материалдық жəне рухани мəдениет тілде іске асады;
ü
əрбір мəдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде əлемді ере-
кше көру арқылы бейнеленеді;
ü
əрбір тілге өзгеше ішкі форма тəн;
ü
ішкі форма – «ұлттық рухтың», оның мəдениетінің көрінісі;
ü
тіл – адам жəне оны қоршаған əлем арасындағы аралық буын
[1985: 5].
Қазіргі тіл біліміндегі антропологиялық бағыттар: лингвокоцепто-
логия, лингвосоциология, лингвопсихология, лингвоэтнология, (этно-
лингвистика) жəне лингвомəдениеттану, яғни тіл арқылы мəдениеттану.
Соңғысы жаңа арна – мəдениет пен тілдің байланысын зерттеу болып
табылады. Гумбольдтық бағдар бойынша тіл – адам өмірінің барлық
саласын дүниені танудан бастап, өмір тіршілігін тұтас қамтитын жəне
оның заттық, рухани мəдениетін келер ұрпағына жеткізетін құрал. Олай
болса, адамды тіл ішінде тану дегеніміз – оның бүкіл болмысын тану,
өмір сүру, күн кешу сияқты қарапайым тіршілік ұстанымдарын білу.
Тіл мен мəдениет арақатынасы туралы мəселе өте күрделі, əрі
жан-жақты. Сондықтан, бүгінгі таңда, бұл мəселеге қатысты бірнеше
тұжырымдар қалыптасқан.
Бірінші тұжырым С.А.Атанов, Г.А.Брутян, Е.Н.Кукушкин,
Э.С.Маркарян сияқты философтар пікірінің негізінде қаланды. Бұл
тұжырым бойынша, тіл мен мəдениет байланысы бір бағыттағы қозғалыс
болып табылады, өйткені тіл өмір шындығын бейнелейді, ал мəдениет
– сол шындықтың ажырамас бөлігі. Ендеше тіл – сол мəдениеттің бей-
несі. Егер шындық өзгеретін болса, ұлттық мəдени қалыптар да өзгеріске
түседі, ал онымен бірге тіл де өзгеретіні анық. Бұдан мəдениеттің тілге
əсері айқын байқалады.
Ал екінші тұжырым өкілдері, керісінше, тілдің мəдениетке əсерін
қарастырады. Тіл адамзатсыз өмір сүре алмайды. Ол біздің санамызда,
жадымызда, орын алады, сондықтан ойдың, сананың өзгеруіне байла-
нысты ол да бейнесін өзгертеді. Тілдің мəдениетке əсері туралы мəселені
Э.Сепир мен Б.Уорф мектебі зерттеді. Бұл гипотеза негізінде адамдар
əлемді өз ана тілінің аясында əр түрлі қабылдайды деген тұжырым жа-
тыр. Егер əрбір тіл өмір шындығын өзіне тəн тəсілмен бейнелейтін болса,
онда тілдер «əлемнің тілдік суретімен» ерекшеленеді.
151
Қазіргі кезде тіл мен мəдениеттің арақатынасына негізделген бір-
неше ғылыми бағыттар бар соның ішінде, ең алдымен, бастауын
А.А.Шахматов, А.А.Потебня, А.А.Афанасов т.б. еңбектерінен алатын
этнолингвистикалық бағыттарды атауға болады. Бұл бағыттың екі
тармағы қалыптасты.
1. Тіл арқылы этникалық территорияны жаңғырту. Бұл бағытта
В.В.Иванов, Г.В.Гамкрелидзе, Р.А.Агеева еңбектері өте құнды.
2. Тіл арқылы этностың заттық жəне рухани мəдениетін жаңғырту.
Оның негізін қалаушылар – В.В.Иванов, В.Н.Топоров, Н.И.Толстой
т.б.
Қазір тіл білімінде тіл арқылы мəдениеттанудың елтану, лингво-
мəдениеттану, этнолингвистика сияқты жаңа бағыттары қалыптасып, тіл
мен мəдениеттің арақатынысын бағдарлауға, зерттеудің жаңа əдістері
мен тəсілдерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Елтану тоқырау кезінде көп қиындықтар кешті. Қоғамдағы жаңалық,
өзгерістердің тек жақсы тұстарын ғана жария етіп, теріс жақтарын жа-
сырып көрсету гуманитарлық ілім ретінде елтану үшін өте қиын соқты.
Мəдениеттің нағыз даму жолдарын түсіну үшін оның жақсы жақтарымен
қатар жағымсыз тұстарын да көрсете білу қажет.
Елтану бағыты этномəдени тұрғыда əр ұлттың өзін-өзі қайта та-
нуымен байланысты. Бұл – əр ұлт тілдеріндегі соңғы кездегі тілдегі
əлеуметтік оң өзгерістер ықпалы, əркім өз «дүниесін бөліп алып», «мен
кіммін, басқалардан қандай артықшылықтарым бар» деген менталдық
қасиеттердің жандануы немесе оянуы.
Мəселен, бұрындары шетелдіктер үшін орыс тілін үйрену кезінде,
оқыту процесінде сол ұлт тілі арқылы елін, халқын тануға мүмкіндік
алды. Сол себептен де орыс тіл білімінде шетелдіктерді орыс тіліне үйрету
барысында қалыптасқан Елтану пəні дүниеге келді. Бұл пəннің мақсаты:
тілді үйрету барысында ұлттық ерекшелікті барлық қырынан əлеуметтік,
мəдени, тарихи жағдайын тұтастай тек тіл арқылы таныту. Ұзақ жылғы
практикалық тəжірибе тіл арқылы Елтанудың методологиялық негіздерін
қалыптастырды. Тіл өзінің өмір сүру қалпында өзінің дамыған ортасын-
да үш түрлі қызметімен ерекшеленеді.
1. Тіл адамдардың өзара түсінісуі үшін жұмсалатын коммуникативтік
қызметі арқылы екеуара сөйлесетіндер үшін кез-келген құбылыс, зат
атауларының түсінікті болуы.
152
2. Тіл тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол адам өмірінің
заттық жəне рухани мəдениетінің сол ұлтқа тəн төл-тума қасиеттерін
жинақтап, сақтау арқылы келесі ұрпаққа жеткізеді. Мұны тілдің куму-
лятивтік қасиеті деп атайды.
3. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі – əлеуметтік өмірде адамдарды
жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптастыруы (Верещагин, 1980,
10).
Тіл бір адамның ғана меншігі емес, мəселен, қазақ тілінде бүкіл бір
ұлт, халық сөйлейді. Тіл арқылы бүкіл қазақ ұлты өмірлік көріністердің
тұтас мəліметін жинақтады. Осы мəліметтер арқылы адамдар сол тілде
сөйлейтін бір ұлттың тұтас өмірлік көріністерінің айнасын көз алдыңызға
əкеледі. Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке
адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тəжірибесін, дəстүрлерін
меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мəдениетке үлесін
қосады. Тіпті, үрім бұтағына дейін отбасында ана тілі арқылы үйренген,
білген қасиеттерін дарытуға ұмтылады, дəстүр жалғастығын үзбейді.
Осындай ерекшеліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады.
Қазіргі кезде қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі халықтық, ұлттық дəстүрді,
салт сананы қалыптастырудағы екі ұдай даулы мəселелерге айналуының
өзі рухани ұлт мəдениетінің алтын діңгегінің шайқалуына əсер етті.
Тілдің жоғарыда айтқандай кумулятивтік қызметі жекеден жалпыға
жинақталғанда ана тілінің қоғамдық қызметінің қаншалықты жоғары
екендігі түсінікті. Егер қазақ тілінің бұрынғы əлеуметтік потенциясының
соншама мықтылығы болмаса, дəл бүгінгі таңда ұлт мəдениетінің күні не
болатыны түсінікті. Ұлт мəдениетінің сақталуы тек ұлы тілінің осындай
кумулятивтік қызметіне байланысты.
Тіл арқылы барлық құбылыс, заттар, яғни, əлемнің тілдегі көрінісі
тілдік единицаларға тəн болғанымен, кумулятивтік қызмет, əсіресе, фра-
зеологизмдер мен мақал-мəтелдерден ерекше байқалады. Оның себебі
сол ұлт топырағында тамырланып, нəр алған халық тіліндегі сөздер мен
фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере ала-
ды (Смағұлова, 145).
Лингвомəдениеттану пəні 90-ыншы жылдардан бастап В.Н.Телия мен
В.В.Воробьевтің бастауымен қалыптасты. В.Н.Телия: «Это та часть эт-
нолингвистики, которая посвящена изучению и описанию корреспон-
денции языка и культуры в синхронном их взаимодействии» дей келе,
153
оның негізгі мақсаттары этнолингвистиканың Н.И.Толстой ұсынған
мақсаттарына сəйкес келетініне тоқталады [1996, 28].
Н.А. Алефиренко: «Лингвокультурология – бурно развивающаяся
область... Лингвокультурология, как несложно видеть, всегда активизи-
руется на каких то переломных этапах в жизни народа. У нас это – распад
СССР, утверждение национального самосознания многими народами
бывшего многонационального самосознания. Это своего рода Ренессанс,
возвращение к историческим корням, обостренный интерес к этнической
и языковой самобытности» дейді. [2006, 28]. Осындағы тарихи тамыр,
тілдік жəне этникалық өзіндік ерекшеліктер лингвоконцептологияға
қатысты қарастырылатын нысандар.
Лингвомəдениеттанудың елтанудан жəне этнолигвистикадан өзіндік
айырмашылықтары бар:
î
тіл үйрету лингвомəдениеттану мен этнолингвистика пəндерінің
мақсатына кірмейді. Мұнда ең бастысы, тіл мен мəдениеттің бай-
ланысы қарастырылады.
î
лингвомəдениеттанудың зерттеу объектісі – заттық жəне рухани
мəдениеттің қазіргі ұлт менталдығының қаңқасы ретінде көрінетін
халықтық санада сақталған фразеологизмдердің түрлі дискурстық
типтерде жүзеге асырылуын айқындау.
î
этнолингвистикалық бағыт фразеологизмдердің қалыптасуын
тарихи реконструкциялау, яғни қалыптасуын тарихи диахрондық
сипаттау болса, лингвомəдениеттану фразеологизмдердің
қалыптасуын синхрондық талдаумен жүзеге асырады.
Сонымен, этнолингвистика мен лингвомəдениетану мəдениет кон-
тексіндегі фразеологизмдерді зерттеуде түрлі мақсаттары мен міндет-
теріне қарай, алғашқысы екіншісінің негізгі фундаменті іспеттес болып
танылады.
Лингвомəдениеттану бағытының талдауы этнолингвистика басшы-
лыққа алатын методологиялық əдіс-тəсілдерімен тығыз байланыс-
ты. Алайда лингвомəдениеттану пəнінің ең басты мақсаты тіл мен
мəдениеттің өзара байланысы мен арақатынасын қарастыру.
Лингвомəдениеттану өткінші саяси жағдайларға тоқталмай, маңызды,
ірі мəселелерге көңіл бөледі.
154
Жалпы, ұлттық деректерге сүйенетін лингвомəдениеттік талдау үшін
мəдениет ұғымы ең негізгі болып табылатындықтан, ұлттық мəдени ере-
кшеліктерді қамтитын концептерді талдап түсіндіруде осы мəдени негіз-
дерге сүйену қажет. Өйткені тіліміздің көркем құралы болып табылатын
тұрақты тіркестердің қай-қайсысының да пайда болуында терең тамыр-
лы тарихы бар халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған ежелгі
мұралардың келбеті бары анық. Сондықтан В.Н.Телия лингвомəдени
талдаудың барысында «возможно выявить, как воплощена культура в
содержание фразеологизмов – идиом и фразеологических сочетаний,
определить смысл их культурно-национальных коннотаций, благодаря
которым фразеологизмы в процессах их употребления воспроизводят
характерологические черты народного менталитета» [1996, 237] дей-
тіндей, фразеологизмдер ұлт менталитетіне тəн қасиеттерді анықтауда
рухани мəдениеттің түп дерегі болады.
Бұл жаңа саланың объектісі лингвистика мен мəдениеттану сияқты
екі ірі ғылымның тоғысуынан туындайды. Мұнда халықтың салт-дəстүр,
аңыз-əңгіме, мифтерінде орын алатын тілдік бірліктер қарастырылады.
Бұл туралы В.А.Маслова былай дейді: «Предметом исследования этой
науки являются единицы языка, которые приобрели символическое, эта-
лонное, образно-метафорические значение в культуре и которые обоб-
щают результаты собственно человеческого сознания – архепического и
прототипического, зафиксированные в мифах, легендах, ритуалах, обря-
дах, фольклорных и религиозных дискурсах и т.д.» [2001, 12]. Сонымен
қатар В.А.Маслова оның тоғыз зерттелу көзін ұсынады.
Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл жаңа саласы туралы «Мағыналас
фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» атты монографияда
жан-жақты сөз етіледі. Мұнда бұл пəннің негізгі мақсаты: ұлт ерекшелігі,
менталитет, менталдылық, ұлттық тұлға сияқты жеке қасиеттердің тіл
фактілерінде көрінуі, рухани мəдениетті көрсетудегі тіл фактілерінің
қызметі мен орнын анықтау» деп, осы лингвомəдениеттану пəнінің ең
басты ғылыми негіздері атап көрсетіледі [Смағұлова, 1998].
Сонымен, лингвомəдениеттанудың басты нысаны – мəдени
ақпараттарды таныту жəне мəдениетті қалыптастыратын мəдени
мазмұны бар тілдік таңбалардың табиғатын ашу. Мəдениет – халықтың
басынан өткен тарихының көрінісі. Мұнда мəдени ақпарат сақталған.
Бұл көріністі стеоретиптік, символдық, метафоралық, эталондық, мəні
бар лингвомəдениремалар сипаттайды.
155
Тіл – мəдениеттің феномені. Тілде бейнеленетін, тіл арқылы көрінетін
мəдени құндылықтар лингвомəдениеттану аспектісі болса, онда ол
лингвоконцептологияның да нысаны. Ал концепт лингвомəдени ерек-
шеліктерді айқындайтын семантикалық білім. Осыған байланысты тіл
мен мəдениеттің элементтерін шоғырландыратын, яғни жинақтайтын
лингвомəдениремадан басқа мəдениаралық өріс, мəдениаралық компе-
тенция деген ұғым-түсініктер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |