56
топтар мен ҧйымдардың белсенділігі. Индивидтерді саяси ӛмірге ендіру саяси әлеуметтендіру,
толықтыру (рекрутиование) және етенелестіру (идентификация) арқылы іске асырылады, онда
саясатқа тартудың әр тҥрлі деңгейлері бейнеленеді: 1) алғашқысы қҧндылықтар мен
қалыптарды игеру; 2) ӛмір сҥруші билік жҥйесін тануы (танымауы) және қолдауы; 3) саяси алаң
ішінде белгілі бір бағытты ҧстануы.
Саяси ғылымдар жҥйесінде зерттеудің әртҥрлі ғылыми тҧрғылары кездеседі және
қолданылады. Дегенменде саяси зерттеулердің мҥмкіндігін толық
мағынадағы демократиялық
қоғам ғана аша алады. Ал, басқа типте қалған жағдайларда «таптық тҧрғы», «этноорталықтық
ӛлшем» сияқты шектеулердің шеңберінен ізденуші шыға алмау қаупі бар. Зерттеушілер
арасында саяси-психологиялық бағытты ҧстанғандар қоғамның саяси ӛмірін макротоптар, яғни
бҧқаралық сана деңгейінде қарастыруды мақсат етіп қойған.
Олар адамдардың әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерін психосемантикалық әдістеме арқылы талдау жасап, саяси мінез-
қҧлық мотивтері мен моделдерін анықтауға тырысады. Ал енді, саяси мінез қҧлықты зерттеудің
тағы бір ҧтымды қыры– негізінен әлеуметтік-мәдени ӛлшемдерге сҥйенген зерттеу тәсілі.
Г.Алмондтың еңбектерінде саяси зерттеудің екі деңгейі жайлы айтылады. Біріншісі –
институционалдық, екіншісі – бағдарлық. Американдық зерттеушілер саяси қҧбылысты
анықтаудың қҧралы ретінде бағдарларды басшылыққа алады. Олардың ҥш тҥрі бар –
танымдық, эмоциялық және бағалау бағдары. Олар бір-бірін толықтыра келе саяси жҥйе туралы
толық мағлҧмат беретінін тҧжырымдайды. Мәселен, танымдық бағдар саяси жҥйе мен билік
туралы, оны атқарушы туралы деректер мен білімдер берсе; эмоциялық бағдар сол саяси жҥйе
мен
билікке сезімдердің сипатын, кӛріністерін байқатады; бағалау бағдары саяси мінез-қҧлық
ҥлгілерді қалыптастыратын пікірлер мен тҧжырымдардан тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: