230
кегі» (қазақ), «Ялгыз бияден саба тулмас» (татар) мақалдарда сақталған.
Бұлардың қатарында «қапшық, дорба» сөздері кездеседі. Ал басқа да зат,
бұйымдар салатын атаулар, мысалы,
киле, чуман, котыйчык, тубал
татар, башқұрт тілдерінде бұлардың көбінесе ағаштан, ағаш қабығынан
жасалатын сауыт түрлері деп түсіндіріледі. [Мөгътəсимова, 2005, 61-
62].
Саятшылық, аңшылық, яғни ит жүгіртіп, құс салу – түркі халықтарына
жат емес. Алайда қазақтың ежелден келе жатқан ата кəсібі десесек артық
айтпағандығымыз. Аңшылық пен саятшылық күн көріс мақсатында
туындап, уақыт өте келе бұл өнерге ұласты.
Мəселен, бүркіт жасына қатысты атаулардың семантикалық,
этимологиялық ерекшеліктерін тек қазақ тілі түгендей алады: 1-жас Ба-
лапан, 2-Тірнек, 3-Тас түлек, 4-Ана; 5-Қана; 6-Көк түбіт, 7-Қам түлек,
8-Жана, 9-Май түбіт, 10-Барқын, 11-Баршын, 12-Шөгел деген бүркіт
атауларын тек құсбегілер ажыратады.
Құс төресі – бидайық, Ит төресі – құмайық, Бүркіт қартайса –
тышқаншы т.б. д
еген мақалдар саятшылық пен аңшылық мəдениетінен
қалған мақалдар. «Қырғауыл (фазан)» құсын қазақтар күні бүгінге дейін
көп аулайды. Əдемілігіне қарай «қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық
жүні ұзын екен» деп ертегілерде тақпақтаған. Ал татар тіліндегі «Кы-
зым баласы – кыргавыл баласы, үз итеп торган анасы, Улым баласы
– узəгем баласы, ят итеп торган анасы» мақалдың «Кызым баласы –
кыргавыл баласы» деген бірінші тағанын фразеологиялық сөздікте сұлу
мағынасында [Осмонова
Достарыңызбен бөлісу: