Монография «Елтаным баспасы»


дару дағы екі мəдениет диалогы



Pdf көрінісі
бет156/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

дару
дағы екі мəдениет диалогы
Қазіргі уақытта, жаһандану жəне интеграция жағдайында, халықаралық 
байланыстардың кеңейіп, ақпарат алмасуына орай, мəтіндерді бір тілден 
екінші тілге аудару үрдісі ғалымдардың назарындағы үлкен мəселе. За-
манауи аударматану мəдениаралық қатысым жағдайында іске асып, жаңа 
антропоөзектілік парадигма шеңберінде даму үстінде. Аудармада тіл 
мен мəдениет, тіл мен ойлау, мəтіндегі əлемнің тілдік бейнесі тоғысады. 
Бұл ретте аударма тілдер мен мəдениеттердің өзара əрекеттесу феномені 
ретінді үш негізгі деңгейлерге сəйкес бағаланады: тіл – əлем – мəтін. 
Адамзат екінші мыңжылдықты артқа тастап, үшінші мыңжылдыққа 
аяқ басқанда түрлі ел, халық, ұлт бір-бірімен өзара байланыстылық 
жəне бір-біріне өзара ықпалдастық жолын нығайтуға ден қойды. Бұл 
үдеріс барлық елдің қоғамдық өмірін түгел қамтыды десе болғандай. 
Өйткені дəл бүгінгі таңда ұлттар арасында, əсіресе, əлеуметтік топ-
тар мен мемлекеттік институттар, қоғамдық қозғалыстар жəне жеке-
леген мəдениет қайраткерлері арасындағы мəдени қарым-қатынас ба-
рынша тереңдеп, жан-жақты өркендеп келеді. Халықтар арасындағы 
мəдени қарым-қатынастың өркендеуі ұлттық ерекшелікті көрсететін 
ұлт мəдениетін насихаттаудан басталады. Бұл – елді танытудың рухани 
құралының ең бастысы. 
Ұлттар мəдениетінің өзара əрекеттестігі қашан да төл мəдениеттің 


237
тасада қалмай, мəдени құндылықтар бар болмысымен тұтас көрініс 
табуы керек. Кез келген мəдени контактілер ұлттар алдымен бір-бірін 
мойындаудан, өзара құрметтен тұрады. 
Əр ұлттың тұрмыс-тіршілігінде қалыптасқан дəстүрлер, қоғамдағы 
ұлттық əдеп т.б. толып жатқан өзгешеліктер алдымен тілінен көрініс 
табады. Кез келген тілде өзіндік «əлем суреті» ежелден қалыптасқан. 
Аудармаға қатысты қиындық осы тұста байқалады.
Жалпы этномəдени ақпаратты, əсіресе ұлттық құндылықтарды жет-
кізуде көркем аударма кезінде аудармашы айтарлықтай кедіргілерге 
ұшырайды.
Аударма үдерісінде пайда болатын қиындықтарды белгілеу үшін 
«лингвоэтникалық кедергі» ұғымы қолданылады. Себебі аудармашы екі 
семиосфераның, яғни «өзім» мен «өзгенің» тоғысқан жерінде, екі тіл мен 
екі ұлттың арасында дəнекер болады. Сондықтан, əрбір шет тілді мəтін 
аудармашы үшін лакуналық болып келуі аудармашыдан лингвистикалық 
аялық (фондық) білімін жəне əлем бейнесін толық жеткізуді талап 
етеді. Мұны əсіресе, этномəдени бірліктерді аударуда байқауға болады 
[Cмағұлова, Керимова, 260].
Аударма кезінде басқа тілде концептіге сай келетін сөзбе-сөз экви-
валенті болмаса, онда ұлттық мəдени концепт туралы айтуға тура ке-
леді. Бұл жөнінде В.П. Нерознак: «Безэквивалентная лексика, или то, 
что обычно называют «непереводимое в переводе» и есть тот лексикон, 
на материале которого и следует составлять списки фундаментальных 
национально-культурных концептов»(1998, с. 85) дегеніндей, аударуға 
келмейтін аялық білімді қажет ететін тіркестер тізімі, шын мəнінде, ір-
гелі ұлттық мəдени концептілерден тұрады. 
Сөздік құрамның негізгі қоры ретінде саналатын əр ұлттың тек өз тілі-
не ғана тəн сөздері мен тіркестері болады. Əдетте лексикалық қабаттарды 
жіктегенде мұндай сөздер этнографиялық лексиканы қамтуы мүмкін 
немесе аялық білімді жеткізетін фондық лексика, сонымен қатар тілдік 
лакундар деп аталатын ерекшеліктер де бар. Қалай десек те, аталған 
сөздер ұлттың өзіндік бітім болмысынан шығатын номинатив, яғни 
ұлттық болмыс лексикасы. Əрбір ұлттың тіліндегі мұндай лексика сол 
ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен күн көріс салты, менталдық ерекшелік-
теріне байланысты ұғымдарды атауы болып қалыптасады. Ол ұғымдар 
ұлттық нышан ретінде тек жеке лексика ғана емес, тіркесті сөздерден 
де көрініс табады. 


238
Аударма əдебиеттер тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін анық 
байқататын тұс осы ұлттық болмыс сөздерінің берілуі. Жалпыхалықтық 
жəне арнаулы лексикалардың екі тілді сөздіктердегі аудармалары көп 
жүкті жеңілдеткенімен ұлттық болмыс лексикасы тəржімашылар үшін 
енді ұлт мəдениетінің қалың қатпарларын танып білуді қажет етеді. 
«Сөздік біткен жерде аударма басталады» деген нақыл тегін айтылма-
са керекті. Ендігі жерде аударма мəтінінде ұлт тілінің табиғи қалпын 
сақтау үшін ұлттық мəдени деректері бар сөздер мен тіркестердің ішкі 
мағынасына назар аударып, əрі стильдік-көркемдік құралдарын сақтай 
отырып, екінші тілде еркін түсінігін жасау міндеті, əрине, оңай шаруа 
емес. 
Ұлттар арасындағы мəдени байланысты қалыптастыруға ықпал ететін 
көркем əдебиет аудармаларының басты ерекшеліктері болып саналатын 
тұрақты тіркестерді аудару мəселесі ұлттық мəдени концептілерге келіп 
тіреледі. Бұл ретте аударма мəселелерінің ішінде айырықша назар ауда-
ратын тұс – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет