Тақырыбы: “Ұлттың мәдени қодын сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің рөлі”



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136323
  1   2   3   4
Байланысты:
Ұлттық мәдени кодтты сақтау



Тақырыбы: “Ұлттың мәдени қодын 
сақтаудағы қазақ тілі мен қазақ 
мәдениетінің рөлі”
Дайындаған: КТТ 19-2 группасы
Тексерген: филос.ғ.к., аға оқытушы 
Бияздыкова Кенжегул Алимбеккызы


Т
ө
л м
ә
дениетін 
қ
ор
ғ
амайтын 
ұ
лт − 
ерте
ң
ін ойламайтын 
ұ
лт
Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі -
ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой 
тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің 
шарты болатын білім қорымен қаруландыру, 
негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық 
біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру 
міндеттері шешілді. Көп мәдениетті тұлғаға, 
ең алдымен, төл мәдениетін игеру шарт. Ол 
ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Адамзаттық 
құндылықтарға, әлемдік мәдениетке 
құштарланғанда табан тірер тұғыр − төл 
мәдениеттің, өзгелердің өркениетіне тәнті 
болғанда − мақтаныш ететінің де ұлттық рухани 
қазынаң. Ұлт мәдениетсіз өмір сүре алмайды. 
Мәдениет те ұлтсыз болмайды. Жойылып кеткісі 
келмеген қай ұлт болмасын ең алдымен 
мәдениетін сақтап, дамытып, туындатып отыруы 
керек. 


Мәдениеттің де басты қызметі − 
этносты қорғау, сақтап қалу. 
Себебі мәдениет − этностың қуат өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып 
келгенде, этносты қанша көп болса да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет 
арқылы халық өзінің тарихи тағдырынан тамырын үзбейді. Ұлттық мәдениет − этностық 
құндылықтар, рәміздер мен наным- сенімдердің, мінез- құлық үлгілерінің құр әшейін жиынтығы 
емес, сол ұлттың рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті. Мәдениетті болу үшін 
тілдік сана қажет. Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар 
құбылысын, бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді. Тілдік сана негізінен әдебиет 
арқылы қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін, сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы 
ерекше болмақ. Әлемдік әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол қазынамен 
таныс болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары классикалық 
әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын қазақ тілінде меңгеруімізге 
қажетті жағдайлар жеткілікті демегенмен, жасалып келеді. Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы 
бойынша әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың жүзге жуық озық үлгілері қазақ тілінде 
жарыққа шықты. Егер әлем әдебиетімен таныс болу парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды 
тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш 
сезімін асқақтататынын ұмытпауымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет