36
көркем ойының кемелдігі афоризмнен бастау алады. Афоризмдерде
ой тиянақтылығы басым болғандықтан жəне ықшамдылығы мен бей-
нелілігі арқасында тұрақты тіркеске айналуға бейім тұрады. Тұрақталған
афоризмдер тыңдаушыға белгілі жағадайда ой тастайды əрі ассоциа-
ция туғызады. Фразеологизмдерде субъективизм басым болатынындай,
афоризмдер тілдік тұлғаның прагматикалық ұстанымына қарай, жеке
адамның дүниетанымының көрінісі ретінде жарыққа шығады. Бұған
дəлел ретінде Абайдың афоризмдерін айтуға болады. Мысалы:
Құйрығы
– шаян, беті адам; Досыңа достық – қарыз іс; Қайғы көрсең қарсы тұр,
құлай берме.
Афористік тіркес арқылы – өзіндік тұжырым мен ой қорытындысын
жасау:
сананы тұрмыс билейді
, Бұлардың адам санасында толық
меңгеріліп, сіңірілуі ұзақ уақытты қажет етеді. Мұндай ұзақ уақытты
қажет ететін күрделі ой қорытындысын жасау оңай емес.
Достарыңызбен бөлісу: