101
Қасымның көңіліне жетімдік, әлсіздік қайғысы зіл қара
тастай ор нап қалды. Аз заман өткенде бұрынғы толық ажар-
лы бала аппақ болып қуарып жүдеп, ылғи қабағы түйіліп,
қайғы сызымен түксиіп алды. Жалғыздық, сорлылық кебін
барлық пішінімен білдіретін болып еді.
...Қасымның малы ұстала бас тады.
Көк сау лық тың мой ны-
нан құшақтап жабысқан жолында Иса мен Қа ди ша дан қабат
таяқ жеді. Жылаған сайын тамақ бермейтін болды. Олар дың
балалары бірінен-бірі ерке болып шығып, Қасым қағаберіс те
қалатын болды. Қасымға таласа-тармаса күн көру керек бол-
ды. Малы ұсталғалы басында қайғыртып жылатып, кішке не
сор лы жетімнің ішіне у
болып жиналып жүрсе де, әрі-беріден
соң ол қайғы бір бөлек қалды.
Енді Қасым тамақты да жөн-
деп іше алмайтын болды. Жыламаса, әке-шешесі бар бала-
лардан кезек тимейді. Оның үстіне олар дың ересегінен таяқ
та жей бастады. Қасымға бұдан соңғы бір қайғы – қозы ба ғу
шық ты. Аздан соң өз ге балалар «тілазар, кәпір, бармай ды»
деген атпен құтылып ке тетін болып, Иса мен Қадиша ның бе-
йіл ді қабағына ырза бола тын күйге келген Қасым тезек те ре-
тін болды. Малдан кешке келіп сүрініп-жығылғанда
бол ма са,
Қасымға бостан дық, ер кін шілік жоқ еді. Кейде Иса өз ба ла-
ларын: «Олардың малы жоқ, малдың иесі – Қасым», – деп қо-
йып, олардың еріншекті гіне өзі құрық беріп, Қасым ның бей-
шаралығын ашық арам дықпен қақпай қылып та қоя ды. Бұл
халдің барлығы сорлы жетім көңілінде күннен-күнге арыл-
мас тай у болып жи нал ды. Қасым енді барлық өзіне қар сы
арналған
арам дық, өгейлік мінезді қабақтан, жарты сөз ден
ұғатын болды. Күз күніндей жабырқап жүдеп, қабағы қатқан
қайғыда...
Үнемі аштық, күтімсіздік, ауыр жұмыс қосы лып, ойын
шатастыра берді. Әжесі өлген соң, көңілінде тірші лі гі не сүй-
сінгендей бір күн болған жоқ. Кішкентай Қасым ның тү сі де,
көңілі де қартайып, жүдеп барады.
Бұл уақытта Қади шаның
қолы үйреніп алған таяғы күн нен-күнге: «Жетім ит!», «Жа-
ман неме!» – деп көзге шұқып, жиі-жиі тие бастады.
Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында та ңер-
тең нен кешке шейін Иса мен Қадиша бұны үйіне жолатпай,
ауылдан қуып жүріп сабап еді. Ақырғы рет кеш алдында күні
бо йы жылаумен үздігіп әлі біткен Қасым жетімдіктің бар лық
сор лылығына бойсұнған пішінімен Исаның үйін жағалап
Достарыңызбен бөлісу: