А. Соловьева, Б. Ибраимова


§26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері



Pdf көрінісі
бет86/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

§26. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері. 
Кеуде қуысының механизмі
Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін түсіндіру
«Тыныс алу орталығы мидың қандай бөлімінде орналасқан? Ол неге жауап 
береді? Осы бөлімде тағы қандай орталықтар орналасқан? Кеуде және құрсақ 
қуысы арасындағы бұлшық етті қалқа қалай аталады? Ол ең алғаш қандай 
омыртқалы жануарларда пайда болды? 
Тыныс алу және тыныс шығару механизмдері 
нейрогуморальды­
жолмен­ реттеледі.­
Тыныс алудың өзі орталық жүйке жүйесі арқылы 
реттеледі. Тыныс алу және тыныс шығарудың ырғақты ауысымын 
сопақша мида орналасқан тыныс орталығы қамтамасыз етеді. Қолқа мен 


112
ірі артерияларда қанда СО

концентрациясы артқан кезде қозатын ар-
найы жасушалар – 
хеморецепторлар­
бар. Бұл қозу сезімтал жүйкелер 
бойынша тыныс орталығына беріледі. Алған ақ паратты өңдеген соң ты-
ныс орталығы қозғалғыш нейрондар бойынша қабырғааралық бұлшық 
ет пен көкетке (диафрагмаға) команда береді. Бұл бұлшық еттер жи-
ырылады да, кеуде жасушаларының көлемі ұлғаяды. Өкпедегі қы сым 
төмендейді де, ауа айдалады – тыныс алады.
Адам ауамен тыныс алып және тыныс шығармаған кезде тыныс алудың 
барлық мүшелерінде қысым бірдей болады. Ол атмосфералық қысымға 
тең болады, сондықтан кейде оны нөлдік қысым деп атайды. Тыныс алу 
кезінде кеуде қуысында қысым кемиді де, атмосфералық қысымнан төмен 
болады. Паскаль заңы бойынша тыныс алу жүзеге асады. Бірақ кеуде 
қуысындағы қысым – өкпе сыртында әрқашан атмосфералық қысымнан 
төмен болады. Сондықтан өкпе тыныштық күйде сол қалпында қалады. 
Тыныс шығарған кезде өкпедегі қысым ауа өкпеден шыққанша көтеріле 
бастайды. 
Бұл ауаны шприцпен сорып алғанға ұқсайды. Егер пор шеньді тартып 
шприц ішіндегі көлемді арттырса, оған ауа (немесе сұйықтық) тартыла-
ды. 
Тыныс шығарған кезде кеуде қуысының көлемі азаяды. Тыныс 
шығарған соң орталыққа альвеола, қабырғааралық бұлшық ет және 
көкетте орналасқан жүйке ұштарынан олардың созылу және жиырылу 
дәрежесі туралы сигнал түседі. 
Тыныс орталығы, сондай-ақ жөтелу, түшкіру сияқты 
қорғаныш
рефлекстерін­
жүзеге
­
асырады. Оған химиялық (иістер) немесе 
механикалық (шаң-тозаң, шырыш) тітір кендіргіштер себеп болады. Қозу 
мұрын қуысындағы рецепторлар көмей немесе бронхыда пайда болуы 
мүмкін. Бұлшық еттер (қабырғааралық және көкет) күрт жиырылады да, 
нәтижесінде мұрын (түшкіру) немесе ауыз (жөтел) арқылы бірден тыныс 
шығарасың. Егер тітіркену себебі жойылмаса, рефлекстер қайталануы 
мүмкін. Симпатикалық жүйке жүйесі әсер еткен кезде тыныс жиілейді, 
ал пара сим патикалық жүйке жүйесі кезінде тежеледі. 
Тыныс­алудың
гуморальдық­реттелуі.­
Тыныс орталы ғының жұмы-
сына қанның химиялық құрамы да әсер етеді. Қандағы көмірқышқыл 
газының концентрациясының артуы тыныс орталығын қоздырады да, 
тыныс алу жиілейді. Көмірқышқыл газының концентрациясы неғұрлым 
жоғары болса, тыныс алу соғұрлым жоғары. Сонымен қатар тыныс 
алудың жиілеуіне қанға адреналин (бүйрекүсті безінің гормоны) мен 
кейбір заттардың түсуі де әсер етеді. 


113
Тыныс алуды басқару кезінде жүйке және гуморальдық (қан дағы 
химиялық заттар арқылы) реттелу өзара тығыз байла нысты болады. Ты-
ныс алу қозғалыстарын жүйке орталығы рет тейді, ал жүйке орталығы өз 
кезегінде қан құрамына әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет