167
тоғыз ұрғашыдан бөліп отырған. Бұл тəжірибе үйір-келе салу деп атала-
ды. Мал ішінен тұқым сұрыптау түрі осылай жүзеге асырылатын болған.
Мəселен, бірыңғай күрең немесе мақпал қара, ақ боз сияқты болып келуі
үшін жылқы малының сырт түсінің де дұрыс сұрыпталуын қадалаған.
Көшпелі қазақтардың осындай тəжірибелік дəстүрі қытайдың бұрынғы
жазбаларында кездесетіндігі туралы мəлімет бар. [қараңыз: Кюнер Н.В.
Китайские известия народах Южной Сибири, Центральной Азии и даль-
ного Востока. М., 1961, 12 с.].
Алайда бұл дəстүр қазақтардың басқа да салттық түрлерінде өзгеше
мағынамен көрініс береді. Мысалы, аса үлкен сый-құрмет жасағанда, со-
нымен қатар, құн төлетіп, ерекше айып-жаза тарттырғанда тоғыз-тоғыздан
атап көрсетіп, межелік өлшем етіп белгілеуді қалыптастырған.
Қазақ тілінде тыныштыққа байланысты
«Құлаққа ұрған танадай»
деген тұрақты тіркес бар. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде бұл
тұрақты тіркес тып-тыныш, жым-жырт деген мағынаны береді делінеді.
Мысалы:
•
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома
түскен. Ұлы сыншы ойын ешкім бұзар емес,
Достарыңызбен бөлісу: