1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Маманды кәсіби дайындау жҥйесіндегі саясаттану



Pdf көрінісі
бет10/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

Маманды кәсіби дайындау жҥйесіндегі саясаттану.
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi кӛптеген ғылыми мәселелерге 
тҥбегейлi жаңаша қарауға мҥмкiндiктер туды. Соның бiрi – саясаттану ғылымының кӛтеретiн 
мәселелерi тiкелей қоғамымыздың саяси қауiпсiздiгiн, саяси дамуын теориялық тҧрғыдан 
қамтамасыз етiп отырады. Жалпы мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк
мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы 
ҥшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың 
жасалынуы ӛркениеттi елдердiң ҥлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық 
жолдарға кӛшуiнiң кӛрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жҥйесін жетілдіре тҥсу ҥшін әрбір 
азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси 
мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмҧнын да қҧрайтын 
қҧбылыс. Демократиялық саяси мәдениет – бҧл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды 
ӛркениетті тҧрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды 
қалыптастырады.
Саясаттану пәнiнiң мақсаты – жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне 
кӛшiру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси кӛзқарастарының iргелi негiзiн қҧрайтын, 
қоғамдағы бiрлiктi, тҧрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дҥниетанымы мен саяси 
бағдарын қалыптастыру мен дамыту. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi ӛтпелi 
қоғам жағдайында еркiн бағдар ҧстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы 
саясаттың сыр сипатын, қилы қҧбылыстарды жете ҧғынуға, басқа адамның қҧқықтарын 
қадiрлеуге, ӛркениеттi тҥрде ӛзiнiң мақсат мҥддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану жас 
мамандарға саяси қажеттiлiктерiн мемлекет тарпынан iске асырудың жолдары мен әдiстерiн 
дҧрыс таңдауға, демократиялық тәртiптердi және қоғамдық институттарды қалыптастыруға 
кӛмектеседi. Саясаттану саяси тӛзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-
жанжалды дер кезiнде шешудi, ҧлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық 
парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық 



сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси 
жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жӛнiнде хабарлар етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет