Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет84/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

мылтық пистолетті
алмастырған, ол авторлардың әлемді тілдік 
тануындағы стереотиптен туындайды. Ал Ғ. Жайлыбай контексінде прецедентті 
жағдайдың парадигматикасынан хабар беріп тұрған реминисценция претекст 
семантикасын ұлттық когнитивтік кеңістікпен ұштастырған: 
кеменің күймеге
ауыстырылып, 
тіршіліктің теңізге
балануы.
Тілдік тұлға болып есептелетін қаламгер мен оқырманның тілдік-мәдени 
құзіреті интертекстуалды байланыстардың әлеуетін тануға жәрдемдеседі.
Келтірілген мысалдарда претекст пен интертекст семантикасының, 
авторлар көзқарастары арасында кереғарлық, бірін-бірі жоққа шығарушылық 
жоқ, сондықтан олардың бір-біріне жаттығы, бөгделігі сезілмейді. Ал мына бір
жағдай мүлде басқаша. Публицистикалық дискурстан кеңінен белгілі сөз 
тіркесінің семантикасын түсінбей, тек сыртқы құрылымын ғана пайдаланған 
қолданушының мәтіні күлкі туғызып, мазақ секілді түсініледі. Мысалы, 2001 
жылғы бір кітапта: «Мүмкін, сондықтан да 
барлық уақыттар мен 
халықтардың саяхатшысы
Н.М. Пржевальский Тибетке сапар кезінде Шығыс 
Қазақстанның таулы келбетіне таңырқай қарап тұрып, қойын дәптеріне былай 
деп жазып кетіпті: «... Өмір деген сондай-ақ саяхатымен де керемет қой, 
шіркін!..»» [128] деп қолданыпты. Ерекшеленіп көрсетілген сөз тіркесі еске 
түсіретін «халықтардың әкесі» қолданысы И.В. Сталинге қатысты 1936 жылы 
12 сәуірде «Правда» газетінің бас мақаласында бірінші рет көрінді де, сол 
жылдардағы саяси дискурста метафоралық мағынасында, ешқандай 
коннотациясыз жұмсалды. Елдің саяси басшылығы ауысып, Сталин культі 
әшкереленген соң бұл қолданыс «отец всех времен и народов» деген нұсқада 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


110 
ирония, сарказмге ие болды. Шын мәнінде бастауын Библиядан алатын [123, 
546] сөз тіркесінің бойында ғасырлар бойы жинақталған ассоциация, 
коннотацияны эссе авторы ескермей, өз объектісіне өзінің субъективті (өз 
пайымдауы бойынша, мелиоративті) пікірін көрсету, ойын айшықтау үшін 
қолданған сияқты, бірақ оның орынсыздығы, сәтсіздігі сонша, кері әсер 
туғызады. Тілдік-мәдени құзіреті жоғары тұлға бұл сәйкессіздікті бірден 
аңғарса, екінші біреулер еш көңіл бөлмеуі мүмкін.
Қалай болғанда да тілдік тұлға өзіне қажетті сөзқолданысты, мәтін 
фрагментін өзі өмір сүріп отырған лингвомәдени қауымдастықтың кез келген 
мүшесіне әр қилы дәрежеде таныс мәтіннен алады, ал бұның өзі прецеденттілік 
феномендеріне тікелей байланысты.
2.2 Прецеденттілік феномендері 
Интертекстуалдылықты семантикалық тұрғыдан И. Смирнов айтқандай: 
«текстің басқа текстерге сілтеме жасау арқылы тек өзіне ғана тән мән-мағына 
тудыру қабілеті» [18] деп түсінетін болсақ, көптеген текстерді түсіну үшін 
белгілі бір мәдени, әдеби ортаға кеңінен таныс шығарманы еске түсіру керек 
болады. Өйткені белгілі бір қоғамда бір уақытта өмір сүріп, ортақ тілді, 
мәдениетті, әдебиетті тұтынушылар үшін эталон деп саналатын әдеби 
шығармалар болып, олар сол қоғамдағы моральдік-этикалық ұстанымдардың 
эксплицитті көрсеткіші, насихатшысы ретінде қызмет етеді. Ал мұндай 
мәтіндерді 
оқитын 
адамдардың 
өмірлік 
қағидалары, 
көзқарастары, 
адамгершілік туралы пікірлері бір-біріне ұқсас, үндес болып, бір-бірін 
толықтырып отырады. Шығарма авторлары да осы мәдени, әдеби ортаның бір 
өкілі болғандықтан, өзін толғандырған, ойландырған мәселені жазған кезде 
қайтсе де басқа қаламгерлердің әсер-ықпалын сезінбей тұра алмайды. Мұндай 
әсер-ықпалдың саналы-санадан тыс екендігі туралы түрлі пікірлер бар. Алайда 
әр халықтың әдеби үдерісінде мәтінаралық байланыстардың барлығын 
дәлелдейтін мысалдар аз емес және мұндай байланыстар жеке дербес 
туындыны қабылдау, түсіну, талдау, интерпретациялау үшін айрыша маңызға 
ие. Бұл мәтінаралық байланыстар синтагматикалық (мәтіннің өз ішіндегі 
концептуалды орталықтардың өзара байланыстары) және парадигматикалық 
(осы семантика сипатталатын басқа да мәтіндермен байланыстары) 
қатынастарға түсу арқылы өздері маркерленіп те, маркерленбей де кіргізіліп 
отырған мәтіндердің мән-мағынасын байытатындықтан, ол мәтіндер бір 
интертекстуалды кеңістікте қарастырыла алады. Интертекстуалды ортақ 
кеңістік барын көрсететін маркерлер ретінде прецедентті феномендер, яғни 
прецедентті есімдер, прецедентті мәтіндер, прецедентті айтылымдар және 
прецедентті жағдайлар танылатынын ескерсек, олардың көркем дискурста 
вербалдануы мәтіннің интертекстуалдылығын ғана көрсетіп қоймайды, 
сонымен қатар мәтіннің тұтастық, байланыстылық, континуум сияқты басқа да 
санаттарын түзіп, қалыптастыруға қызмет етеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


111 
Мәтінаралық байланыстар зерттеле бастағаннан бері қаламгер түзіп 
отырған жаңа мәтінге енгізілетін бөгде сөз - келтірінді құрылымдар түрлі 
терминдермен аталып келді. Мәселен, прецедентті мәтін – шығыс мәтін, 
архетекст, мәтін-түпнұсқа, генотекст, пратекст, претекст, тілдік афоризм, 
логоэпистема, эквофорема, протослов, перифраз және ноэма. Терминдердің 
мұндай көп нұсқалылығы зерттеушілердің өз нысандарының қандай 
аспектілеріне баса назар аударуына байланысты еді. Бұлардың барлығы 
текстаралық байланыстарға негіз болатын алғашқы мәтіндерді атағанмен, 
олардың біреулері ешқандай коннотациясыз, бейтарап мәнді болса, енді 
біреулері бойында сақталып, қатталған ақпардың рухани әлемге, адамның 
психологиялық ерекшеліктеріне қатысы басымдығына орай эмоционалдылығы 
айқын қолданыстарға айналды.
Дегенмен осы терминдердің барлығы уақыты жағынан ерте пайда болған, 
ұлттық когнитивтік кеңістікте танымал, белгілі мәтіндерді атайтындықтан, 
бірте-бірте екшеліп, претекст, прецедентті мәтін күйінде тұрақтала бастады. 
Бұл тіркесті алғаш айналымға енгізген Ю.П. Карауловтың анықтамасы 
бойынша: «Прецедентті мәтін деп (1) қандай да бір тұлға үшін танымдық және 
эмоционалды тұрғыдан елеулі болып табылатын, (2) тұлғадан тыс сипатты, 
яғни осы тұлғаның алдында және онымен қатар өмір сүріп жатқан айналасына 
жақсы таныс, сонымен бірге (3) осы тілдік тұлға дискурсында қайта-қайта 
айналып соғып отыратын мәтіндерді айтамыз» [129, 216]. Мұндай текстердің 
өмір сүру және қолданылу формасын зерттеуші үш түрге бөледі: 1) табиғи, 
яғни сол қалпында; 2) екінші немесе туынды текст ретінде, демек сол текст 
жөніндегі түрлі сыни пікірлер, зерттеулер немесе сол текстің өнердің басқа 
түріне айналуы – либретто, сценарий, пародия, балет; 3) семиотикалық. Соңғы 
форма туралы ғалым мынадай қорытынды ұсынады: «түпнұсқа мәтінге қатысы 
ишарамен, сілтемемен, белгімен беріледі және сол арқылы коммуникация 
үдерісіне мәтіннің тұтас өзі немесе оның қарым-қатынас жағдайына яки одан 
да ірі өмірлік жағдайға сәйкес келетін фрагменттері қосылады» [129, 217]. 
Көркем туындының мазмұндық-нақты қабатында автор тек басқа 
мәтіндерден 
алынған 
түрлі 
фрагменттерді 
ғана 
емес, 
түрлі 
экстралингвистикалық факторларды да вербалдауына байланысты және 
олардың шығу тегі сан алуандығына қарай, сондай-ақ прецедентті мәтіннің өзі 
нақтылауды қажет еткендіктен бұл термин семантикасы дәлдігінен айрылып,
олардың бәрін қамти алмайтын болды. Қаламгер өз мәтінін әрі горизонтал, әрі 
вертикал контексте түзетіндіктен, танымдық кеңістігінен өзіне қажетті түрлі 
прецедентті құбылыстарды іріктеп, екшеп алып, олардың эмоционалды-
экспрессивті, эстетикалық әсер-қуатын пайдаланады. Соған байланысты 
адамның танымдық кеңістігі, танымдық базасы, танымдық құрылымдары деген 
ұғымдарға сүйенуге тура келеді. Ресейлік зерттеушілер тобының анықтауынша: 
«Жеке адамның барлық білімі мен түсініктерінің жиынтығы оның когнитивтік 
кеңістігі, оны не лингвистикалық, не феноменологиялық болып табылатын 
когнитивтік құрылымдар қалыптастырады» [130, 62]. Лингвистикалық 
когнитивтік құрылымдарға адамның тіл жүйесіне тән ерекшеліктерін меңгеруі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


112 
жатса, феноменологиялық когнитивтік құрылымдар лингвистикалық және 
экстралингвистикалық факторлар туралы білім жиынтығын қамтиды. Авторлар 
прецедентті феномендерді таралу кеңістігіне және қоғамдық қатысына 
байланысты 
социумды-прецедентті, 
ұлттық-прецедентті, 
универсалды-
прецедентті деп бөледі.
Прецедентті құбылыстарды құрылымдық-семантикалық типі тұрғысынан 
төртке бөлген зерттеушілер олардың әрқайсысын төмендегідей сипаттайды: 
«Прецедентный текст (ПТ) – законченный и самодостаточный продукт 
речемыслительной деятельности; (поли)предикативная единица; сложный знак, 
сумма значений компонентов которого не равна его смыслу; ПТ хорошо знаком 
любому среднему члену национально-культурного сообщества; в КБ входит 
инвариант его восприятия; обращение к ПТ многократно возобновляется в 
процессе коммуникации через связанные с этим текстом прецедентные 
высказывания или символы [130, 64-65]. Прецедентті мәтінді оның тек бір ғана 
компонентін еске түсіру арқылы өзектендіруге боладыкейде мүлде 
қайшылықты семантикаға ие болуы мүмкін. 
Прецедентное высказывание (ПВ) – репродуцируемый продукт 
речемыслительной деятельности; законченная и самодостаточная единица, 
которая может быть или не быть предикативной; сложный знак, сумма 
значений компонентов которого не равна его смыслу, в КБ входит само ПВ как 
таковое; ПВ неоднократно воспроизводится в речи носителей русского языка 
[130, 64-65]. Прецедентті айтылымдар тілде орныққан қалпында немесе түрлі 
трансформациямен қолданыла алады. 
Прецедентная ситуация (ПС) – некая «эталонная», «идеальная» ситуация, 
связанная с определенными коннотациями; в КБ входит набор 
дифференциальных признаков ПС [130, 64-65]. Ұлттық ділге байланысты 
прецедентті жағдайлардың белгілері түрліше қалыптасады.
Символ прецедентного феномена (СПФ) – определенным образом 
оформленное, вербально или невербально ( например, изображение змея или 
яблока как символ относящейся к числу прецедентных ситуации соблазнения 
Евы) выраженное указание на прецедентный феномен: прецедентный текст 
(ПТ) или прецедентную ситуацию (ПС). СПФ может быть как предикативной, 
так и непредикативной единицей; входит в КБ; многократно воспроизводится в 
речи для актуализации прецедентного феномена (ПТ или ПС) и связанных с 
ним коннотаций» [130, 64-65]. 
Прецеденттілік феномендері коммуникацияға түсушілердің бәріне бірдей 
деңгейде таныс болмауы мүмкін, бірақ белгілі бір лингвомәдени кеңістікте 
үнемі қолданылуына байланысты сол қоғам мүшелерінде олар туралы үстірт те 
болса түсінік болатыны сөзсіз. 
Аталған прецедентті құбылыстар өз кезегінде вербалды (яғни тілдік 
тұлғаның жадында дайын сөз, сөз тіркесі, сөйлем түрінде сақталып, өмір 
сүретін) және вербалданатын (тілдік тұлға бұларды жадынан алғанда тұтас 
өздерін емес, олардың түрлі дифференциялық белгілерін ғана алып, тұрақты 
атрибуттары арқылы немесе оларсыз өз сөзінде, мәтінінде пайдаланады) болып 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


113 
бөлінеді. Вербалды прецедентті феномендерге прецедентті есімдер, прецедентті 
айтылымдар жататын болса, прецедентті мәтіндер мен прецедентті жағдайлар 
еркін вербалданатын құбылыс деп саналады. Бұл прецедентті құбылыстардың 
әрқайсысын қабылдаудың өз инварианты бар, яғни белгілі бір лингвомәдени 
қоғамда өмір сүретін адамдар олардың сол қоғамда қалыптасып қалған 
белгісімен таныс болады. Сол себепті прецедентті құбылыстарды тез 
танытатын ең негізгі, ең басты, сонымен қатар ең қарапайым, ең қысқа 
белгілерін есте ұстап, қажет жағдайда оларды өз мақсатына қолдана алады. Әр 
қолданушының ұлттық бітім-болмысына, діліне, интенциясына, конситуацияға 
байланысты бұл прецедентті құбылыстардың вербалдануы ешқашан бірдей 
болып шықпайды. Әр адам, мейлі ол оқырман болсын, мейлі қаламгер болсын, 
сол инвариантты қабылдаудың үстіне өз қабылдауын, түсінігін, бояуын қосып, 
өзінше интерпретациялайды. Сондықтан да әр қаламгер прецедентті 
құбылыстарды өз шығармасына кіргізгенде, олардың шығу тегіне қарамай, 
қайтсе де өзінің ұлттық ментальділігін қосатыны сөзсіз. 
2.2.1 Прецедентті атаулар 
Интертекстуалдылық мәселелерін зерттеушілердің пікірі бойынша, 
прецедентті құбылыстың символы ретінде көбіне прецедентті атаулар 
қолданылады екен. 
Зерттеуші А. Ислам прецедентті атауларды былайша анықтайды: «Кейде 
мазмұнды еш өзгертпей-ақ не болмаса белгілі бір идиома ретінде қалыптасуға 
себеп болып, әрі қарай тілімізде қолданысқа түскен сондай типтегі 
жағдаяттардың өлшеуіш және бағалау мөлшері мен шамасы, параметрі бола 
алатын тарихи жағдайлар немесе тарихи бір кезеңде белгілі бір рөл атқарған, 
немесе, белгілі бір тұлғаның, көркем шығарма кейіпкерлерінің айтқан сөздері, 
аттары фразеологизмдердің негізін құрайды. Лингвомәдениеттануда ондай 
белгілі бір социумда белгілі бір мәдени ақпарат бекіген атауларды «прецедентті 
атаулар» деп атайды» [116, 12]. Негізінен бұл пікірге келісе отырып, олардың 
бәрі бірдей идиома болмайтынын және олардың тілде тұрақталуы, 
фразеологизмдер 
қатарына 
өтуі 
түрлі 
объективті, 
субъективті 
экстралингвистикалық жағдайларға байланысты екенін көрсеткіміз келеді, яғни 
прецедентті атаулар көбінесе әр қилы антропонимдер мен топонимдерді 
қамтиды. Ал бұлардың құрылымы өз кезегінде тек бір немесе екі компоненттен 
ғана тұратыны айқын. 
Прецедентті атауларды ономастикалық цитата деп есептесек, көркем 
шығармадағы ономастикон да мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды 
ақпарларды қабылдауға ықпал ететін маңызды элемент. 
Кез келген тілдің аса бір ерекше құнды хабар жинақталған, сақталған 
қабаты – ономастика. Ономастика жалпы алғанда нақты бір тұлғаның, 
құбылыстың, материалдық және рухани құнды нысанның атауын зерттейтін 
ғылым болғандықтан, өз ішінде бірнеше секторға бөлінеді және А.В. 
Суперанская көрсеткендей: «өз кезегінде жеке аймақ немесе өрістерге» 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


114 
ажыратылады [131, 141]. Осы өрістердің ішінде ең көп зерттелгені және 
зерттелетіні антропонимика мен топонимика. Бұлай болатын себебі, бұл 
атаулар адаммен, оның іс-әрекетімен, шаруашылығымен тікелей байланысты, 
ал адам қазіргі кез келген ғылымның негізгі қарастырылатын нысаны екені 
даусыз. Бұл заңды да, өйткені: «Жалғыз ғана түпсіз нысан - адам. Ол туралы 
өмір бойы жазсаң да, тым аз ғана айтуға болады» [132, 76]. 
Антропонимдер өз кезегінде жалқы есім, патроним, псевдоним, крептоним 
деп бөлінсе, топонимдер ойконим, ороним, гидронимдерден құралады. 
Бұлардан басқа болмыс өмірімізде кездесетін реалионимдердің этноним, 
космоним, зооним, фитоним, артоним, фалероним, менсоним, хрононим сияқты 
түрлері бар. 
Фалероним түрлі орден-медальдардың атауын біріктірсе, менсоним сөзімен 
азық-түлік сату, көпшілік тамақтану орындарын атайды, ал артонимдер тобына 
көркем өнер туындысының, әдеби шығарма, газет-журнал, кітап атаулары 
кіреді. Онимдер де, тілдегі басқа сөздер сияқты халықтың тұрмыс-тіршілігі, 
болмысы, ділі, рухани құндылықтарынан хабар беріп, өз бойында ғасырлар 
бойы қатталған ақпарды жеке тұрып та, белгілі бір контекске түсіп те бере 
алады. Әрине, өзі түскен контекске орай онимдер жаңа мағыналық 
байланыстарға ие болып, көркем шығармада түрлі стильдік қызмет атқарады, 
яғни «әдеби-көркем стиль жалқы есімдерді көркем шығармалардың түрлі 
жанрларында байқалатын эстетикалық қызметте өзектендіріп қолданады» 
[133]. 
Зерттеуші Е.А. Козицкая көрсеткендей: «Ономастикалық цитаталар – 
реминисцентті мазмұнды сақтап, қаттаудың және оны мәтінде жұмсаудың аса 
қуатты құралы» [134, 91], демек, прецедентті атаулар мәтін түзуге, мәтін 
модальділігін құруға, бір сөзбен айтқанда, прагматикаға қызмет етеді. 
Кез келген көркем мәтіндегі кейіпкерлердің аты болсын, автор 
баяндауындағы 
басқа 
да 
жалқы 
есімдер 
болсын, 
бекерден-бекер 
қолданылмайды. Оларды қолдану арқылы автор түрлі стильдік мақсатқа жетуді 
көздесе, оқырман үшін де олардың ақпарлылығы сөзсіз, өйткені оқырман бұл 
прецедентті атаулар арқылы басқа мәтіндермен, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі 
оқиғалармен байланыс орнатып, ассоциация негізінде коннотация тудыра 
алады. 
Жалпы қазақ тіл білімінде жалқы есімдердің көркем мәтінде қолданылуын 
қарастырған еңбектер қатарында Ә. Қайдардың, Е. Есбаеваның, Т. 
Әубәкірованың мақалалары мен Қ.З. Жаппардың [135], А. Паңгереевтің [136],
диссертацияларын атауға болады. Е. Керімбаевтың монографиясы [137] мен 
авторлар ұжымы шығарған «Казахское слово в художественном тексте» [138] 
жинағының да ғылыми құндылығы сөзсіз. Соңғы жинақта орыс тілінде 
жазылған көркем мәтіндерде кездесетін қазақ онимдері туралы арнайы тарау 
бар. 
Қазақ ақыны О. Сүлейменов шығармашылығындағы жалқы есімдерді 
көркем мәтіннің құрылымдық элементі ретінде зерттеген Қ.З. Жаппар былай 
дейді: «О. Сүлейменов поэзиясындағы жалқы есімдер – көптеген мағыналық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


115 
байланыстары, күрделі ассоциациялары бар, көркем бейне құруда және 
шығарма мағынасының барлық тереңдігін сезінуде, автордың стилі мен 
көзқарасын танытуда маңызды рөл атқаратын өзіндік ерекше санат» [135, 5]. 
Бұл пікірді басқа қаламгерлердің шығармашылығына да қатысты деп айтуға 
толық дәлел бар. 
Онимдер ұлттық-прецедентті және универсалды-прецедентті болуы 
мүмкін. Ана тіліміздегі көркем мәтіндердегі жекелеген онимдердің 
интертекстуалды байланыстары ұлттық когнитивті базаны ғана қамтиды. 
Мысалы: 
Ақыл мен бірлік еліне оралсаң еді, 
Көп иттің қызып жүр қазір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет