14
4.
«Пәниден бақиға дейін» дегенді қалай түсінесіз?
5.
Салт, дәстүр, наным, әдет, ғұрыпты түсәндәрәп беріңіз.
Әдебиет:
1.
Х.Абжанов. Қазақстан: тарих. тіл. ұлт.-Алматы, 2007.-272 б.
2.
Е.Мұқадес. Әйтеке би.-Алматы, 2007.-560 б.М
3.
Ж.Артықбаев. Этнология и этнография.-Астана, 2001.-304 с.
4.
Тал бесіктен жер бесікке дейін. Құрастырған К.Ісләмжанұлы.-Алматы, 1995.-272 б.
5.
К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы.-Алматы, 1999.- 328 б.
6.
А.Еспенбетов. Абайтану әлемінен.-Семей, 2017.-150 б.
7.
Ата-бабалардың даналық сөздері.Құрастырған: Қ.Еламанов.-Ақтөбе,2001.-120 б.
Дәріс №7-8.
Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті 2-сағат
Жоспары:
1.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері мен әшекей заттары
2.
Ұлттық тағамдар және оның ерекшеліктері
3.
Қазақ халқының қолданбалы мәдениеті
4.
Киелі жерлер ескерткіштері
Дәріс тезисі:
Адам
тарихынан белгілі, ұлттық киімдер халықтардың мәдениетіжәне
руханиятының айнасы. Әрбір ұлт киімдерінің қалыптасуында солұлттың географиялық
орналасуы, әлеуметтік тұрмыс салты жеке орынғаие. Қоғамның дамуы, жаһандану процесінде де
киімдердің жетіліп баруынаөз әсерін көрсетіп келеді.
Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер
болады.
Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін
болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне
қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы»
деген
ұғым қалыптасқан.
Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың,
бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді.
Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр.
Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі.
Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер.
Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты.
Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен
жасалады.
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой,
бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы етінен ішекке
салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды. Жылқының жалындағы майынан
жал деген сыйлы тағам жасалады.Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып іліп қояды да, қой етін
көбіне сүрлейтін.
Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында өзіндік рәсім бар. Мысалы, ең сыйлы қонаққа бас
және жамбас тартады. Мәні жағынан одан кейін мына мүшелер жүреді: асықты жілік, ортан жілік,
жауырын,
кәрі
жілік
және
тоқпан
жілік.Сүт
тағамдары
да
өте
бай.
Сүт
тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт жатады.
Олар әсіресе көктем, жаз кезінде көп пайдаланылады.
Қазақтың дәстүрлі тағамдарының ішінде дәннен жасалған тағамдар да бар. Қазақтар бидай,
қара бидай, тарыны тамаққа көбірек пайдаланған. Қазанға қарма, қатырма нан пісірген. Кей
өңірлерде оларды төңкерме, қазан жаппа нан деп атайды. Бидайды қуырып та жеген.
Қазақ тарыдан тары көже, быламық, майсөк жасаған. Тарыны, бидайды келіге түйіп талқан
да жасаған. Тары, талқан, май, қант, балды қосып — қоспа немесе жент деген тәтті тағам жасаған.
Қазақтың
ыдыс-аяғы, негізінен, теріден, ағаштан және сүйектен жасалатын. Теріден
жасалатын ыдыстарға мал сауатын көнек, қымыз, шұбат жинайтын саба жатады. Көнек шәугімдей
ғана және көбіне шүмекті болады, ал саба жылқының терісінен тігілген, мөлшермен 70—150 л
сұйықтық сыятын түбі кең, мойыны ұзын ыдыс. Қымыз, басқа да сусын алып жүруге арналған
15
ыдыс торсық, жан торсық деп аталады. Оңтүстік өңірлерде сүт,
сұйық заттарды сақтау
үшін асқабақтан кептіріліп жасалған қауақ дейтін ыдысты да пайдаланған.
Кең өңірлерде мал сауғанға ағаш кеснек те қолданылады. Қымыз, шұбат көбінесе ағаш
тегенелер мен ағаш ожауларға құйылады. Ожаулар кейде екі басты болып, тегенлердің жиегіне
күміс, сүйек жиек жүргізетін болған.
Біздің
жерімізде
мекендеген андронов
тайпаларының қыш
құмыраларындағы ою-
өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың
тастан салған үйлері,
шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай
құрылыстарында көрініс тапқан.
Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі
мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және
көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ
халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде
екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет.
Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ,
рухани
мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың
дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі - киіз үй.
Ұлан-ғайыр жерге ғана емес, тарихи рухани мол мұраға да ие екенімізді танытуымыз керек.
Жалпы барлық елдерде мұндай қасиетті, киелі жерлер баршылық.
Ол жерлерді мемлекет тарапынан қорғалып, даңқын асырып дәріптеліп отырғандықтан, өз
елдері түгілі әлем елдерінен туристер ағылып іздеп барады. Мәселен, ағылшындар Кентерберий
ғибадатханасын мақтан етсе, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын ұлықтайды. Сол
секілді қазақ елінде де халықтың қызығушылығын тудыратын қасиетті жерлер жетеді.
Тек оларды дәріптеп, халқымызға кеңінен таныстырып, өзге елдердің де қызығушылығын
тудыра білуіміз керек. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жергілікті
атқарушы органдарға тапсырылған міндеттер өз деңгейінде орындалса,
өткен тарихымызға да
қиянат жасамаған болар едік. Өйткені, күтім көрмей елімізде талай тарихи ескерткіштер тозып
бара жатқаны тарихшыларды алаңдатып отырғаны жасырын емес. Жоба аясында осы олқылықтың
да орны толатынына сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: