2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Шәует шылбыры және оның бөліктері



Pdf көрінісі
бет158/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

143.Шәует шылбыры және оның бөліктері. 
94,77%
 
Шәует шылбыры Funiculus spermaticus
Ол аталық безден ұмыға түсу кезінде пайда болады. Жалпы ұзындығы 15-20 см
шамасында. Ал пішіні болса дөңгелек жіп тәрізді. Ол шап өзегінің терең сақинасынан 
яғни annulus inguinalis profunda –дан аталық бездің жоғарғы шетіне дейінгі аралықта 
орналасады. Шәует шылбыры алғашында іш қуысында дамитын атабездер, ұмаға 
түскеннен кейін ғана descensus testis дамиды. 
Шәует шылбырын ұмалық бөлікке (pars scrotalis) және шап бөлікке (pars inguinalis) 
бөлеміз.
Сонымен қатар шәует шылбырының екі қабығы болады. Оларға ішкі шәует шандыры 
fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa. 
Жалпы шәует шылбырының құрамдас бөліктеріне:
1. 
шәует шығаратын түтік ductus deferens; 
Ол аталық без қосалқысының тікелей жалғасы болып табылады. Оның ұзындығы 
шамамен 50 см. Шәует шығаратын түтіктің қабырғасы қалыңдау болғандықтан, шәует 


шалбырының құрамында болғанда оның қабырғалары жабыспай, жақсы анықталып 
тұрады. 
2. аталық бездің артериясы ( a.testicularis);шәует шығаратын
3. түтіктің артериясы ( a. ductus deferentis); 
4. сабақ немесе сабау тәрізді веналық өрім ( plexus pampiniformis) ол веналық қан аталық 
безінің венасы ( v.testicularis) бойымен v v.renalis–ке жалғасады
5. аталық бездің және шәует шығаратын түтіктің нерв өрімдері ( plexus nervorum 
deferentalis et testicularis); 
6. лимфа тамырлары ( vasa lymphatica); 
7. appendix testis-тың қосымшасы ( paradidymis) (шәует шылбырының ең төменгі бөлігінде 
орналасқан); 
8. ішастардың қынаптық өсіндінің қалдықтары ( vestigium processus vaginalis peritonei); 
9. дәнекер тін және шелмай. 
10. бірыңғай салалы бұлшықет тіні; 
Қорыта айтқанда шәует шылбыры –ductus deferens-тің құрамы бойымен өтетін, сыртынан 
қабықтармен қоршалатын және аталық без қосалқысы тамырлары мен нервтерінен 
құралатын анатомиялық құрымды кешен болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет