4.7.Ұлттық интеллект жəне қазақ фразеологизмдері
Қазіргі тіл білімінің жаңа парадигмалары ХХІ ғасыр лингвистикасын-
да когнитология, мəдениеттану, фразеология сияқты интерпəнаралық
байланыстан ерекше байқалады.
Когнитивтік психология мен когнитивтік лингвистика арасындағы
өзара қарым-қатынас арқылы
тіл мен
и
нтеллектінің
бірлігі айқындалады.
«Интеллект – қабылданған ақпараттарды өңдеудің, қорытудың құралы»
екендігі ақиқат аксиомаға айналды. Қазіргі когнитивтік лингвистикада
ақпарат алудың тілдік механизмдері жəне ақпаратты санада өңдеу, сақтау
мəселелері жиі сөз етіліп жүр.
Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар əлемді мекендейтін жал-
пы адамзат атаулыға ортақ болуымен қатар, əрбір тайпа, этнос, ұлт сол
заттар мен құбылыстарды өз мəдениеті мен дүниетанымына, болмыс-
бітіміне сəйкес сұрыптай отырып, когнитивтік санада қалыптастырады.
Əлемнің тілдік бейнесінің əр түрлі ұжымда əр түрлі болуы этностың
басынан өткізген өмір тəжірибесі мен білім-біліктілігіне байланысты.
Өйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі қоршаған дүниемен тіке-
лей байланысында ғана емес, ұжым мүшелерінің көрген білгені, көңілге
түйген білімінің негізі болып табылады.
Этностардың тəжірибесі əр түрлі болғандықтан, əлемнің тілдік бей-
несі де, адамдар тəжірибесі де əр түрлі болуы заңды құбылыс. Ал фразео-
логизмдерде сақталған екінші рет өңделіп пайда болған мағына, олардың
имплициттік интерпретациясы, лингвокогнитивтік коммуникативтік-пра
163
гматикалық жəне этномəдени толығуы проблема ретінде талдануы тиіс.
Бұл ретте фразеологизмдердің семантикасы мен когнитивтік құрылымын
анықтауда этнолингвистикалық талдаулардың мəні зор.
Қазақтардың ертедегі көшпелі өмірі мал шаруашылығымен тығыз бай-
ланысты болуы, негізгі кəсібі – төрт түлік мал өсіруі- олардың əрқашан
өз өнерін жетілдіріп, жаңа əдістерді ойлап, оны дамытып, өзінің рухани
жəне интеллектуалдық жақтарын дамытудың кепілі болды. Сондықтан
көшпелі əлемді біртұтас бірлік ретінде қабылдап, өздерін əлемнің
қожайыны емес, құрамдас бөлігі ретінде сезінді. Малшы қауымының
мақсаты: табиғатқа қарсылық емес, онымен өз мүддесін үндестіре білу,
табиғаттың негізгі заңдылықтарын түсініп, оған қайшылық жасамау.
Малдың сүті, жүні, еті, терісі – халықтың тағамы мен киімі, баспа-
насы, үй жиһазы, өмірінің, тіршілігінің негізі. Төрт түлік малдың бол-
мысын табиғаттан бөлмей, жаратылыс заңдылықтарымен сабақтастыра
бақылап, терең таныған бабаларымыз өз санасында соларға қатысты
мифті, фəлсафалық, мəдени танымдар мен ұғымдар қалыптастырған.
Мəселен тыйым сөздерден малға деген үлкен ықыласты көреміз:
-Малды қу шыбықпен, болмаса қабығы түскен қу ағашпен, тіпті,
от көсеген ағашпен де айдауға болмайды.
Себебі малдың сүті күйіп
кетеді.
-Сыпырғышпен малды ұруға болмайды, жас шыбықпен айдау ке-
рек
. Мұндағы қу ағаш, қабығы түскен, жартылай күйген ағаштар қайта
көктеп өнім бермейтін болғандықтан, малды осылармен айдайтын болса,
малдың өнімі болмай, сүті қайтады деген ырымнан туса керек.
Тілімізде молшылыққа кенелу мағынасын беретін
Ақ түйенің
қарны жарылу
деген тұрақты тіркестің қалыптасуы да халықтың мал
шаруашылығымен байланысты туындағаны мəлім. Бұл тіркес туралы
Х1Х ғасырда өмір сүрген қазақтың этнограф ғалымы Ш.Уəлиханов мы-
надай түсінік берген: «Төтенше жағдайда қанды жорықтан ең жақын
туысы аман оралса, не көптен күткен əйелі ұл туса, өрісте жүрген ақ
түйенің қарнына пышақ тығып алып қоя беретін дəстүр болыпты. Бүкіл
даланы басына көтеріп боздаған түйенің дауысын ел естігенде, қуанышты
жаңалықтың болғанын біліп, бір жерге жиналады екен. Бұл құбылыс
тілімізде «Ақ түйенің қарны жарылды» деген тіркесте сақталған.
Ақ түйенің қарнын жарып құрбандық шалу кейіннен қазақтар үшін
молшылық мəнін беріп, сөйтіп, бұл тіркестің алғашқы қалыптасу мотиві
күңгірттене бастады.
164
Сол сияқты қой түлігінің мінезіне қарап, ауа-райын болжау да ұлттық
болмыс ұғымдарына жатады. Мысалы, күздің аяғында немесе қыстың
бас кезінде өрістен қайтқан қойлар аузына бір-бірлеп шөп тістеп келсе,
қысында жұт болады; күзде қой отары тау беткейіне үнемі жайылғыш кел-
се, жұт болады деп шопан жылдар бойғы тəжірибесінен түйіндеген.
Көшпелілердің бүкіл болмыс-тіршілігі төрт түлік малмен тығыз бай-
ланысты болғандықтан, қазақ фразеологизмдерінің ішінде тілге жиі ора-
латыны, күнделікті өмірде жиі қолданылатыны жəне ең көп кездесетіні
де осы төрт түлік малға қатысты тұрақты тіркестер. Сол төрт түлік мал
ішінде ерекше құрмет тұтқаны –
жылқы
малы.
Мінсе – көлік, сауса
– сүт, жесе – ет, кисе – киім
болған жылқының күнделікті тұрмыста
орны маңызды еді. Сондықтан қазақтың «
жылқының сүті – шекер, еті
– бал», «жақсы ат – жанға серік», «Ат – адамның қанаты»,»"Тұяқ
тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер, Ат
мұратқа жеткізер»
т.с.с. мақал-мəтелдер саны өте көп.
Жылқы, əсіресе, жаугершілік көне заманның талабына сай өте құнды
мал ретінде саналды. Себебі ол кезде жауды қуып жетуге немесе одан
қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Бұл жерде ескерте
кететін бір жай, отырықшылар атқа оң жағынан, көшпелілер сол жағынан
мінеді. Бұл – жаугершіліктен қалған салт. Ол кезде атқа қонған адамның
қолы бос болу керек. Себебі, ол барлық қаруды осы қолымен ұстайды.
Ал сол жақтан мінгенде, оң қол бос болады. Оң жақтан мінгенде, қаруды
тез жұмсауға ыңғайсыз, оң қол бос болмайды.
Қазақ халқының жылқы малына деген ықыласын ауыз əдебиеті
үлгілері, ертегі, аңыз, жырлардағы жылқы бейнелері-ақ дəлелдеп
тұрғандай. Сондықтан халық аузында қалыптасқан жылқы малына
байланысты тұрақты тіркестер де оған деген ерекше ықыластың айқын
көрінісі. Мыңдаған жылдар бойы жылқы баққан көшпелі халықтарда
оны өсіру, баптау, сұрыптаудың өзіндік дəстүрі мол тəжірибесі ерекше
сөз айшықтарының қалыптасуына негіз болды.
Ат жалын тартып міну, ат кекілін кесісу, ат бауырына алу, ат
төбеліндей, ат үсті, ат шаптырым, ат құлағында ойнау, ат құйрығын
шарт түю, құлындай даусы шығу, бесті айғырдай азынау, ат басын тір-
кеу, ат сабылту, ат құрғатпау
т.с.с тұрақты тіркестер осының айғағы
болмақ. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде ат/жылқы сөзінің
жүзден астам тұрақты тіркес жасауға негіз болғандығы байқалады.
165
Қазіргі қолданыста «
Достарыңызбен бөлісу: |