Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет38/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Концептінің ұғымдық жағы
– бұл концептінің сипаты, құрылымдық 
белгілері, дефинициялары, бір-бірімен алшақ өмір сүрмейтін басқа 


54
концептілермен салыстырмалы еркшеліктері жəне ең бастысы адамдар 
іс-əрекетінің жүйелі түрде тілде белгіленуі. 
Концептінің құндылық жағы 
– концепт ретінде тануға, қарастыруға, 
талдауға тұрарлық əрі жекенің, əрі ұжымның жасаған ұлттық ерек-
шелігі. 
Концепт тіл-тілдегі сөз астарын жəне сөз байлығын мейілінше 
жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Концептуалдық талдау нысаны 
– менталдық кеңістіктегі мəдени мазмұндағы базалық концептілер. 
Концепт
– адамдардың білімі мен тəжірибесін қамтитын таным 
жəне ақпараттық құрылымдағы менталдық қордың бірліктерін біл-
діретін термин. Бұл – адам психикасында əлем суретінің көрінісі жадыда 
тұрақталып, жеке тұлғаның өз мүмкіндігі бойынша ақпараттың берілуі 
мен сақталуы жəне тілдегі менталдық лексикон арқылы концептуалдық 
жүйесі өңделіп толығып отыратын икемді нəрсе. Сондықтан да тіпті 
жалпы адамзаттық, əмбебап концептілердің əр түрлі тілде вербалдануын-
да лингвокреативтік, прагматикалық жəне лингвомəдени факторларға 
байланысты өзгешеліктері болады. Бұл туыстас тілдердің өзінде де 
байқалады. Мысалы: 
қолы қысқа 
– қазақ тілінде жоқ-жітік адамға 
қатысты айтылса, татар тілінде 
кулы кыска
– біреуге жамандық жасай 
алмайтын адам туралы.
«Концепт» термині ғылымдар тоғысында жиі талдауға түскені 
соншалықты, лингвистер əр қырынан қарастырғанда əртүрлі толық-
тырулармен жан-жақты анықтай түскен. Сонымен концепт:
ü
тілден тыс ойлау арқылы қалыптасқан мазмұн; 
ü
«менталдық лексикон бірліктері» (Е.С. Кубрякова);
ü
тіл мен ойлаудың аралығындағы «түсініктер бірліктері» (Ю.Н. Ка-
раулов);
ü
ұжымдық жəне жеке таным бірліктері (А.А. Залевская)
ü
тұрақты тілдік құрылымдармен диахронды жəне синхронды 
байланыстағы мағынананың көпқабаттылығы;
ü
идеалды дүние нысанының субъектідегі түсінігі (А.Вежбицкая); 
ü
таңба арқылы танылған ұғым (М.В. Никитин);
ü
қабылдау, ұғым, білім, ассоциация, əсерлердің шоғыры (Ю.С. Сте-
панова);
ü
«нысанның көру, есту, дəм, вербалды жəне басқа сипаттарын бірік-
тіретін» категория (В.А. Пищальникова);


55
ü
адам танымындағы мəдениет бірлігі, мəдени ақпараттар жиынтығы.
«Концепт» пен «стеоретип» терминдерін В.В. Красных [1998, с. 133] 
қарама-қарсы салыстыра қарастырып, мынадай тұжырымдар жасайды:
1) концептіге – тілдік білімдер де енеді (мысалы, сөздердің тіркес-
імділігі), ал стеоретип – бейненің вербалданған түрі; 
2) концепт арқылы – абстрактылы деңгейдегі архетиптерді анықтауға 
болады, стеоретип – оған қарағанда анық, нақты; 
3) концептіге – менталдық білімдер жүйесімен орайлас келетін 
парадигматикалық құбылыс тəн болса, стеоретипте – коммуникативтік 
дағдылар да көрінеді; 
4) концепт – санада гештальт пен проппозиция түрінде сақталса, сте-
оретип – санада құрылымдық-фрейм күйінде сақталады.
Когнитивтік лингвистикада фразеологизмдер туралы бинарлық түсінік 
қалыптасқан. Концептілерді талдағанда бір жағынан фразеологимдердің 
туынды номинациялар арқылы концептіні вербалдайтын синтаксистік 
структуремалар мен мақал-мəтелдерге, афоризмдерге фразеологиялық 
тұлғаларға концепт бөлігін құрайтын мəртебе беріледі. Себебі концепт 
түрлерінің вербалдануында фразеологизмдердің концептуалдық жет-
кіліксіздігі емес, қайта фразеологизмдердің өте жиі қолданылуы назар 
аудартады. Фразеологизмдердің концептуалдық тəуелсіздігі концептілер-
ді фразеологиялық концептілер деп атауға, қарастыруға толық мүмкіндік 
береді. Мəселен, көркем шығармаларды талдағанда олардағы тұрақты 
тіркестер тек мəтінге көркемдік құрал ретінде қызмет етпейді, олар 
концептілердің лингвистикалық объективтену процесінде шешуші рөл 
атқарады.
Фразеологиялық концептіні фразеологизмдер мағынасының түйіні 
мен өзегі жасайды. Мұнда «мəдени-менталдық-тілдік» (Ю.С.Степанов) 
бірліктердің рөлі ерекше. Жалпы кез келген фразеологиялық концептінің 
жұмсалуында мəтіндердің орны бөлек. Концептілердің жетілуіне, 
толығуына ең басты – мəтіндегі тұрақты құрылымдар (прецедент) əсер 
етеді. Олар: фразеологизмдер, афоризмдер, мақалдар мен мəтелдер т.б. 
Когнитивтік фразеологияға «концепт» терминін қолдануда басқа да 
көзқарастардың бар екендігін айта кетейік. Мəселен, Ю.С. Степановтың 


56
«Константы. Словарь русской культуры» (1997) еңбегінде базалық 
концептілердің «жеке қолданыстарда» болатындығы, ал фразеологиялық 
концептілердің басты параметрлері ретінде олардың тарихи жəне 
темпоралдық сипаттарын, сондай-ақ, олардың этномəдениеттегі көрінісін 
атап, фразеологиялық концепт аясын кеңейте түседі. Соның нəтижесінде 
когнититивтік фразеологияда концептілердің белгісі оның мəдени мар-
керлігінде деген пікірді тереңдеткен. Фразеологиялық концептінің 
маңызды мəдени компонентін құрайтындар деп: 
тұрақты тіркест
ер, 
мифологемалар, ритуалдар, 
рухани-мəдени мағынаны жинақтаған 
символдық мəні бар тіркестерді
айтады.
Н.Ф. Алефиренко дəл осы пікірдің мазмұн жағынан А. Вежбицкаяның 
еңбектерінде тереңдей түсетініне назар аударады. Автор барлық түсінік 
субъективті, антропоцентрлі жəне этноцентрлі болғандықтан, «əлемді 
дəл сол қалпында» табиғи тілмен суреттей алмайды. Сондықтан, А. 
Вежбицкаяның идеясын когнитивтік фразеологияда қолдану қажет. 
Фразеологиялық концептілер – этнографиялық ерекше феномен. Сыртқы 
əлемнің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет