Прометей алауымен
өртенеді өлеңім.
Өртенеді өзегім де өзге затты жат қылып,
Кең дүниені кеземін де, өтемін
от лақтырып
.
Ақын өлеңінде мифологиядан белгілі дәстүрлі оттың алаумен
алмастырылуы кездейсоқ емес: алау сөзінің семантикасындағы жағымды мән,
жарықтың молдығы, қамтитын кеңістігінің ауқымдылығы лирикалық субъектің
поэзияға көзқарасын ерекшелесе, соңғы жолдағы от сол поэзияның бір бөлшегі
- өзін көрсетеді.
Ауыспалы осы шақтың әр жолда қайталануы мифонимде жинақталған
ақпардың мәңгілікпен ұштасып жатқанын және мәтін континуумын танытады.
Сонымен, бір ғана прецеденттік атауды қаламгерлер өз объектілерінің
түрлі ерекшеліктерін айқын көрсетуге, даралауға, толықтыруға пайдаланады.
Мифоним-прецедентті атаудағы ұғым ұлттық ділмен қабысып, эмоционалды
әсер-қуаты айрықша мол тосын образ жасайды. Келтірілген үзінділердің
барлығында
авторлар
прецеденттік
атау
инвариантының
негізгі
дифференциалдық белгісі – іс-әрекеттің сыртқы ұқсастығын пайдаланғанмен,
Прометейдің жеке-жеке ерекшеліктерін өзектендірген. Ал бұның өзі әр авторға
прецеденттік атау негізінде төрт түрлі ерекше тұлға жасауға мүмкіндік берген:
адамзатты неміс фашистерінен құтқару жолында қаза тапқан қайсар ақын;
ыстық мейірімімен тек өз балаларын ғана емес, бүкіл ауылды жылытатын ана;
тарихтағы жасампаздығымен қоса қасіретті, сондықтан да екіжақты орнын әлі
де толық сезініп болмаған жиынтық бейне – пролетариат және адамзат
өркениетінде өз ізін қалдырғысы келетін ақын. Бұл – мифоним-прецеденттік
атаудың танымдық сипаты, әлеуеті әр ұлт тілінде жаңа реңктермен толығып,
байып, семантикалық ауқымы ұлғая, кеңейе түседі деген сөз.
2.2.2 Прецедентті айтылымдар
Прецедентті айтылымдарға зерттеушілер мақал-мәтелдерді, өз контексімен
байланысы ажырап немесе көмескіленіп кеткен цитаталарды жатқызады [130,
65]. Ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырасатын мұндай бірліктер әсіресе монолог,
диалогтердің ұтымдылығын, экспрессивтілігін, эмоционалдылығын молайтады,
айтар ойдың салмағын сезіндіреді, адамды ойлануға жетелейді, айтушының
субъективті көзқарасын білдіреді, жеке фактілерді жинақтап, жалпылайды,
немесе, керісінше, жалпы нәрседен дара факті-оқиғаларға баға береді, ойды
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
122
нақтылайды, дәлелдейді. Бұлар белгілі бір лингво-мәдени қоғамда өмір сүретін
тұлғалардың бәріне таныс болады да, олардың тілінде белгілі бір жағдайға
байланысты үнемі қайталануы мүмкін. Сондықтан қаламгерлер аталған
бірліктерді көркем мәтінде әр алуан стильдік мақсатта, әр қилы позицияда, әр
түрлі ситуативті контексте қолданады: бірде тұтас шығарманың идеялық-
эстетикалық мазмұнын аңғарту үшін эпиграф ретінде келтірсе, бірде өз
пайымдау, баяндауында ойды жинақтап, қорытуға немесе оны нақтылап,
дәлелдеуге пайдаланады. Ал кейде кейіпкерінің тілі арқылы тұтас бір ойға,
адамға баға бергізеді, кейде көлемді шығармалардың ірі бөліктерін – күрделі
синтаксистік бірліктерді не абзацтарды - өзара байланыстыруға қызмет еткізеді.
Бұған себеп – олардың ықшам, әсерлі екендігі, астарлы ойды қалыптастыруға
қолайлылығы және есте тез әрі еріксіз сақталып қалатындығы.
Ана тілімізде мақал-мәтелдердің алғаш жазба деректерде кездесуі Ш.
Уәлиханов есімімен байланысты. Ол өз досы Н.Ф. Костылецкий үшін жинап,
«Үлкен Орданың мәтелдері» деп атаған қолжазбасына 33 мақал-мәтел енгізген
екен [140, 48]. Ы. Алтынсарин өз хрестоматиясында халқымыздың ең таңдаулы,
көркем санаған мақал-мәтелдерін он түрлі мағыналық топқа жіктейді. Сондай-
ақ А. Диваев пен И. Ибрагимов жинастырған мақал-мәтелдер 1889 жылы
Ташкентте жарық көрген. А. Вамбери, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский,
И. Терентьев сияқты орыс миссионерлерінің бұл салада азды-көпті үлесі
байқалады. 1923 жылы Мәскеуде «Мың бір мақал» жинағы орыс тілінде жарық
көрсе, 1941 жылы басылып шыққан «Қаһарлы сөз қамал бұзады» деген жинақ
пен Ұлы Отан соғысынан кейін шығарылған кітаптарға ана тіліміздің алтын
қорындағы төл мақал-мәтелдеріміз бен аударма арқылы да қосылған біраз
қазына енген.
Бұл салада жүргізілген зерттеу жұмыстары да баршылық. Атап айтқанда,
қазақ мақал-мәтелдерінің көркемдік белгілері, тілдік табиғаты, стильдік
қызметін саралаған алғашқы еңбектер қатарында Р. Сәрсенбаевтың «Қазақ
мақал-мәтелдерінің лексико-стилистикалық ерекшеліктері» атты тақырыпта
1961 жылы қорғаған кандидаттық диссертациясын, 1967 жылы М. Әлімбаев
шығарған «Өрнекті сөз – ортақ қазына» деген кітапты ерекше айтуға болады.
Бұл еңбегінде ақын көбінесе «сөз атасы» аталатын мақал-мәтелдердің ана
тілімізге аударылу практикасын сөз еткен және жекелеген пікірлерін таза
ақындық (шығармашылық) тұрғыдан ұсынған.
Х. Қожахметованың еңбегінде фразеологизмдердің көркем шығармаларда
қолданылу мүмкіндіктері қарастырылған. Автор В.В. Виноградов пен Н.М
Шанскийдің жіктемесіне сүйене отырып, фразеологиялық тіркестердің
семантикалық ұласуын 4 топқа бөледі де, мақал-мәтел, афоризм, қанатты
сөздерді фразеологиялық түйдекке жатқызады [141, 24]. Фразеологиялық
бірліктердің басқа түрлерімен қатар бұлардың қаламгер шығармашылығында
әр түрлі стильдік мақсатта жұмсалуына, олардың мәтін ыңғайына қарай
жаңғыртыла қолданылуына, сондай-ақ олардың окказионалды түрлеріне назар
аударып, өз ой-пікірін Ғ. Мұстафин шығармаларынан алынған мысалдармен
дәлелдейді, яғни аталған тілдік бірліктерді әр қаламгер өз қажетіне орай дар
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
123
қалпында немесе лексикалық, морфологиялық өзгеріспен, синтаксистік
инверсиямен шығармашылық түрде қолданатынын көрсетеді. Соңғы кезде
көркем шығарма тілінің сан алуан ерекшеліктерін қарастыруды мақсат еткен
зерттеушілер мұндай қолданыстардың жиі ұшырасатынына назар аударуда.
Аталған тілдік бірліктер кейде еш өзгеріске түспей, тарихи тұрақталған
қалпында қолданылса, кейде лексикалық, морфологиялық, синтаксистік
деңгейде түрлі алмастыруларға ұшырайды. Олардың өздері түсіп тұрған мәтін
семантикасына еш жаттығы сезілмейді, керісінше, ассоциативтік байланыстар
арқылы негізгі мәтін мазмұнын толықтырып, оған қосымша бағалауыштық,
модальдік мән үстейді. Мұндай жағдайда олар кейде оңай танылса, кейде тану
үшін оқырман өз когнитивтік базасын белсендіру қажет.
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қ. Мырза Әлидің шығармашылығында
контекстік афоризмдер – сентенциялардың біразының негізінде прецедентті
айтылымдар жатқаны белгілі. Мысалы, «Ақылды адам тоқтар сөзге аталы»,
«Жыртықтар қашанда тесікке күледі», «Тар жол, тайғақ кешуден аман өтіп,
мүмкін тегіс жерлерде сүрінуің», «Адамның бірақ ақылы сонда: өздері
жамандықты айтып жақсыға ғана сенеді», «Не барың, не жоғың белгісіз жан
болма», «Шыж-быж жақсы, меніңше, тоңторыстан», «Екенін ел кімнің кім
алмақ танып, әуре болма лайдан аулап балық» тәрізді тұжырымдарды атауға
болады. Келтірілген сентенцияларға негіз болған фразеологизмдер, мақал-
мәтелдер оңай танылса да, автор қолданысында ретсіз, жөнсіз көрінбейді.
Мәселен, тар жол, тайғақ кешу фразеологизмі Абайдан (тар соқпақ) бастап, А.
Тоқмағамбетов, Н. Наушабаев сияқты ақындардың өлең жолдарында түрлі
инверсияға ұшырап қолданылғанмен, тек С. Сейфуллин кітабының атауынан
кейін, «аса қиын, ауыртпалық азабы мол жол» ұғымында халық арасына кең
тарап кеткені байқалады. С. Сейфуллин контексінде нақты тарихи-әлеуметтік
кезеңдегі саяси-қоғамдық жағдайларды қамтып, кең ауқымда алынған бұл
фразеологизм Қ. Мырза Әли қолданысында өмірдің әр алуан құбылыстары мен
жағдайларындағы адам қарым-қатынасының сан түрлі нюанстарын тұспалдап
білдіреді: «Тар жол, тайғақ кешуден аман өтіп, мүмкін тегіс жерлерде
сүрінуің». Сентенция құрамындағы сүріну сөзі өзінің дәстүрлі семантикасынан
ауыстырылып, оқыс, ағат қылық, іс-әрекет атауы болып метафораланған.
Контекстік антоним ыңғайында тұрған тегіс жер – тар жол, тайғақ кешудің
дыбыс әуезділігі, ішкі ырғақ, жалпылық сипат тартымды түзілім құрған.
Сентенциялардың өзі тұтас мәтіннің не кіріспесі, не қорытындысы, не
когеренті, не тұйықтаушысы болатынын ескерсек [6, 89], прецедентті
айтылымдар сол мәтінді түзуге қызмет етеді.
А.С. Пушкиннің «Пустое вы сердечным ты, Она, обмолвясь, заменила»
және М. Әлімбаевтың « «Сіз» деген салқын сөзден шошимын ғой, «Сен» десең
көңіл шіркін шалқиды ғой» деген жолдарымен үндес «Мың сіз-бізден бір
шыж-быж артық» деген мақалда сіз-біз бен шыж-быж қарсы қойыла
салыстырылған, яғни сіз-біз жалған сыпайы, шікәмшіл, кейде тіпті керенау,
өзімшіл жандардың бейнесі болса, шыж-быж қос сөзінің ауыспалы «күйіп-пісті,
ашуланды» мағынасы арқылы дос-жар адамына жаны жақын, ол үшін жаны
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
124
ауыратын адамдар образы берілген. Осы мақал семантикасын ақын жаңа текст
түзуге пайдаланған және прецедентті айтылым лексикалық деңгейде танылып
тұр: «Шыж-быж жақсы, меніңше, тоңторыстан» деп, өзінің субъективті
көзқарасын ашық көрсетеді. Өйткені сентенция бір лексика-семантикалық
парадигмадағы сөздердің түрлі дәрежедегі эмоционалды реңкі арқылы
вербалданған. Прецедентті айтылымдар негіз болған сентенциялар да
құрылымдық-тұлғалық ерекшеліктеріне қарамастан түрлі жағдайларды бағалау
үшін қолданылатыны осы мысалдардан айқын байқалады. Жалпы алғанда,
сентенциялардың мақал-мәтелдер қатарына өту әлеуеті жоғары болатынына
орай, прецедентті айтылымдар негіз болған сентенциялар да дербес қолданыла
алатын тілдік бірлікке айналу ықтималдылығы басым демекпіз.
Ал төмендегі мысалдарда мақал-мәтелдер өзгеріске түсе қоймаған:
Достарыңызбен бөлісу: |