Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


цитация, цитирование, цитатная речь



Pdf көрінісі
бет11/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

цитация, цитирование, цитатная речь
терминдері айналымға кірді. Бұл 
терминдер интертекстуалдылықтың маркері болғандықтан толығырақ 
қарастыру керек. 
Цитата ғылыми әдебиетте ХVIII ғасырдың соңына қарай қолданыла 
бастады. Жалпы цитата келтіру христиандардың «Қасиетті жазбаларынан» 
алынған үзінді қолданыстың қай түрінде болсын, дәл, еш өзгеріссіз айтылуы 
қажеттігінен бастау алады. 
Цитата келтіру мәселелері семантика саласында алғаш рет поляк ғалымы 
А. Вежбицкаяның мақаласында [55] көтеріліп, цитата келтіру көбінесе бағалау 
мақсатын көздейтіні дәлелденді. 
Ауызекі сөйлеу тіліндегі және жазба тілдегі цитата келтіру 
ерекшеліктеріне байланысты Н.Д. Арутюнова [56] тиісінше 
«цитация»
және 
«цитирование»
терминдерін ұсынады.
В. Набоковтың орыс және ағылшын тілдеріндегі прозалық шығармалары 
мен осы тілдерде жазатын басқа да қаламгерлердің әңгіме, повесть, 
романдарындағы цитатаның пайдаланылуын, қызметін жан-жақты зерттеген 
Н.В Семенова, керісінше, цитацияны жазба әдебиетке қатысты қолданады. 
Ғалым: «Цитата – бір айтылымның ішіндегі айтылым, олардың мағыналық шегі 
айрықша (диффузды) сипатта болады» [57, 15], - дейді де, цитация деңгейлерін 
төмендегідей бөледі: а) лексикалық; ә) мотивтік; б) метрикалық және 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


26 
анаграмматикалық; в) стильдік. Ол көркем прозаның күшті позицияларындағы 
цитаталарды жеке бөлімде қарастырады. 
Александр Блоктың поэтикасындағы реминисценциялардың қызметін 
қарастырған З. Минцтің пікірінше, символистердің көркемдік сезінуінде ақиқат 
өмірдің кез келген оқиғасы, тілдегі кез келген хабар немесе кез келген мәдени 
дерек цитата деп ұғынылды, себебі символистік-мистикалық көзқараста дүние 
өзіндік құрылымы бар мәтін деп танылды [58]. Ғалым өз зерттеулерінде 
цитатаны кең және тар мағынада түсіндіреді де, кең мағынадағы цитаталарға 
реминисценция мен аллюзияларды жатқызады. «Цитатаның» сөздіктегі 
мағынасындағыдай қолданыстарда болмаса, кең мағынадағы цитата үшін тек 
цитация қағидаты сақталуы жеткілікті екенін, дәлдік, сөзбе-сөзділік аса мәнді 
емесін және ол өзі контексінен алынып отырған мәтіннің «орынбасары» ғана 
болатынын атап айта отырып, ол «цитация», «цитирование» сөздерін қатар 
қолдана береді.
Біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет