О Оба – оба бактериясы тудыратын адамның карантиндік ауруы. Негізінен ауру
жануардан және ауа-тамшы арқылы жұғады.
Овуляция – жетілген жұмыртқа жасушаларының аналық безден дене
қуысына түсуі.
Озон тесігі – озон мөлшері күрт төмендейтін, соған байланысты Жердегі
тіршіліктің Күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсеріне ұшырайтын
озоносфера аймағы.
Оксигемоглобин – гемоглобиннің молекулалық оттекпен қосылысы; оттекті
О 2 тыныс алу мүшелерінен ұлпаларға тасымалдайды және артерия қанының
ашық қызыл түсін анықтайды.
Окситоцин – гипофиз безінен бөлініп, жатырдың жиырылуын реттейтін
гормон.
Олигофрения – туа біткен немесе бала кезде жүре пайда болған дамымаған
психикалық іс-әрекет.
Онтогенез – әрбір организмнің жеке дамуы.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) – ми мен жұлыннан тұратын жүйке жүйесінің
негізгі бөлімі.
Ортанғы құлақ – есту жүйесінің бөлімі. Дабыл жарғағынан, ауа толы
дабыл қуысынан, ондағы есту сүйекшелерінен (балғашық, төстік, үзеңгі) және
жұтқыншақпен жалғасқан евстахий (есту) түтікшесінен тұрады.
Остеобласттар – сүйек ұлпасын синтездейтін жасушалар. Өсіп жатқан сүйек
ұлпасының бетінде орналасқан.
Остеоциттер –
остеобласттардан түзілген сүйек ұлпасының жетілген
жасушалары.
Отит, бұлық – құлақтың қабынуы.
Офтальмология – көру мүшесінің анатомиясы мен физиологиясын зерттейтін,
көз ауруларын, оларға диагноз қою, емдеу және алдын алу әдістерін жасайтын
медицина саласы.
ө өкпенің қабынуы , пневмония – өкпе ауруларының тобы. Альвеолада, өкпе
мен бронхиоланың аралық ұлпаларындағы қабыну үдерісімен сипатталады.
өндіршек – көмекей жұмыры немесе жұтқыншақ.