2 Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси
ҥлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi ӛзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал,
оларды анықтау ҥшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жҥргiзу керек,
содан соң ғана салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады.
Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi
дамыған, не дамымаған ел деп екiге бӛлу арқылы
олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бҧл жiктеудiң
ӛлшемi кӛбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ,
Германия, Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, кӛптеген елдердi оған
жатқызбайды.
Саяси мәдениеттiң саясаттануда ҥлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы және
либералды-демократиялық.
Тоталитарлы қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша
тҧтастанып, қоғам мҥшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi
тоталитарлы қоғамдар кӛсем (лидер) басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады.
Тоталитарлық
ҥрдiстер
экономикалық
қатынастардағы
шаруашылық
субъектiлер
«этатизациялануын» сипаттайды. Бҧл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бҧл
мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.
Авторитарлық (ӛктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде ӛзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен
тираниядан сапалы тҥрде айырмашылықтарға ие болған. Ӛйткенi ежелгi заманда билiктi
аздаған адамдар кӛп емес кiсiлердiң мҥддесiне орай жҥргiзсе, қазiргi авторитарлық кӛпшiлiктiң
атынан топ кҥйiнде билiктi жҥргiзедi. Сӛйтiп, деспоттық принциптерiне сҥйенген қоғам бiрте-
бiрте ендi халықты алдап-сҧлдап (манипуляция) билiк жҥргiзуге ауысқан. Жаңарудың ең оңай
тҥрi «халық мҥддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер жасау екенiн авторитарлы типiндегi
мемлекеттердiң басқару органдары жақсы тҥсiнiп алған. Бҧл әлеуметтiк-саяси ӛзгерiстердiң
тҥптамыры XX ғасырдағы әлеуметтiк революция-лармен астасып жатады.