыруға қызмет етеді. Мысалы:
Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін