өлең таппас т.б.
Жалпы тілдегі мақал-мəтел, күрделі сөздер, фразеологизмдер сияқты
тіркес түрлерінің барлығы жасалу жолдары ұқсас модельдер. Дегенмен
де мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің өзара айырмашылықтары
мен ұқсастықтары бар.
А й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы:
²
Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының
/компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып та
11
6
қолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы,
Көрдім – көп сөз,
көрмедім – бір сөз
;
Шегірткеден қорыққан егін екпес.
²
Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір
фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы,
жүрегі тас төбесіне
шығу
–
қо
рқу;
Қыпша бел
–
жіңішке бел;
Мұрнына су жетпеу
–
қолы
тимеу, уақыты жетпеу,
²
Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын
үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар:
мағына тұтастығы; тіркес
тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы.
Ал мақал-мəтелдерде тек
тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы
байқалады.
²
Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кіта-
би, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын
стильдік қабаттарға жіктеледі.
²
Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір
оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.
²
Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне
қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды.
Мысалы:
Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі
жұғар. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
Мəтелде айтылатын
ой тұспалдап жеткізіледі:
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме;
Жығылсаң нардан жығыл.
Ұ қ с а с т ы қ т а р ы:
²
Тұрақты тіркестер ретінде мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің
құрылымдық ерекшеліктері сөз тіркесі, сөйлем құрылымдас, ұқсас бо-
лып келеді.
²
Екеуі де ұлт менталдығы мен ұлт рухын сипаттайды.
²
Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің мағыналық қалыптасу
үрдісіне қарай прагматикалық мəніне этнолингвистикалық талдау жа-
салынады.
²
Фразеологизмдерге қойылатын кртеритерийлердің қолдану
тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы мақал-мəтелдерге де ортақ.
11
7
Достарыңызбен бөлісу: |