1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель



Pdf көрінісі
бет13/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель. 
Ежелгi 
Грецияның саяси iлiмдер тарихында ӛте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуiр 
ойшылдары қоғамдық ӛмiрдi, оның саяси қҧрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға 
ауыстырды. Ежелгi грек ойшылдарының кӛрнектi ӛкiлiнiң бiрi – 
Платон
б.з.д. 427-347 
жылдары ӛмiр сҥрдi. Ол саяси ойларын «Саясат», «Мемлекет», «Заңдар» атты еңбектерiнде 
айтты. Мемлекет пен заңдарға деген мҧқтаждықты Платон адамдардың ӛздерiнiң 
қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындауға деген талпынуларымен 
тҥсiндiрдi.
1. Мемлекет - әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, тәртіпті қолдау, 
адамдарды сыртқы жаулардан қорғау ҥшін қажет деп санады.
2. «Мемлекет» атты еңбегенде «мемлекет бақытты болу ҥшін, ол толығымен 
бақытты болуы тиіс» - деп жазды.
Платон пiкiрi бойынша мемлекеттiк қҧрылыстың «дҧрыс» және «бҧрыс» формалары 
кездеседi («Мемлекет» деген еңбегінде мемлекеттік қҧрылыстың бірінші жобасын ҧсынды). 
Мемлекеттiң дҧрыс формасы – монархия, аристократия, ӛйткенi олардың қызметi қоғамды 
келiсiм мен байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бҧрыс формасы – тимократия 
(байлықты иеленуге талпынушылардың ҥстемдiгi), олигархия (азғана ғана бай жауыздардың, 
қылмысқа жақындардың ҥстемдiгi), демократия (кӛпшiлiк билiгi), тирания (бiр адам билiгi). 
Платон мемлекеттiң дҧрыс және бҧрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды. Оның 
пiкiр бойынша iзгiлiктi мемлекет мынадай белгiлерге ие болуы тиiс: 1) қорғау қҧралдарының 
болуы; 2) қоғам мҥшелерiн қажеттi материалдармен жҥйелi тҥрде жабдықтап тҧруы; 3) рухани 
және шығармашылық қызметтiң жоғары деңгейде дамуына жағдайды жасау. Ол мемлекеттегi 
касталық қҧрылысты дәрiптейдi. Қоғамдағы адамдарды – философ-билеушiлер, сақшылар, 
тiкелей ӛндiрушiлер деп бӛледi. Әрбiр сословие ӛзiнiң қабiлетi келетiн iспен айналысуы керек 
деп санаған. Бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне ӛтуді жоққа шығарады. Платон саяси iлiмiнде 
тоталитарлы бағыт анық сезiледi. 
Аристотель
(б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», 
«Риторика» деген еңбектерiнде жинақталған.
Адам туғанынан саяси жәндік, қоғамдық тіршілік иесі, ал мемлекет қоғамдық ӛмірдің 
жоғары формасы. Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтарға ӛнегелі тәрбие беру және бақытты 
ӛмірін қамтамасыз ету. 
Ол саясатқа кең мағына бере отырып, мемлекет - табиғи дамудың ӛнiмi және пайда болуы 
жағынан отбасы мен қауымдастыққа ҧқсас деп санаған. Бiрақ, мемлекет қарым-қатынастың 
жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету ҥшiн бiрiгедi. Ол да 
мемлекеттi «дҧрыс» және «бҧрыс» формаларға бӛлдi. Дҧрыс тҥрiне монархияны, аристократия 
мен политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бҧрыс тҥрi деп 
санады. Мемлекеттiң дҧрыс тҥрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет 
етедi. Ал, бҧрыс тҥрiнде олар ӛздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын кӛрiнедi. Мемлекеттің ең 
дҧрыс формасы полития деп санады. Полития жалпының мҥддесі ҥшін кӛпшілік билік қҧруы. 
Ҧлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дҧрыс кӛрдi. Себебi, әкiм қаншалықты 
жақсы болғанымен сезiмге, ашу-ызаға берiлмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, 



парасаттылығын жоймайды. Сонымен, ежелгi грек ойшылдары мемлекеттiк қҧрылыстың 
әртҥрлi формаларын, мемлекет iсiне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ. Сонымен 
бiрге, олардың идеялары саяси iлiмнiң әрi қарай дамуына жағдай жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет