қамшы болды
:
бір нəрсеге қозғау салды, түрткі
болды,
итермеледі
деген ауыспалы мағынаға ие болып, фразеологизмге
айналған.
Қамшы
сөзі ұйытқы болған мынадай фразеологизмдер бар:
• қамшы боп тию –
жанына бату
• қамшы болу –
түрткі болу итермелеу
• қамшыдай қатты –
арықтау, жүдеу
• қамшы жеу /көру/ –
таяқ жеу, соққы жеу
• қамшы жұмсау –
ұру, соғу
• қамшының астына алу –
соғу, сабау
• қамшы ойнату –
ұру, зорлық жасау
• қамшы кесті шабан –
аяғын баспау
• қамшылар жақ –
оң жағы деген мағынада
• қамшы салдырмау –
қамшы тигізбей жүріп отыру
• қамшы салым жер –
өте жақын жер
• қамшысын алып кенлуге /беруге/ жарамау –
болбыр, бос, қолынан
ешенəрсе келмейтін адам
• қамшысына қан сорғалаған –
қаныпезер, жауыз, билігі жүріп тұрған
адам
38
• қамшысын үйіріп отыру –
ақырып отыратын озбыр, ұрысқақ
адам
• қамшы сілтесіп жүру / келу / –
ерегесіп, кіжінісіп жүру
• қамшы тигізбеу –
қамшы салдырмайтын жүйрік ат
• қамшы үйіру –
күш көрсету, қорқыту
(ҚТФС 312-313 б.)
Мысалдардағы
қамшы
сөзі мен оған қатысты тіркестер ұқсастық пен
ассоциция негізінде екіншілік номинтивтік аспектіге ауысты.
Фразеологизмдердің семантикалық-бағалауыштық ерекшеліктері
осындай мəдени коннотацияның ықпалынан байқалады. Коннотация
– əлем туралы ассоциативті білімді ілестіре жүретін (адамдар зат пен
құбылыс арасындағы ұқсастықтан, оларды бір-біріне салыстыру, ұқсату
арқылы жаңа білім жинайды) сөз немесе тіркес туралы жасырын (имп-
лицитті) түсініктердің тарихи дамуының нəтижесі. Шын мəнінде фра-
зеологизмдерде ұлттық-мəдени дəстүрлер, стеоретиптер мен эталондар
басымдық танытады. Адамдар зат пен құбылыс арасындағы ұқсастықтан,
оларды бір-біріне салыстыру, ұқсату арқылы жаңа білім жинайды.
Фразеологиялық тұлға негізіндегі ассоциативті-бейнелі генетикалық
байланысты білдіретін бұл ақпарат коннотацияда өзектіленеді.
Коннотация туралы: В.И.Говердовский: «Коннотация – душа языка.
И это не метафора, если рассматривать денотацию как рациональное, а
коннотацию как эмоциональное содержание языка. При денотативном
обмене происходит сближение умов говорящих; при коннотативном вза-
имопонимании совершается слияние душ. Смотря, как двуликий Янус,
одновременно в разные стороны, коннотация вносит в нейтральную ли-
тературную речь легкую стилистическую пестроту, а в сознание говоря-
щих – приятное оживление» деп жазады. [1989: с. 95].
Фразеологиялық тұлғалардың бұлай тұрақталып қалыптасуын тілдік
тұрғыда зерттеудегі басты назар аударатын тұс – олардың еркін тіркес
негізінде пайда болуы. Қазір тұрақты тіркестердің еркін тіркес түріндегі
бастапқы уəждері (мотивтері) бұрынғы салт-дəстүр, əдет-ғұрып, на-
ным-сенім, өнермен бірге көмескіленіп кеткен. Солардың мағыналарын
ұлттық мəдени негіздерге сүйене отырып, фразеологиялық мағына бо-
лып қалыптасуын талдап көрсетуге болады.
Е.А.Диброва орыс тіліндегі фразеологиялық тіркестердің шығу те-
39
гін еркін сөз тіркестерімен байланыстыра қарап, еркін сөз тіркестерінің
тұрақты тіркестерге ауысуының бес кезеңін көрсетеді (1979, с. 37).
І – сөздердің еркін тіркес кезеңі.
ІІ-ІІІ – еркін тіркестің тұрақты тіркеске ауысу кезеңі.
ІV-V – тұрақты тіркестің қалыптасу кезеңі.
Фразеологиялық тіркестер өз-өзінен пайда болмайды, олардың белгілі
бір дəуір, уақыттың мəдени жəне қоғамдық тұрмыс-тіршілігінің тарихи
көрінісі болып табылады жəне халық түсінігіне байланысты сенімдер
тілдегі тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болады, сол сияқты
қазақ халқының ертегілері қазақ фразеологиясының мағыналық динами-
касын бейнелейтін бастапқы мəндерін білдіретін сюжет, фреймдер бар.
Фразеологизмдердің көпшілігінің қалыптасуы қандай да бір сю-
жетке, тарихи немесе мəдени дерекке келіп тіреледі. Еркін тіркестер
тұрақты тіркестерге айналуына дейін өте күрделі жолдан өтеді. Егер
сөз тіркесі сыңарларының бірі сапа-белгіні немесе іс-əрекетті білдіру
қасиеттерінен айырылса, басқаша айтқанда, лексикаланып, мағыналық
тұрғыдан өзгеріске түссе, ондай тіркестер сөз тіркесі болудан қалып,
фразеологиялық тіркестердің немесе атаулық тіркестердің қатарына
көшеді. Демек, бұл аталған тіркестердің түпкі тегі еркін сөз тіркес-
тері деген сөз. Осыған байланысты фразеологиялық тұлғалардың
қалыптасуында тілдің ұлттық психологиямен, тарихпен, мəдениет жəне
тұрмыс тіршілікпен байланыстарына ерекше назар аудару қажет.
Фразеологиялық мағынаның өзі нақты айқын мағынасы бар еркін
тіркестің метафоралануынан пайда болады. Бірақ бұл фразеологиялық
тіркестің жасалуының жалпы көрінісі ғана. Фразеологиялық мағынаның
пайда болуына осы сияқты тілдік факторлармен қатар, тілді тұтынушы
халықтың өзіне ғана тəн түрлі мəдени өмірі ерекше ықпал етеді.
Яғни тұрақты тіркестердің о бастағы еркін тіркестегі мағынасын
айқындауда біз тарихи деректерге, халықтың тұрмыс-тіршілігіне бай-
ланысты қалыптасқан əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлерге сүйенеміз.
Академик Ə.Қайдардың фразеологизмдерді зерттеуде этнолин-
гвистика үшін ең қиын мəселе – олардың ауыс мағынада қолданылу
мотивтерін түсіндіру екенін айтқан. Расында, көптеген тұрақты тір-
кестер белгілі бір іс-əрекеттің, оқиғаның, наным-сенімнің, салт-дəстүр
немесе дүниетанымның негізінде пайда болады. Олар даяр қалпында
қолданылғанымен, оның қалыптасуына бір негіз болуға тиіс. Сондықтан
40
тіліміздегі тұрақты тіркестерді ұлттық мəдениеттің негізінде қарастыруда
басты назар аударатын тұс – фразеологиялық тіркестердің еркін тіркес
негізінде пайда болуы. Осыған орай олардың еркін тіркес түріндегі
алғашқы мотивтерін ашу үшін, ең алдымен ұлттық мəдени деректер-
ге сүйенеріміз анық, себебі тек ұлттық мəдениетімізде ғана халықтың
бүкіл бұрынғы өмірінің көрінісі сақталады. Яғни қазіргі даяр қалпында
қолданылатын тұрақты тіркестер халқымыздың бұрынғы өмірі мен ты-
ныс тіршілігінен хабардар етеді. Бұған дəлел жоғарыда «қамшы» лексе-
масына қатысты талдауды айтуға болады.
Зертттеушілердің пікірінше, еркін тіркестің тұрақты тіркеске
ауысуының басты себебі, еркін тіркестің құрамында бір немесе бірне-
ше фразеологиялық байлаулы мағынадағы немесе қолданысы шектел-
ген сөздердің пайда болуы əсер етеді, яғни еркін тіркес құрамындағы
жеке кейбір сөздерде олардың ескірген семантикалық негізінде
фразеологиялық байлаулы мағына қалыптасады.
Жалпы, тұрақты тіркестің қалыптасуы – адамның белгілі бір
түсінікті одан əрі жарқын, нақты бейнелі етіп жеткізуге, əңгімелеушінің
тыңдаушыға ойын өте əсерлі етуге тырысуының нəтижесі.
Заттық мəдени лексика негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестер-
ге (көнектей болу, сабасына түсу, киіт кигізу) тарихи тұрғыдан талдау
жасаған Ж.Манкеева тұрақты тіркестердің алғашқы бетте бейнелеп
айту мақсатында еркін тіркестерден жасалатынын айта келіп: «Уақыт
ұзаған сайын еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің мағына жағынан
берік, табиғи бірлігі нығая келіп, тұтас бір мағына қалыптастырған.
Оларды құрайтын компоненттердің тілімізде жеке қолданылу жиілігі
азайып, ылғи бейнелеу мағынасында айтылуы оны белгілі бір тіркес
шеңберімен шектеп, ауыспалы мағынасын дамытады да, тура мағынасын
көмескілендіреді. Сондықтан тарихи – салыстырмалы зерттеу барысында
фразеологизмдерді бұрыннан бар сөздерді семантикалық өзгерту (транс-
формация) жолымен жасалған екінші дəрежелі номинация нəтижесі деп
анықтауға болады», – дейді [2008: 208 б.].
Сондықтан тұрақты тіркестердің қалыптасу мотивін əр ұлттың та-
рихынан, мəдениетінен, оның көзқарасы мен дүниетанымынан іздеген
жөн. Осылардың бəрі тұрақты тіркестердің бейнелі – фондық негізін
құрайды.
Ə.Қайдардың сөзімен айтқанда: «Образно-фоновой основой словес-
41
ных выражений чаще всего выступают такие факторы, которые харак-
теризуют социально-экономический уклад жизни данного народа, его
духовный мир и материальную культуру, быт и правы религиозно-ми-
фологические представления и верования и т.д.» [1998: c. 59].
Енді төменде қазіргі қазақ тілінде жиі қолданыста жүрген кейбір
фразеологизмдердің алғашқы еркін тіркес түрінде айтылған бұрынғы
формаларының мазмұнына жан-жақты талдау жасап көрспек.
Тілімізде
Достарыңызбен бөлісу: |