Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі



Pdf көрінісі
бет97/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

«ақыл-ой, ар-ұятым!» 
Маған да арай халқымды, саған да арай,
Сөйлемедің тегінде қараламай. 
Күнің, сірә, болды ма жүрген сенің 
Ұлттар мен ұлттарды алаламай? 
Әрине, Г.В. Денисованың жоғарыдағы топтамасы бұрындары орыс 
зерттеушілері А.Е. Супрун [29], Е. Козицкая [134], Н.А. Фатеева [38], И.В. 
Арнольд [8] көрсеткен прецедентті мәтіндерді қамтитынына қарамастан, 
қолданыс аясы, жиілігі, жалпы тілдік-мәдени қоғамның, ұжымның, 
қауымдастықтың белгілі бір кезеңдегі тілдік жадына байланысты 
жасалғандықтан, көңілге қонымды деп есептейміз. Өйткені күнделікті өмірден 
де байқалатындай, тұрмыстық және ресми, оның ішінде көркем 
коммуникацияда да бір кезеңде жекелеген претекстер белсенді қолданыста 
болады. Мысалы, өткен ғасырдың 90-жылдары ортасында Е. Раушановтың 
«Қара бауыр қасқалдақ, қайда кеттің пыр-пырлап» өлең жолдары жалпы қазақ 
баласына қатысты қолданылғаны ақиқат, ал бұл шығарма негізінен Д.А. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


128 
Қонаевқа арналғаны белгілі. Саяси қайраткердің ресми биліктен де, қоғамдық 
өмірден де аластатылуы бүкіл қазақ халқының да басынан кешіп отырғаны 
болғандықтан, прецедентті мәтін қолданушысының субъективті пікірін 
білдіруге таптырмас форма, яғни прецедентті құбылыстың дифференциалды 
белгілері, атрибуттары сәйкес келеді. Сондай-ақ он шақты жыл бойы эфирден 
түспеген «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні үзіндісінің қолданылу 
жиілігі, оған сыйғызатын мәннің сан алуандығы (шын мәніндегі таң қалу, 
сүйсінуден бастап, өкпелеу, жиіркену, ашық сынау, мысқылдау, күлкіге 
айналдыруға дейін) соншалық, бір мезгіл тіпті клишеге айналып, өзінің әу 
бастағы семантикасын, мелиоративті коннотациясын жоғалтып алды. 
Әлсіз әдеби мәтіндер қатарында қазақ тілінде әдетте «Тамаша», «Күлкі 
керуені» бағдарламаларында ойналатын интермедияларды атасақ та жеткілікті. 
Мысалы, «Құдағи, бір партия» деген құрылым бір-бірімен жаңа құда болып 
жатқан адамдар арасындағы жатырқаушылықты, қолайсыздықты жойып, 
қарым-қатынас орнатуды жеңілдету үшін, яғни контакт орнату үшін 
қолданылады. Бұл орайда оны айтушы да (коммуникант), оны қабылдаушы да 
осы коммуникем айтылған ситуативті контексті еске түсіреді, сондықтан бұл 
құрылым қазір тіпті жаңа таныс адамдарға да өз ойын, тілегін жеткізуге 
мүмкіндік береді. Бір ерекшелігі сол – бұл басқа да ситуацияларда қолданылуға 
жарай береді. 
Әлсіз әдеби мәтіндерге жекелеген қаламгер үшін өзіндік орны болса да,
тілдік-мәдени ұжымның барлық мүшелеріне танымалдығы, құндылығы бірдей 
емес, тек белгілі бір кезеңде ғана белсенді қолданыста болып, араға уақыт 
түскен соң ұмытылып кеткен иә болмаса ұмытылып қалатын претекстерді 
жатқызуға болады. Айта кету керек, жалпы қазақ әдеби үдерісінде 
интертекстуалды байланыстар көбіне цитата сөз ретінде көрінетіндіктен, әлсіз 
әдеби мәтіндердің претекст болуы байқалмайды десе де болады.
Ал күшті әдеби мәтіндерге Абай шығармаларын жатқызуға болады. 
Абайдың өлең жолдары әрі поэзиялық, әрі прозалық шығармаларда кейде 
өзгеріске түсіп, кейде еш өзгеріссіз кіргізіліп, мәтін семантикасына әсер етеді. 
Төмендегі мысалдарға назар аударалық: 
Көніп кеп ыстықтар мен суықтарға, 
Бір дана шапағатты туып таңда, 
Сіздің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет