Тимозин – айырша безден бөлінеді, екінші реттік жыныстық жетілуді
реттейтін гормон бөледі.
Тироксин – қалқанша безден бөлінетін ағзада йодтың алмасуын реттейтін
гормон.
Тонометр – қан қысымын өлшейтін арнайы құрал.
Торлы қабық – жарыққа сезімтал көптеген таяқшатәрізді және құтышатәрізді
жасушалардан тұратын көздің ішкі қабығы.
Төстік – дыбыс тербелісін балғашықтан үзеңгіге өткізетін ортанғы құлақтың
есту сүйекшесі.
Туа біткен дақ – терінің дамуының кемшілігі; оның белгілі бір жасушаларының
шамадан тыс өсуі. Тамырлы, пигментті, сүйелді дақ болып бөлінеді.
Туберкулез – зиянды бактериялардың әсерінен пайда болатын өкпенің
жұқпалы ауруы.
Тұмау (грипп) – вирустардың әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру.
Тіл – ауыз қуысының түбіндегі бұлшық етті өсінді.
Тілше – жұмсақ таңдайдың артқы шетіндегі өсінді. Жұмсақ таңдаймен бірге
жұтқан кезде аңқаны жұтқыншақтан бөледі.
Тісжегі (кариес) – тістің қатты ұлпасының бұзылуынан болатын ауру.
Тіс кіреукесі – тіссауытты жауып тұратын арнайы эпителий ұлпасы.
Тырысқақ, холера – тырысқақвибрионытудыратын карантиндік ауру. Ауру
адамнан, бұзылған тамақ, лас қол және т.б. арқылы жұғады.
у уремия – бүйрек ауруы.
уролог – бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер.
Ұ Ұйқы – физиологиялық процесс.
Ұйқы артериясы – мойынның екі жағынан тамақ және өңеш бойымен
орналасқан жұп қан тамырлары. Оларды басқанда адам есін жоғалтуы мүмкін.
Ұлтабар , он екі елі ішек – ашішектің (асқазанның шығаберістегі тесігінен
ашішекке дейінгі) бастапқы кесіндісі.
Ұма – ерлердегі аталық без болатын тері-бұлшық етті қапшықтәрізді түзіліс.