ат арылту /сабылту/» түрінде де айтылып
жүрген
«ат сабылту» тұрақты тіркесінің беретін мағынасы – əуреге
түсу (ҚТФС, 57-б). Мысалы:
•
Бір айғыр үйірімен ықтап кетіп, соны іздеп, ат сабылтып келе жатқан бетім еді . (Қазақ етегілері)
•
Шабытына мінген жырау ,
ат сабылтып келе жатқан аңшы тəрізді, бекер тоқтаттың, хан ием, – деді Асан қалың қабағын түйіп, сөйтті де ар жағынан келіп қалған ызасын ұстай түксиген қабағына қыраулы қыстай кəрін төгіп, көптен бері айтайын деп жүрген өкпе ашуын толғай кетті. (І.Есенберлин. Алмас
қылыш).
Бұл тұрақты тіркестің «ат арылту» нұсқасы – уақыт өте келе жол жүру,
атты арытуға байланысты бастапқы «сабылтудың», «арылту» түрінде
өзгеріске түсу нəтижесі.
К.К.Юдахиннің Киргизско-русский словарь [1965, 72 б.] деген еңбе-
гінде берілген «ары» сөзінің «шаршау мағынасын ескерсек, «ат арылту»
дегенге ұзақ жүріс нəтижесінде аттың шаршауы негіз болғаны байқалады
. Осы тұрақты тіркестің бастапқы нұсқасы «ат сабылту» екендігінің не-
гізін осыдан бес ғасыр бұрын жасаған, яғни XV ғасырда өмір сүрген
ғалым, қара-үзген шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік баян» атты еңбегінен кездестіреміз. Мұнда сегіз «ат
сабылтқы» туралы сөз етеді [1994:20 б.].
Ат сабылтқылық көмек, ат сабылтқылық шабарман, ат сабылтқылық есірткі, ат сабылтқылық сүйінші, ат сабылтқылық аттан, ат сабылтқылық есалаң, ат сабылтқылық қашу, ат сабылтқылық қуу. Бұл асығыс суыт жүрістің
белгілі бір себебі болатындығының, яғни халқымыздың салтында атпен
жүрудің де өзіндік мəні барлығының куəсі. Сондықтан, қазір «əуреге
түсу» мағынасын беретін «ат сабылту» тіркесінің мəні, түп-төркіні,
қазақтың атқа міну дəстүрімен байланыс табатыны байқалады.
Сонымен қатар, тілімізде «