136
қолжазбаның алғашқы тарауын аударыстырып көріп, ар жағын оқуға
құлқы болмай қоя салған. Повестің тым нашар жазылғанын аңғару үшін,
соның өзі-ақ жеткілікті еді. Сөйлемдері сөйлем емес, жәшіктен суырған бір
дорба қисық шеге тәрізді. Оны нормаға түсіру үшін әрқайсысын төске
салып, бір-бірлеп түзету керек).
Синонимдік синтаксистік құрылымдармен
берілген теңеу – автоцитация. Қаламгер, әрине, тіл қазынасынан өзінің ойын
жеткізетін басқа теңеу таппаған жоқ, өз жадынан, өз танымдық кеңістігінен
сәтті табылған дайын коммуникативті құрылымды, сол арқылы семантиканы
өзі түзіп отырған жаңа мәтінге саналы түрде енгізеді.
Қ. Жұмаділов баспадан жұмыстан кетуіне байланысты айтылған сөзін де
бір әңгімесіне кіргізеді:
«Қайтеміз қоймағанда? Бірегей орын өздеріңнен
артылмайды, плебей болып менің жүргім келмейді, - деді, Батырхан жорта
қырыстанып».
Жазушы өз кейіпкерінің қайшылықты, күрделі болмысын
суреттеу үшін өзінің бір кездері бастығына айтқан сөздерін қолданады:
«Қабдеш Жұмаділов ұзақ жыл баспа саласында қызмет атқарған.
«Жазушы» баспасында он жыл, Мемлекеттік баспалар комитетінде бес
жыл. Бірақ өмірі үш кісінің үстінен қарап көрмеген ағамыз «аға редактор»
деген басқыштан әрі аспапты. Содан бір күні жазушылық даңқына қызмет
дәрежесі сай келмейтін болған соң, бастығына: «мені өз өтінішім бойынша
Достарыңызбен бөлісу: