Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет75/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Құлақ түру – 
құлақты жыртқанда өз орнына тігу;
Кіндік кесіп, кір жуған жер – 
роддом; таза жер

кіндігі кесілген 
бала; 
/9 сынып/;
Ала ауыз болу – 
бұртиып алған; тілдің ұзындығы; өтірікші 
болу; əр тілді білу; көп сөйлемей, ауызға қақпақ болу керек; 
/8 сынып 
оқушыларының жауаптары/. 
Берілген жауаптардағы (
бүйректен сирақ шығару) – 
милицияға 
түскен кезде ұрып тастау, біреуді соғып тастау сияқты жауаптар бекер 
айтылып жатқан жоқ. Қазіргі жастар өмірінде жиі кездесетін төбелес 
сияқты жағымсыз оқиғалар ішінде жиі естілетін милиция ұрып тастап-
ты, біреудің бүйрегін езіп тастапты сияқты сөздер олардың құлағына 
құйылып жатады. Сол ситуацияны тікелей қабылдаған санада осын-
дай суреттер қалыптасқан. Ал 
əліп
сөзін араб əліпбиінің бірінші əрпін 
оқушылар тура мағынада 
кісі /біреу/
деп түсінеді.
 
Табанынан таусылу 
– фразеологиялық мағынасы ұзақ жүрістен шар-
шау; Ал оқушылар түсінігінде – 
мекемеден справка /анықтама/ алу

Бюрократ шенеуіктердің əрекетін оқушы ұзақ жүгірістің нəтижесі деп 
тек мекемемен байланыстырады. 
Туған жер
ұғымын қазіргі жастар (перзентхана) 
роддоммен
жай 
ұштастырып отырған жоқ. Олардың түсінігінде қай жерде тудың сол 
туған жер болып есептелетін сияқты. Асқақ сезіммен білдірілетін туған 
жер ұғымына бұл күнгі жастардың ой түйсігі əлі жетпейді, тіпті жетілмей 
де кетуі ғажап емес. Өйткені оған демеу болатын отбасылық ұлтық тəрбие 
кемшін. Шын мəнінде фразеологиялық деңгейде ғана ұлттық мəдени 
таным айқын көрінеді, В.Н.Телия жазғандай «халық менталитетінің 
айырықша сипаты» [1996, 237].


11
2
Мақалдап, мəтелдеп сөйлеу, ойын бейнелі сөздермен жеткізу, фра-
зеологизмдермен сөйлеу мүлдем қалып барады. Айтайын деген ойын 
жан-жақты, түсінікті, мəнерлі жеткізетін сөздің шырайын кіргізетін 
мақал-мəтелдер мен фразеологизмдерді жиі қолданатын ұрпақ азайып 
келеді, шынында студент айтқандай, «апам мен атам сөйлейді». Ол 
апасы мен атасының балалары, бүгінгі орта жастағылардың о жақ бұ 
жағындағылардың тілінде суреттілік бейнесі айтарлықтай қалыптаспаған. 
Оның орнын ақпараттық ағындағы үнемделген сөйлемдер басқан. 
Орта буын өкілдері жазба əдебиет үлгілерін көп оқыса да, күнделікті 
қолданыста оқыған, естіген образды тіркестерді немесе фразеоло-
гизмдерді өте аз пайдаланады. Əке-шеше, отбасы, араласатын ортада 
қазақтың төл сөздері болып кеткен мақал-мəтелдер, фразеологизмдер аз 
қолданылатындықтан, бірте-бірте ұмытыла бастайтыны заңдылық. 
Ал жастар тілінің сөйлеу мəнері күн өткен сайын шұбарланып, 
түсініксіз сөйлемдер басты. Бұл сөйлемдер ішінде бейнелілігі ешбір 
ақылға сыймайтын «фразеологизмдер» жетерлік. Мысалы, жастар тілінің 
шұбарланғанын бөтен тілдегі сөздерді қосып, варваризмдермен сөйлеуі 
ғана емес, қазақтың сөйлеуіне тəн тұтас тіркестер де сөйлеу тілінде əбден 
бұзылып барады.
Кейбір тұрақты тіркестер, мəселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет