Сабақты зерттеу тәсілі.
Сабақты зерттеу тәсілі жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға, сонымен
қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық
әлеуетін дамытуға, ақыр соңында –
оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға арналған. Сабақты
зерттеудің кең тараған
түрі төрт кезеңнен тұрады:
1-кезең:
Жеке
немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің
немесе тәжірибелі
мұғалімдердің кеңес беруі арқылы сабақтың мақсатын қою және оны дайындау.
2-кезең
: Сабақты зерттеу жүргізу және Сабақты зерттеуге қатысушылардың оны
бақылауы.
3-кезең:
Сабақты зерттеуге қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де,
оқыту үдерісін бақылаған
адамдардың да табысты тұстарды,
сондай-ақ
жетілдірілуге тиісті жерлерді талқылауы.
4-кезең
: Талқылауды жалғастыру және Сабақты
зерттеуді жақсарту жөніндегі
дамыту жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.