А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет214/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Р
Радикулит
– жұлын жүйкесі тамыршаларының зақымдануына байланысты 
туындайтын ауру. 
Реанимация
– ағзаның күрт бұзылған немесе жойылған тіршілік үшін 
маңызды қызметінің қалпына келуі.
Редуценттер
– өлі органикалық заттарды (өлексе, қалдықтар) ыдырататын 
және оларды басқа ағзалар – продуценттер сіңіре алатын күйге келтіретін 
бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (сапротрофтар). 
Резус-фактор 
– қанның эритроцит жасушаларының құрамында болатын 
нәруыз.
Рекомбинация
– ұрпақта белгілердің жаңа үйлесімін тудыратын гендердің 
жаңа үйлесімінің пайда болуы.
18–3459


274
Ремиссия
– ауру белгілерінің уақытша әлсіреуі (толық емес Р.) немесе 
жойылуы (толық Р.). 
Рефлекстер 
– жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштер әсеріне 
жауап ретінде жүзеге асырылатын ағза реакциясы. 
Рефлекс доғасы 
– рефлекстің жүзеге асуына қатысатын жүйке түзілімдерінің 
жиынтығы.
Рецепторлар
– сыртқы және ішкі ортадан тітіркендіргіштерді қабылдайтын 
және жүйке жүйесінің ерекше белсенділігіне түрлендіретін арнайы сезімтал 
түзілістер. 
Рецидив
– ремиссиядан
­
кейін
­
аурудың клиникалық белгілерінің қайта пайда 
болуы. 
Реципиент –
қан қабылдайтын адам.
Рибоза 
– барлық тірі жасушаларда РНҚ құрамында болатын моносахарид.
Рибонуклеин қышқылы (РНқ) 
– жоғары молекулалы органикалық қосылыс; 
нуклеин қышқылдарының типі.
Рибофлавин 
– суда еритін В

дәрумені. 
Ризоидтар 
– тамыр қызметін атқаратын мүктердегі жіптәрізді түзіліс-
тер; қырықжапырақтардағы, қыналардағы, кейбір балдырлар мен саңырау-
құлақтардағы өскіншелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет