Монография «Елтаным баспасы»


Лингвоконцептология жəне лингвомəдениеттану



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

4.5 Лингвоконцептология жəне лингвомəдениеттану
Тіл біліміндегі антропологиялық бағыттың ең басты сипаты – адам 
болмысын жақ-жақты түсіну үшін, оның тілін, қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын, соған орай, коммуникативтік жағдаяттарын зерт-
теу, білу. Тілдің ішкі құрылымдық жағына бағытталған имманенттік 
лингвистикаға қарағанда антропологиялық лингвистканың ерекшелігі 
осында. 
Антропологиялық лингвистика аясынан адам санасында 
қорытылған білім бөліктері – концептілерді қарастыратын линг-
воконцептология бөлініп шығады. Лингвистикалық концептология 
– философия, мəдениеттану, психология сияқты пəндердің ғылыми 
жетістіктерімен лингвистиканың зерттеу бағыттарының толығуы 
арқылы жетілдірілген заңды бағыт.
Қазақ тіл білімінде лингвоконцептология түрлі нысандардағы концеп-
тілерді зерттеу, мысалы, «жүрек», «тары», «тағдыр», «өзімдікі-өзгенікі», 
«əйел» сияқты əр жерден «бас көтеріп» жүрген ғылыми еңбектерден 
байқалады. Ал орыс тіл білімінде лингвоконцептологияның ғылыми 
мектептері əр аймақта орналасқандықтан, жүйелі даму мен қалыптасу 
үрдісі бар. 
Лингвомəдениеттануда кешенді білім ретінде қарастырылатын мəдени 
концептілер бар. «Концепт – мəдениеттің микроүлгісі, ал мəдениет – 
концептінің макроүлгісі» [Зусман, 2001, 41]. 
Концептінің ең басты өлшемдерінің бейнелілік, ұғымдық жəне 
құндылық түрлерінің ішінде «құндылық» ұлттың мəдени ерекшелігіне 
байланысты. Олай болса лингвоконцептологияның бір тұғырын тіл мен 
ұлттық мəдениеттің арақатынасынан іздеу керек. Ол үшін 
тіл→мəдениет
дихотомиясына қатысты ғылыми ой-пікірлерді саралап көрейік.
Академик Əбдуəли Қайдардың: «Мəдениет жеке адамның басы-
на тəн қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық менталитеті ғасырлар бойы 
қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дəстүр, рухани-материалдық 
байлықтың бəрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым» деуі [1998, 13] 
мəдениетті тілмен байланыстыра зерттеудің маңыздылығын аша түседі. 
Өйткені тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттық мəдениеттің 
басты формасы, сондықтан мəдени негіздерге деген қызығушылық тіл 
тамырына тереңірек үңілуді қажет етеді. Тіл мəдениеттің өмір сүру 


149
формасы, мəдениет оның ішкі мəні болғандықтан, тіл мен мəдениетті 
бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Тілде адамның осы əлемді 
түсінуге тырысқан таным жолдарының ізі сақталады, ұлт өмірі туралы 
жан-жақты мəлімет жинақталады. Сол мəліметтер арқылы əрбір ұлттың 
өзіндік ерекшеліктері көз алдымызға келеді. Тіл – этностың бүкіл ру-
хани, мəдени байлығының өзегі. Ол тек дыбыс пен таңбаның бірлігі 
емес, ең маңыздысы – мəдени сабақтастықтың құралы. Ұлттың барлық 
болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен əдет-ғұрпын бойына 
сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп 
отырылуы, тілдің басты – кумулятивтік қасиетіне байланысты. Бұл өз 
кезегінде концептілер жүйесін қалыптастырады.
Адамзат мəдениеті, оның əлеуметтік мінез-құлқы жəне ойлау өрісі 
тілден тыс өмір сүрмейді. Əр халықтың мəдени ерекшеліктері оның 
ғасырлар бойы жасап келе жатқан тілінен көрінеді. Ендеше, тіл мен 
мəдениет байланысының тамыры тереңде жатқаны сөзсіз. Сондықтан 
ХІХ ғасырдан бастап тіл мен мəдениеттің байланысы тіл біліміндегі бас-
ты мəселелердің бірі болып келеді. Бұл мəселелердің негізі Гумбольдтың 
еңбектерінде байқалады. Оның тұжырымдары А.Н.Потебняның, 
Ш.Баллидің, И.А.Бодуэн де Куртэненің еңбектерінде орын алады. 
Зерттеушілердің айтуына қарағанда Х1Х-ХХ ғасырда тілдік 
философиялық ойлар тіл туралы бейнелі түсінікті «жеке адам (индивид) 
тілі», «тіл – жүйе» жəне «құрылым», дегеннен бастап, «тип», «характер» 
«ой кеңістігі», «рух үйі», сондай-ақ, «рух энергиясы», «рух белсендісі» 
деген бейнелілікке дейін көтерді. 
Ал ғасыр соңында тілді зерттеу парадигмаларының ең басты 
бағыттарының бірі – антропологиялық парадигма. Бұл бағыт бойын-
ша тілді кең мағынада адам сана-болмысымен, яғни адамның ойы мен 
оның рухани жан дүниесін сөйлейтін тілінен бөлмей əлеммен бірге тұтас 
қарау. Тілдің антропологиялық негізінде тіл өз ішінде емес, тіл адамның 
бір бөлігі іспеттес қарастырылады. Демек, адам тілдің иесі ретінде сана-
лады. Ал тіршілік тұтқасы адамды адам деп тану тек оның сөйлейтін тілі 
арқылы ғана анықталады. Осы ойлар адамтанудың философиялық шешім-
дері ретінде танылады. Бұл ретте, тілге Гумбольдттық антропологиялық 
тəсілмен келу екені белгілі. 
В. фон Гумболдьт концепциясының негізгі:


150
ü


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет