Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет90/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Көзі шырадай жану
əлде бір аурудан айыққанда, 
қуанғанда айтылады. Осындағы шырақ – чераг кəдімгі, шырақ, шам де-
ген мағына.
Кежегесі кейін тарту
 – 
қазақ тілінде жалқаулану; Тек осы тіркесте 
ғана бар. Бұл мағынаның өзі кез келген түркі тілдерінде кездесе бармей-
ді. Мəселен, қырғыз тілінде кежегесі жоқ тіл алмайтын, тілазар деген 
мағынада ұшырасады. Тува тілінде өріген шаш, ұйғыр тілінде желке. 
Осы мағыналарға жуық желке, желкедегі шаш сияқты мағына ауыспалы 
мəнде осы фразеологизмнің жасалуына түрткі болған сыңайлы. 
Дес бермеу
 – 
бой бермеу, көнбеу; бұл да парсы тілінен енген 
даст
қол 
деген мағынаны білідереді. Мұның өзі көп мағыналы сөз.1күш, күштілік. 


129
2.білім, тəжірибе; артықшылық. Сонда күш бермеу деген ауыспалы 
мағынада тұр.
Ши шығару
 – 
ренжу, араға іріткі салу. Бұл тіркестергі ши сөзінің 
өсімдік атауына ешбір қатысы жоқ. Көне түркі тілінде 
ши
сөзінің 
мағынасы ұрыс, талас, жанжал деген мағынады.
Зар илеу, еңіреу
 –
парсы тілінде 
зар
сөзі жылау деген мағынада. Сонда 
қазақ тілінде бұл фразеологизм плеонастық құбылыспен жылау + жылау 
деген мағынада. 
Тауаны қайту 
– 
тауы шағылу, сағы сыну, беті қайту, үміті үзілу деген 
мағыналас қатарлары бар. 
Тəван
парсыша күш қуат деген мағынада. 
ü
 Кірме сөзбен байланысты бір құбылыс – калька
. Француз тілінен 
шыққан бұл сөздің қазақша дəл мағынасы – көшірме, еліктеу деген сөз. 
Калька дегеніміз – бөтен жұрт сөзінің моделін морфемалап, басқа бір 
тілдің үлгісіне салынып жасалған сөздер мен тіркестер… Əдетте, каль-
каларды лексикалық (сөз жасаушы), семантикалық, фразеологиялық, 
синтаксистік деп төртке бөледі. (Қараңыз: Ə.Хасенов. Тіл білімі. Алма-
ты: «Санат», 1996.109) қазігі қазақ тілінде кальканың 6 түрі бар. Олар: 
сөзжасамдық, сөз тіркесі ретіндегі синтаксистік, сөйлем ретіндегі синтак-
систік, фразеологиялық, троптық, семантикалық, жартылай семантикалық 
деген калькалар. Автордың осы аттас еңбегінде фразеологиялық каль-
калар жан-жақты талданған. (Қараңыз: Фразеологиялық калькалар. Ал-
маты, 2005) 
Фразеологизмдерді кең мағынада түсінсек, онда тілдегі барлық тұрақты 
тіркес түрлері идиомдар, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіз-
бектер мен қоса, паремиологиялық қор, сондай-ақ терминдік тіркестер, 
бір сөзбен айтқанда тұрақтылық жəне тұтастық формаларын сақтайтын 
тіркестер тобы бар. Бұлардың ішінде калькаланған тұрақты тіркестер 
тобы да қазақ фразеологиясының қорына енеді.
Мысалы, қазақ тіліндегі
 ша
ра қолдану; принять меры 
орысшаға
 
арғы 
тілдік дерек бойынша француз тіліндегі 
frendre les mesures 
деген тіркес 
түрінде сөзбе сөз аудару, калька арқылы енсе,
 қырғи-қабақ соғыс – хо-
лодная война 
ағылшын тілінен 
cold war
деген тіркестен орыс тіліне сөзбе 
сөз аударылған. Ал қазақ тілінде семантикалық сөзжасам үлгісі бойын-
ша жасалған. Сол сияқты 
қайталау – оқу анасы; повторение – мать 
учения
латын тіліндегі 
repetіtіo est mater studіorum
деген тіркестерден 


130
аударылған
. Екі жүзді Янус, Авгиев атқорасы, Ахиллес өкшесі 
деген 
тұрақты тіркестер орыс тіліне грек мифологиясынан енген фразеоло-
гизмдер қазақ тілінде де қолданыста бар. 
ü


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет